Еңбекқорлық пен еріншектік, өзін өзі тану

0

Өзін — өзі тану сабағы 4 сынып
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық
Мақсаты: Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқатқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасау.
Міндеттері:
Білімділік: еңбекқорлық пен еріншектіктің мәнін түсіндіру арқылы ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Дамытушылық: Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезең. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену.
Үй тапсырмасын тексеру
101 бет, «Еңбекқорлық пен Еріншектік», В. С. Сухомлинский
Сұрақтар:
— Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттері қандай, ерекшеліктері ше?
— «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
— Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?

Дәйексөз.
«Еңбек — қуаныш, жалқаулық — айырылмас азап» Абай
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
— Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш — қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Жаттату:
— 3 рет қайталау;
— қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;
— 2 — 3 баладан сұрау.
Оқиғаларды әңгімелеу
«Еңбек жемісі» Б. Әділ.
(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).
Әкесі алты гектар егістік жер алған. Сол – ақ екен, қауырт жұмыс басталды да кетті.
— Тұр, балам, — дейді әкесі. – Көктемнің әрбір күні жылға азық. Содан үй іші болып жердің басына келеді. Әкесі, шешесі, өзі, екі інісі… Жұмыс қызу басталып кетеді. Екпегендері жоқ. Сәбіз, картоп, пияз, жүгері, капуста, қауын, қарбыз.
Асан жазғы каникулын атыз басында өткізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.
— Биыл өнім жаман болмас, — дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. – Еңбек етсең, Жер — ана да иіс сала береді.
Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын — қарбыздар… Теңкиіп көздің жауын алады. Сауда бақшалықта — ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп, өздері тиеп әкетіп жатты.
Әкесі мәз, мұртынан күледі.
Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке — шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған — құтқан өнім көп. Қызанақтар жерге түсіп, ағып жатыр.

Мектеп:№33
Мұғалім: Қожакеева Г. Ә.
Еңбекқорлық пен еріншектік жүктеу