Елімізде бақандай 24 жыл қызмет етіп келген банк бір-ақ күнде барынан айырылды

0

Елімізде бақандай 24 жыл қызмет етіп келген банк бір-ақ күнде барынан айырылды казакша Елімізде бақандай 24 жыл қызмет етіп келген банк бір-ақ күнде барынан айырылды на казахском языке

Бақандай 24 жыл қызмет етіп, бір-ақ күнде барынан айырылған «Қазинвестбанктің» жұрт білмейтін қыры жетіп артылады екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаржылай аударымдарды кешіктіргені былай тұрсын, ақшаның көзін бес саусақтай біліп алған қызметкерлері несиені таныстарға таратып, банкті тақырға отырғызыпты.

Банк қызметкерлерінің ол қаржыда өз үлесі болған болуы мүмкін

«Қазинвестбанктің» ерекше клиенттері болған. Яғни, қарызы бола тұра қайтара несие беріліп отырған. Ал ақша сол күйі қайтпаған. Банк қызметкерлерінің ол қаржыда өз үлесі болған болуы мүмкін. Ол жағы қазір тексеріліп жатыр. Тексеру бітпей, олардың аты-жөнін жариялай алмаймыз», — дейді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.

Банк берген несиелердің тең жартысы осылай жалған болып шыққан. Қулығын асырмақ болып лицензиядан қағылған «Қазинвестбанктің» директорлары қазір түгелдей тексеріліп жатыр.

8 мың салымшы ақшасын қалай да алады

Ал 8 мың салымшы ақшасын қалай да алады деп сендірді Депозиттерге кепілдік беру қоры басшылығы. Бірінші кезекте 10 млн-ға дейінгілері қайтарылмақ. Одан да көп жинағы бар 52 клиент бар екен. Олардың мәселесі кейінірек қаралмақшы.

Теңгемен сақталған депозиттердің сыйақы пайызы түсті

Сондай-ақ, Ұлттық банк бүгін теңгемен сақталған депозиттердің сыйақы пайызы түскенін де хабарлады.

«Теңгелік депозиттердің сыйақы мөлшерінің төмендеуі екінші деңгейлі банктер арасындағы бәсекелестікке ыңғайлы жағдай туғызады. Оларға да адал жағдай жасауымыз қажет. Осы себепті, директорлар кеңесі осындай шешімге келді», — дейді Депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Бақыт Қоғылов.

ФОТО: BANKO.AZ

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!