Еліктеуіш сөз және оның түрлері слайд, презентация – Қазақ тілі

0
253

Еліктеуіш сөз және оның түрлері слайд, презентация

Білімділік: Оқушыларға еліктеу сөз туралы түсінік бере отырып, өткен тақырыпппен байланыстыру
Дамытушылық: Оқушылардың еліктеу сөздерді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еліне деген сүйіспеншілікке дағдыландыру
1.Ұйымдастыру кезеңі 
2.Үй тапсырмасын тексеру 
3.Үй тапсырмасын қорыту
4. Жаңа материалдарды түсіндіру
5. Оқушыларды бағалау 
6.Үйге тпасырма беру
1.Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер.
Мысалы: тырс етті, былш етті, шорт сынды, дүңк етті, қолп ете қалды т.б

Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы олар: қаңғұр – күңгір, тасыр – тұсыр бүгжең – бүгжең, далаң – дұлаң т.б. әр түрлі қимыл, іс – әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады.

Еліктеу сөздер мағынасына қарай, айналадағы әр түрлі дыбысқа, жеке қимылға, іс – әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді
Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір – бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!