Ерік әрекетінің кезеңдері | Скачать Курстық жұмыс
Кіріспе
І Бөлім
1. Еріктің физиологиялық негіздері
2. Ерік туралы теориялар
3. Ерікті зерттеу әдістері
4. Ерік құрылымы
5. Еріктің амалдық кезеңдер
ІІ Бөлім
2.1. Адамның ерік – жігер сапалары
2.2. Ерікті әрекеттің негізгі ерекшеліктері
2.3.Ерік әрекетінің кезеңдері
Қорытынды.
Ерік туралы түсінік
Адамды әрекеттке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір
түрткі болатындығы, мұны психологиялық мотив деп атайды. Кез – келген
түрткі сан — қилы қажеттермен тікелкелей , не жанама түрде байланысып
жатады. адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі — оның түрлі
қажеттері.Адам өз қажетеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды.
Ол мақсатты орындау үшін түрлі әдіс амал қарастырады.Өйткені, адам сыртқы
дүниенің затары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің
қатынасын білдіріп қана қомайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай
өзгерткісі келеді.Бұл үшін ол қозғалысқа,іс — әрекетке түсіп отырады.Адамда
қимыл – қозғалыстыр көп.Оны екі топқа бөлуге болады.Оның бірін еріксіз
қозғалыстар, өозғалмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашщалу,
түшкіру.Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал
жасауға болмайды.Бұл үшін мақсатқа бағытталған қозғалыс жасау
қажет.Ойланып жасалатын, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі
кедергілерді жеңе білуден көрінетін қозғалыстарды психологияда ерік
амалдары немесе ерік деп атайды.Ерік – адамның өз мінез – құлқын меңгере
алуы. Ерік — орыс тіліндегі воля сөзінің аудармасы.Төл сөзімізде ерік
– жігер деген сөзбен аттас.Адамның осындай психикалық әрекеті алдына
қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі – сыртқы кедергілнрді
жеңе білуіне жақсы байқалады.Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт
нәрселерге кедергі жасаса, бұларды да жеңіп отырымыз өажет. Ерік
қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан.Тек еңбек ету арқылы
ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі
қажеттерін өтей алады. Адамның ерікті қимылдарын оның өмір сүріп
отырған ортасының, яғни сыртқы дүние затары мен құбылыстарының әсер
етуіне байланысты көрінеді.Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі
жағдайда бір қилы әрекеттері жасайтыны мәлім.Біз философия мен
психология ғылымдарының өкілдері осындай жеке пікірлерге: адам не
істеймін десе де ерікті, өз қылығына өзі қожа. дейді.Барлық тіршілік
ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір
материалдық жағдайлармен байланысы жоқ, өзінше пайда болған күш, мұның
ішінде ерік де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниге, жағдайларға
байланысты болатындығына жете мән бермейді.Сөйтіп, ерік қимылдарын
өзінен — өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына
байланысты дамып отыратын, ми қызметі продуктысының бірі болып
есептелетін психикалық прцесс деп түсінеміз.Орыс ғалымы И.М. Сеченов пен
И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда
болатындығы эксперименттік зерттеулермен дәлелденген.И.М.Сеченов
Кәдімгі ырықты деп аталатын барлықсаналы қозғалыстарымызды бейнелеу
мағынасында ұғыну керек … . Еріктің физиологиялық механизмі де ми
қабығының рефлекстік табиғатына жатады.Ерік процесінде жоғарыда
айтылып өткен ірікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс
— мақсатқа бағытталған қозғалыстар, күрделі шарты рефлекстер.Еріксіз
қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре пайда
болады.Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И.М.Сеченовтен кейін
зерттеген И.П.Павлов болды.И.П.Павлов және оның шәкірттері басқа
анализатор тәрізді қозғалыс анализаторы да, ерікті қозғалыстар да
тлүрлі тітіркендіргіштермен уақытша жүке байланысына түсуге қабілетті
екенін көрсетеді.Адамның ерікті қозғалыстары ми қабатда бұрын пайда
болған.Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып
табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы
сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да
пайда болады. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді,
алдына қойған мақсатына сәйкес қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс
анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына
орналасқан.Осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клекалары бар.Бұл
жүйке клеткалары арқылы қаңқаның бұлшықеттерімен байланысып
жатады.Қозғалыс анализаторын құрайтын жүке талшықтарын пирамида жол деп
атайды.Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл –
қозғалысының берекесі кетеді. И.П.Павлов … … еріктік қозғалыстың
механизімі жоғары жүйке қызметінің барлық заңына бағынатын шартты
ассоциятивтік прцесс — деп ерікті мидың уақытша байланыстар
принципінің зағына орайлас түсіндірді. Ерікті қозғалыстарды орындау —
еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркі дамуы осындай
қозғалыстар жасауға үйрене бавстаудан, өзінің денесінен басқара
алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа
ғана сәйкес қозғалыс жасау – бірінші және екінші сигнал жүйелерінің
өзара әркеттестігінің нәтижесі.Еріктің мағынасы кең.Мұның бірінші жалпы
мағынасы адамның психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа
бағытталуын білдіреді. Ал дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе
сыртқы кедергілерді жеңе білуге байланысты көрініп отырады. Ерік амалы
байқалғанымен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы ерік көбінесе адам
елемейтін дәреже де білінеді.Сондықтанда шын мағынасындағы ерік амалдары
бірнеше күрделі қозғалыстардың болмайды.Адамның дәл мағынасындағы
ерікті амалды біріншіден, әрбір адамның өзін — өзі билей алуында, мінез –
құлқын меңгере алуынан көрінсе, екінші оның түрлі ішкі және сыртқы
кедергілері жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, алдына қойған
мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан көрінеді.Әрбір адам сан алуан
қарапайым және күрделі әрекеттер жасап жатады, олардың барлығы да
саналы болып, белгілі бір мақсаттым көздейді.Мұндай әрекеттерді ерікті
немесе әдейі істейтін әрекеттер деп атайды. Ақыл – ойдан туатын және
алдында тұрған мақсатты бар ерікті істелетін барлық әрекетері деп
атауға болады.Шын мәнінде алдына қойған мақсатқа жету үшін немесе
сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі
психологиялық процесс ерік деп аталады. Адамның жеңіп өтетін сыртқы
кедергілері деп сол істің өзінің объективтік қиындықтарын, оның
күрделігін, әр ұилы бөгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс
жағдайындағы қиыншылықтарды есептейді. Ішкі кедергілер – бұлар адам
өзіне жұмыс істеу қиынға соғатын, жалқаулық, алдында тұрған міндетке
ешқандай қатысы жоқ болсада бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін,
белгіленген мәселерді орындауға кедергі жасайтынсубъективтік, жеке
ниеттен туатын кедергілер.Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат
әдеттер жатады.Адамның олардан ерік күшінің арқасында құтылады.Адам
өмірінде еріктің маңызы зор.Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе
үлкен кедергілерді жеңудегі маіызы зор.Еркі күшті адам тек парасатиен,
еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай – ақ шын мәнінде
қаһармагдық іс жасауға қабілеті болады.Ерік қуатты барлық психикалық
процестердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қоймай, сондай – ақ
ішкі органдардың жұмысын жақсартуы, естіңаууы, тіпті өлімнің келуін де
тоқтатуы мүмкін.
1. Еріктің физиологиялық негіздері
И.М,Сеченов айтқандай, қандай іс — әрекет болса да оның
болуының алғашқы себебі әрдайым сыртқы сезім беретін қозудан
болады. Іс — әрекеттің детерменизмі осы болып табылады.Сеченов
алғашқы себеп туралы, әрі көптеген іс — әрекеттер сезім беретін
қоздырңышсыз – ақ немесе тіпті, оған қарсы, өмір тәжірибесіне сүйеніп
туа береді.Айталық, сырт тітіркендіргіш мысалы телевизор адамды
қызықты хабарды көруге шақырады.Адам ойында тұрған бір істі
орындауға немесе сол жұмыс орындалмаса, одан туатын жағымсыз
жағдайларды еске алып, жұмыс істеуге отырады.Ерік әрекетінің
физиологиялық негізгі, өткен тәжірибенің нәтижесінде ми қыртысында
бұрын құралған, нервтер байланысының екінші сигнал системасы
болады.Ерік іс — әрекет жасау қарсаңында осы системалар қозғалысқа
келеді, шамалы күш жұмсауға мүмкіндік береді.Палов тек қана
еститін және көретін нәрсе емес, сондай – ақ өзіңмен — өзің
отырғанда, ойда айтылатын нәрсе – деп текке айтпаған.Барлық
жағдайларда бұлар еркін жауап, әрекет үшін нақтылы қоздырғыш
болып саналады.Сөйтіп қозудың тұрақты нақтылы қоздырғыш болып
саналады.Бір адамның жеткілікті ерік күші болатындығын, керекті
нәрсені жасауға өзін көндіре алатындығын, ал екінші адамның мұны
жасй алмайтындығын, еркінің бостығымен көзге түсетіндігін айтуға
болады.Ми клеталары бір жағынан ден бұлшық еттеріне импультерді
жіберуінің, ал екінші жағынан қозғалыс органдарынан істелген іс
жайында кері сигнал алуының арқасында адам өзінің қимылдарын
мен әрекеттерін басқару күйінде болады және өзінің қимылдары мен
әрекеттерін басқарады.Үлкен ми сыңарлары қыртысындағы тежеу
процестері керексіз еріктен тыс қозғалыстарды кідіртеді.Бұл
процестер шамадан тыс қозуды басады. және ұстамдылықтың өзін — өзі
билеудің, байсалдықпен қимыл дәйектілігінің пайда болуына мүмкінідк
жасайды. Ми қыртысы төменгі бөлімінің жұмысын реттеп отыратын
үлкен ми сыңарлары қыртысының қабілетіне еріктің тура
тәуелділігі жалпы бар боп саналады.Ми қыртысының төменгі бөлімі
адам организміндегі көптеген қоздырғыштар процесінің көзі
болып саналады.Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те мидің
жүйелік процестеріне негізделген заттасқан құбылыс. Ырықты
әрекеттердің негізгі алдыңғы орталық жүйке сайларындағы ми
қабықтарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жол
жүреді.Осы жасушалардың қай бірі жарқаттанса, адамның оларға сәйкес
бір қозғалыс мүшесі істен шығады. Ырықты әрекеттер бір – біріне
өзара ықпалды әрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда
болады.Бұл процесте қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен. Егер
алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан бөліктердің
бірі зақым алса, адам өз әрекетін сезбей, қарапайым қимылдардан
қалады, қалған қозғалысын таңдап, реттей алмайды. Әрекеттердің бір
ізділігі мен байыптылығы алдыңғы орталық жүйке сайларының
қызметімен басқарылады. Бұл ми қабығы бөлігінің зақымдануы
қозғалыс икемсіздігіне соқтырып, бұрынан қалыптасқан дағдыны
жояды. Ми аймақтарының басқа, еріктік әрекеттердің бағыты мен
қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген жөн. Мидің
профронталь бөлігі істен шығуынан қимыл – істер ырықты
реттеуден ауып, қажетті бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына
икемдесуден қалады. Мұндай аппраксия дағдайында адам қандай да
істі бастағанымен, аяқтай алмайды.Клиникалық тәжірибеде кездескен
жағдай: аппраксияға ұшыраған бір науқас ашық тұрған шкафтың
жанынан өте бере, ішіне кіріп алыпты да, енді не істерін білмей,
жан – жағына алақтап, тұрған дейді.Мұндай сыртқатты адамның әрекет –
қимылының басы бірікпей, басқаруға келмейді.Ми сырқаты кезінде
адам абулия ауруына ұшырайды.Мұндай әрекеттер иесі өз қадамының
қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік күші жетпей,
керекті шешім мен әрекетке келе алмай, жанкүйзелісіне
түседі.Абулия ми қабығындағы шектен тыс тежелу мен мидан
берілетін импульстік ыөпалдардың қажетті деңгейінің ырықсыз
қылықтар шырмауынан шыға алмай қиналады.Ерік әрекетерін орындауда
адамның саналы әрі мақсатты қозғалыстарының реттеуші екінші
сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның
қозғалыс қуатын арттырумен бірге, барша психикалық
процестердің: ойлау, қиял, ес, зейін, сезім — бастау көзі.Осындай
ырықты әрекет бас миі қабығының барша бөліктерінің біркелгі
қызметінің нәтижесінде ретінде көрінеді.Тұтастай алғанда ерік
шартты рефлекстік сипатқа ие.Уақытша жүйке байланыстарының
негізінде әрқилы асоциялар жинақталып, бекиді.Енді келіп түскен
ақпараттар бұрынан бар ьіліктермен салыстырылады.Егер келіп
түскен хабар ми қабығында бұдан алдын түзілген бағдарламен
сәйкес келмесе, не әрекет өзгереді, не жоспар қайта жасалады. Ерікті
реттестірудің рефлекторлық негізгі бас мидағы қажетті өозу
ошағының пайда болады. Бұл жүйелік қозу ұдайы энергиялық қуатты
керек етеді.Мұндай ми қажетін ерекше аккумулятор сипаты
ретикуляторлы формация қамтамасыз етеді.Осы ретикулярлы формация
қажетті қажетті қозу ошағының қуатын қолдауынан адам қандай
да жұмыс орындауда үлкен жігерлік танытып, көздеген мақсатына
жету батыл қадам жасайды.
2. Ерік туралы теориялар
Еріктік әрекетер табиғатын түсіну үшшін бұл жөніндегі
ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. ЗЕрік ұғым ретінде де ,
нақты болмыстық құбылыс ретіндеде тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта
ғасырлық дүние ерік (Г.Л. Тульчинскиий.) Жеке адам қасиеті сипатында
ерік орта ғасырлықтапрға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда
орын алған Экзорис жын – шщайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл
ьүрдісте адам шылғиды енжер бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер
жинайтын ұяң ретінде бағадлланған.Ол заманда ерік дербес жасайтын,
нақты қарымлды не жауыз құбжық күштер үрінек енген құбылысдеген. Бұл
тылсым күштер қандай мақсатар белгілеуші ақылға ие деп түсінген.Осы
күштерді танудан адамның шын әрекетінің мнін түсінуге болады.Ерік
табиғатын былай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғам
адам әрекет қылығының негізі оның өззінде екеніні мойындамаудан. Әр
адам бабалардан жеткен нәсілідк ізі ғана. Мұндай сипаттан қауымның
кейбір мүшелерінің ажырауға құқығы болған. Ерік түсінігінің жаңа
Қайта келу заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына
келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар.
Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті қателер жіберуге де бейім,
тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан
бөлінумен адам жеке адамдық кісілік кемелденуге жетіседі. Мұндай
тұлға үшін ең мәнді нәрсе ерік бостандығы. Ерік бостандығын бір жақты
асыра дәріптеу нәтижесінде экстенциялизм немесе тіршілік
философиясы пайда болды.
Эстенциялизм ерікті тәуелсіз, әлеуметтік әсерлерге қатысысы жоқ
құбылыс деп таниды.Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстармен
қатынастардан, әлеуметтік – мәдени ортадан бөлек дерексізденген
адам. Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған. Бұл адамның өмірі
мағынасыз қым – қиғаш оқиғалар. Жиындығыда адамның өзі пайдасыз
құмарлық.Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық
міндеттерімен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адмгершіліктен жұрдай
намыссыз өз бетімен кеткен тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып
тәртіп ол үшін жойылу басыбайлыққа түсу көзі.Ж.П.Сартр пікірінше,
нағыз адамгершілік бір ғана ретқана көрінетін, реттестірілмеген
қандайда қоғамдыөқ мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған.
Қылық иесі адам қалыптасқан тағылым талыптарды жоққа шығара отырып
міндетті түрде қандайда басқа өзін ұнаған құндылықтарға ауысады.
Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе онда бұл әрекеті
енкінші бір сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан
ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін
араққорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шындық
шыққандағы ғажап нәрсе. Бұл қоғамдағы ерсі болып
көрінген.Қылықтардың өздеріде юқандай да ұйымдасу негізінде ие
өздеріне сай талап ережелері мақтан тұтатын қырларымен ғұрыптары
баршылық. Осыған байланысты түсініктеме берген Павлов ерікті адам
белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көретін
әректшілдік еркіндік интистіккті деп қарастырады. Адам үшін
кедергілер қатырына әрекеттер матау болатын. Сыртқы әсерлер ғана
емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана
мазмұны да болуы мүмкін.Бұл тұрғыдан еркіндік инстинкті болған ерік,
Тульчискийдің пікірінше жеке адамның психологиялық болмысының барша
деңгелерінде көрінеді. Бір қажеттіктерді басып екіншісіне
ынталандырады. Өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен
өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады. Фрейд пен Фроммның
психоаналистикалық зерттеулерінің нәтижесінде адам ерік өылықтарына
дем беруші ерекше қуат деген түсінік.Бұл ғалымдардың болжамша адам
қылықтарының көзі психикалық формаға келтірген жанды ағзаның
қандайда биологиялық қуаты. Бұл қуат Фрейдше, санадан тыс
ақылдан алшақ либидоның жынысық құмарлықтың психосексуалды
энергиясы.Мұндай тұжырымдаумен Фрейд адам қылығын осы тіршілік
жалғатырушы мәниеттілігінің алғашқы көрінісі.Фрейд болжамдары оның
шәкірттерінің еңбектірде қызықты эволюциялық жалғасын
тапты.Солардың бірі Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш
боллуынан дегенді алға тартты.Егер осы жыртқыштық қасет қоғам рұқсат
еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып ьтұмаса ол әлеуметтік
қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттермен
ұштасуы мүмкін. Адлер, Юнг; Хорни, Фромм ерік көріністерін
әлеуметтік жағдайлармен байланыстырады. Юнг үшін бұл әр мәдени
қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері,
Алодер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талзпыныс , Ал Хорни мен
Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерініске асыра білудің
шарты деп біледі. Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен
белсенді қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себебті адамды
қандайда қылыөөа мәжбүрлеп көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан
қоршаған орта жағдайлары болмай өз өмірін қолдай да , жалғастыра
алмайды. Ерік бостандығы табиғатпен қщоғамның жалпыланған
заңдылықтарын терістеу емес, керісінше адамның оларды жете танып
,өз әрекетін соларға сай беттестіре білуі.
Ерік – жігер туралы теориялардың бастылары мыналар:
Интелек туалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияның
жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір
сүріп негізінен салған Мейман.Ерік әркеттердің барлығы ақыл – ой
интелекпен байланысып солардың нәтижесінен пайда болады. Бұл үшін
адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестету керек.Сондан оны ортаға
салып, көпшілікпен талқылауы қажет.Сөйтіп адам қандай міндеттер,
қандай әрекеттер жасайтын ақылға салып оған алын – ала дайындық жасап
содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыру тиіс.
Мейманның айтуы бойынша адамның ерік жігері екіге бөлініп отырады.
Бірі ақыл мен байланысты, елестеудің пайда болуы, екіншісі ақыл ды
қатыстырмайтын әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда
болады. Ол өзінен — өзі еріксіз жүзеге асырып отырады. Адам ерікті
әрекет істеу үшін өзіің көргенін елестетуі керек. Сол елес
нәтижесінде адамның ерікті пайда болады. Мұндай көзқарас адамның
ерік — жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті қарастырмайды. Ерік
туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы Вундт. Оның
көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі
ғана.Аммерика психологі Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз
пайда болған айалуы дейді.Оның пікірінше адамның қимыл әрекеттері ой
арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді.Джемсч ерік әрекетті деп
ойлаған. Осы айтылған теориялардың барлығы да ерікті әрекеттің
пайда болу табиғатын, мазмұныг аша алмайды.
1.3. Ерікті зерттеу әдістері .
Адамның ерікті әректерін лабороториялық тұғырдан зерттеуге
мүмкіншілігі жоқ. Адамның қылығын жүріс – тұрысын әрекетіне ырықты.
Ырықсыз түрде көрінулерін жай көзбен байқауға болады. Адамдардың
жүріс – тұрысын байқау, түрлі қылықтарды қалай орындайтынын
, өздерінің мақсаттарына қалайда жететін байқап, тіркеп отыруға
болады. Адам ерік — жігері жөнінде эпис толярлық мұраларды естелік
күнделік мемуарларды талдау арқылы да білуге болады. Адамның
сыртқы дүниенің тітіркендігішіне қайтаратын жауап реакциялық да адам
еркінін қандай екендігін, жалпы түрді сипаттауға мүмкіндік
береді. Мысал: бір адамның сыртқы дүшниенің әсеріне қайтаратын
жауаптары өте тез күшті болады. Ол қиыншылықты шешуде бір дегеннен
табандышыдамдылық көрсетеді, сөйтіп адамның әртүрлі реакциясын
зерттеу ерікті ажыратуға айдасын тигізеді.
4. Ерік құрылымы
Ерік процесінің мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы:
1. Ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу
2. Талдау , талқылау кезеңі мен сеп- түрткілер таласы
3. Шешім қабылдау
4. Орындау
Еріктік әрекет желісінің бастапқы басқышының негізгі мазмұны
ниет белгілеу мен мақсат қою.Ниеттің бәрі бірдей саналы болып
келмейді. Қандайда қажеттік өз түсінім деңгейіне орай құмарлық немесе
тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса сонымен
бірге осыған байланысты қажеттілік толығымен өзіне әлі түсініксіз
болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл
жағдайда оны іске итермелейтін әшейін құмарлық. Көрсеқызарлық,
құмарлықта адам өзіне бірдеменің керектілігін сезінеді.Бірақ сол
нәрсенің не екенін көзі қанық жетпейді., қажеттігін түсінбейді.
Тілеу – алдымен әрекет келтіруші себепті түсіну кезеңі.
Әрқандай қылықтың сеп — түрткісіне кейін мақсатына айналудан бұрын
тілік сарапталып бағаланады. Оның орындалуына кедергі не қолдау
беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс — әрекет сеп — түркісі
өзінің туындауына себепші болған. Қажеттіктің айқындығымен
ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізделген тілек адам санасын
болашақ мақсатқа ойыстырып жоспар түздіреді. Сонымен бірге ол
мақсаттың орындалу жолдарымен құрал – жабдықтарын ақылға сай
нақтылайды. Көрінген тілектің бәрі іске аса бермейді. Адамда бір
уақытта әртүрлі тіпті біріне – бірі қайшы келген тілектер туындап
осыдан қайсысына орай ірекет істеуін білмей, ол күйзеліске келеді.
Әрқилы қажеттіліктер маңызынан өзгеріске келуінен адамда сеп –
түрткілер күресі басталады, Бұл талас мәні әлі бастамаған әртүрлі
әрекеттердің оң не теріс тараптарын қай жағдайда, қай әрекетке кірісу
қажеттігін таңдауға бағышталған адамның талқылау ісінің жүруі.
Сеп – түрткілер тартысының қорытынды сатысы шегім қабылдау, бір
сеп – түрткіні … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz