Емшектегі бала | Скачать Реферат

0


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Нәресте мен сәбидің сезім мүшелері мен қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дамуы

Топ:112
Орындаған:Нағашбек Гулфайруз
Тексерген: Абилова Зару Тасболатовна

Алматы -2019
Жоспар
І Кіріспе—————————- ———————————— —————— 3 бет
ІІ Негізгі бөлім ———————————— ———————————— -4 бет
1. Нәресте — бір жасқа дейінгі сәби——————————- ————4 бет
2. Емшектегі бала——————————- ———————————-5 бет
3. Сезім мүшелері мен қимыл қозғалыстарының дамуы————-6 бет
Пайдаланған әдебиеттер

І Кіріспе
Жаңа туған бала. (туған сәттен бір екі айға дейін). Бала теген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мәнез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, және т.б. жатады. Олардың бәрі блаланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгішжолдар сақтағыш митлин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жойылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткекн мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес , қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің , мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кездегі мыдың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализатордың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе , оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.

ІІ Негізгі бөлім
1.Нәресте — бір жасқа дейінгі сәби.
Нәресте — бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келу кезеңіне (алғашқы 4 апта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3,0 — 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 — 52 см, басының шеңбері 34 — 35 см, кеуде шеңбері 34 — 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйектерінде тұз аз болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды. Бас сүйегі онша жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 — 14 айда қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, ересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді. Нәрестенің жүйке жүйелері нашар жетіледі. Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда, жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады. Дені сау бала 6 — 8 айлығында тіс жарады. Бұл кезде сәбилерде іштен туа біткен рефлекстер (сору, жұту, жан-жағына қарау, ұстау, т.б.) дамиды. Олар дәмді жақсы айырғанымен, иіс сезу, көру, есту қабілеттері өте төмен болады. Бірақ қатты жарыққа не айқайға сәбилер мазасызданып, жылап жауап қайтарады. Олардың организмі анасынан алған иммунитеттің нәтижесінде кейбір жұқпалы ауруларды қабылдамайды. [[1]] Алғашқы балалық шақ.(Нәресте-бал бөбек) — Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады.Мәселен, оның өсуі туған кезіндегісімен салыстырғанда бір жыл ішінде 25 процент өседі.Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып, бірақ ол әлде де жұмсақ шеміршек тәрізді майысқақ келеді.Өйткені оның сүйегінде бор мен тұз қышқылы жеткіліксіздеу болады.Организмнің үздіксіз өсіп, дамуы — өзара тығыз байланысты болатын процесс.Балалардың жас ерекшелігіне байланысты түрлі мүшелер мен жүйелердің даму қарқыны бірдей болмайды.Мәселен, адамның сүйек, буын жүйелерінің дамуы жиырма жасқа таман, көз бен есіту қызметінің дамуы жеті он жас шамасында аяқталады. Нәрестенің жүйке жүйесінің даму қарқыны да айтарлықтай болады.Алғашқыда жаңа туған нәрестеде кейбір шартсыз рефлекстер боолады да(тамақ,қозғалыс,бағдар т.б.) кейін олар көбейе түседі.Шартты рефлекстер екі-үш жетіден кейін пайда бола бастайды.Екінші айда баланың барлық анализаторында шартты рефлекстер жасалуға мүмкіншілік туады.Мәселен, екі айлық бала жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сондай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады.Төрт айлық бала айналасына көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата бастайды.Бес айда көзбен қолдың координациясы қиюласады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмтылады, оны аузына апарады.Алты-жеті айлық балада үлкендерге еліктеу бастаудың элементтері(алақаның бір-біріне соғу, ырықты қозғалыстар жасау т.б.) ересектер айтқан сөздерге ұқсас дыбыстар шығаруы байқалады.Шартты рефлекстердің анализаторларда пайда бола бастауымен нәрестелік кезең аяқталады. Бірінші жарты жылдықта ми қабығында тежелудің барлық түрлері көрінеді.Бұл жағдайдың тәрбие процесі үшін ерекше маңызы бар екендігі белгілі. Жарты жастан былай қарай балада Бұл не? рефлекстері қауырт дамиды.Қол сипай-сезу анализаторының қызметін атқаруға көшеді.Мұның өзі нәрселерді ұстай білу, отыру, еңбектеуге, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.Олар үлкендердің сұрауларына жауап қайтаруға тырысады.
2.Емшектегі бала
Емшектегі бала — анасының сүтін еметін сәби. Бұл кезеңде баланыңденсаулығының, ақыл-ойы мен организмінің өсу негізі қаланады. Дені сау бала өсіріп, оны дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін бала организмінің осы кезеңдегі кейбір ерекшеліктерін жете білу керек.
———————————— ———————————— ———-
Өсу кезеңдері
———————————— ———————————— ———-
1.Нәрестенің бір жылы алғашқы дүниеге келу кезеңі (алғашқы төрт апта)
2.Емшектегі кезеңі (бір жас толғанға дейін)
Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге көндіктіру үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің функцияларын өзгертуге тура келеді. Емшектегі баланың органдары мен клеткаларының анатомиялық — физиологиялық ерекшеліктері, иммунитет қабылдау мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі әр түрлі ауруларға шалдығуын күшейтіп, олардың ұлғаюына себепші болады.
Емшектегі баланың дене салмағы
Емшектегі баланың дене салмағының артып, бойының өсуі оның жалпы дамуына тән қасиет.
* Баланың туған кездегі салмағы:
* мерзімінде туған (39 — 40 аптадан кейін туған) ер баланың салмағы 3500+-450 грамм;
* қыз баланың салмағы 3300+-460 грамм;
* бойлары 47 — 56 cм аралығында болады (кейде 50 — 51 cм).
* Салмақ қосу барысы:
* алғашқы айда сәбидің дене салмағы 700 — 800 грамға дейін өседі де, кейін біршама баяулайды;
* бірінші жарты жылдықтың әр айында 600 грамнан;
* екіншісінде — 500 грамнан.
* Баланың салмағы 5 — 6 айлығында 2 есе, ал бір жасқа толар шағында 3 есе өсіп, 10-11килограмға жетеді.
* Ірі болып туған балаларға қарағанда жеңіл салмақпен туған балалар айына салмақты көбірек қосады.
* Бойларының өсу барысы:
* емшектегі баланың бойы да айтарлықтай өседі, бір жасқа толарда баланың бойы орта есеппен 25 см өседі;
* нәрестенің бойы алғашқы 4 айда шапшаң өседі де, айына 3 cм қосып отырады, бұдан кейін бойының өсу қарқыны біртіндеп баяулайды:
* 4 айлығынан 6 айлығына дейін айына 2 — 2,5 cм;
* 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 cм;
* 10 айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1,5 cм.

3 .Сезім мүшелері мен қимыл қозғалысының … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!