ЕРІКТІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




ЕРІКТІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

Автор: Оспанова Айгуль Самуратовна

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-17


Материал туралы қысқаша түсінік

Болашақ жастардың еліміздің туын биікке көтеріп, жерін гүлдендіріп,тілін ұмытпауы болшақ ұрпақтың қолында




ЕРІКТІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

Жастар ел болашағы. Сондықтан да олардың жақсы бастамаларын қолдап, әрдайым демеу көрсетіп тұру керек. Бүгінгі таңда оқу оқимын, еңбек етемін деген ұл-қыздар үшін мемлекетіміз қолдан келген барлық жағдайды жасап отыр. Кемел келешекке қарымды қадам басқан жастарымыз да қарап отырған жоқ. Олар да өз алдына мүмкіндікті мүлт жібермей, заман талабына сай болуға талпынуда.
Ғаламторда “Елбасының жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі” деген айдар бар. Оның ішінде жазылған түйінді ойлардың бірінде “Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын” делінген. (Елбасының Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінен. 2012 жыл, 6 қыркүйек).
Түсіне білген адам үшін осы сөздердің мән-мағынасы тереңде жатыр. Өйткені, терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі. Жастар жаңа заманда өмір сүріп үйрену үшін өткен тарихымызды естен шығармай, ұлттық құндылықтарымызды бағалай білулері керек. Азаттық сыйлаған ата-баба ерлігі бүгінгі жастарға үлгі және өнеге болып табылады.
Саламаты өмір салтын ұстанатын жастар спорт саласында талай биіктерді бағындырып, көк туымызды көгімізде желбіретуде. Өнердің қыр-сырын меңгеріп, асуларды алып жүрген олардың қатары да жыл санап көбейіп келеді.
Жасампаздыққа ұмтылған жастарымыз білектің күшіне емес, білімге сенеді. Өйткені білім өзгермейтін темірқазық. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан орын алып, әлемдегі ең үздік отыздықтың тізімінен көріну қазіргі біздің мемлекеттің басты стратегиялық мақсатының бірі. Олай болса, ғылым мен білімге құштар жастарымыздың осы бағытта қосатын үлесі сүбелі екені айдан анық. Себебі, бүгінгі жастар терең білімді адал еңбекпен ұштастыра алатын бәсекеге қабілетті ұрпақ.
Қазіргі таңда жастарға мемлекет жағынан көрсетіліп отырған қолдау барлық салада көрініс беруде. Жүйеге енгізілген мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ұмтылған жастар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл жігерлі жастарды қоғамдық өмірге араластырып, белсенділігін арттыру үшін істеліп отырған игі шаралар.
Бүгінде “Дипломмен – ауылға”, “Жасыл ел”,”Жастар тәжірибесі”, Жастар Отанға!” мемлекеттік бағдарламалары арқылы жұмыс істеп жүргендер саны жыл сайын артып келеді. Осының барлығы жастарды қолдауға арналған жобалардың жүзеге асып жатқандығының нәтижесі. Әрине, жастардың білімге деген бүгінгі белсенділігі жақсы, бірақ жетістіктерге ұмтылуды жалғастыру керек.

Айгүл ОСПАНОВА,
Петропавл темір жол көлігі
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.