Еңбек нарығы слайд,презентация
Еңбек нарығы слайд,презентация
Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Ғылыми зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес мынадай міндеттер қойылады:
еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық- әдістемелік негіздерін зерттеу;
еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу;
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді. Бүгінгі күні елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік- экономикалық, ұйымдастырушылық – инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.