Еркіндігі елімнің -Тәуелсіздік балабақшадағы ашық сабақтар
Еркіндігі елімнің -Тәуелсіздік
Қатысушылар:
Балалар
Жүргізуші
Алтын адам
Қыран
Барыс
Пырақ
Тәрбиешілер, қонақтар
(Балалар музыка әуенімен әсем безендірілген залға кіреді. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Отан, тәуелсіздік туралы белгілі ақындардың өлеңдері оқылады, әндер шырқалады)
Жүргізуші:
Балалар, бір сәт тарих қойнауына үңіліп, біздің қастерлі белгілеріміз не дейді екен, тыңдап көрейікші.
Алтын адам:
Жас ұрпақ, сенің сақ бабаң
Алтынға мені ораған.
Өйткені, оның ең қымбат,
Тәуелсіздігін қорғағам!
Барыс:
Таулардың мекндеген қарлы шыңын,
Киелі Азияның барысымын.
ОТы бар кеудесінде ұл-қыздарды,
Жеңіске жетелейтін намысымын!
Пырақ:
Мен пырақпын, қанаты бар тұлпармын,
Көз талдырар биіктікке құштармын!
Ұста мықтап қанатымнан, мен сені,
Мекеніне жеткіземін құстардың.
Қыран:
Өр кеуде, алтын қыранмын
Биіктік мәңгі тұрағым.
Қиянды шарлап, самғаймын,
Еркіндік менің ұраным!
Жүргізуші:
Еліміз үшін қасиетті болып саналатын осы бейнелер белгіленген Мемлекеттік рәміздеріміз туралы не білеміз?
Айназ:
Туға зер сал анықтап:
Аспан түстес көгілдір.
Қыран еркін шарықтап,
Күн шуағын төгіп тұр.
Дидар:
Мынау біздің ел таңба,
Бөліктерін кел, жатта:
Ортада күн-шаңырақ,
Қорғайды оны қос пырақ.
Көрінеді биіктен,
Жұлдызымыз жарқырап.
Жүргізуші:
Елтаңбамыз бен туымыздың ортасынан күн бейнесінде орын алған шаңырақты халқымыз ерекше қастерлеген.
Ғайникамал :
Киіз үйдің құрылысына қарасам,
Таңғаламын, түсіндірем қаласаң.
Босағасы тастай берік есіктің,
Маңдайшасы боп келеді аласа.
Әсия:
Ірі болған бабаларым шетінен,
Аласа есік жасады екен несіне?
Көп ойланып, көп толғанып,ақыры
Бір даналық түсті ме екен есіне?
Жантілек:
Әдейілеп жасадыма білсін деп,
Шалқайғанның шекесіне тисін деп.
Мейлі дана, мейлі патша болсада,
Шаңыраққа басын иіп кірсін деп.
Жүргізуші:
Біздің дана бабаларымыз өзі жатты сыйлай білген, өзін де жатқа силата білген.
Аяжан:
Үй болғанда бата берер ата кеп,
«Шаңырағың биік болсын, балам» деп
Кішкентайдан тақылдайды кенже ұл,
«Шаңыраққа ие болып қалам»- деп
Жүргізуші:
Сонау қиын заманда,
Жау ниеті жаманда.
Ақтабан боп шұбырып,
Алқакөлге барғанда.
Жау шауып, ел аңырап,
Дала қапты қаңырап.
Бәрін қайта жинапты,
Аман қалған шаңырақ!
«Шаңырақ» композициясы:
(Күй әуенімен үлкен адам шетіне әр түстегі көптеген лента байланған шаңырақты бақанмен ортаға көтеріп алып шығады. Балалар келіп әрқайсысы әр лентадан ұстап керіп, киіз үйдің құрылысын келтіреді. Б.Тілеуханның «Елім менің» әні орындалады, бәрі біпге қосылып айтады)
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!