Елдік пен ерлік шежіресі | туралы қазақша

0
52

Халқымыз басынан кешірген сан алуан оқиғалар мен қилы заман, қиын кезеңдердің көркем әдебиеттің объектісіне айналып, бар болмысымен ңайта тіріліп, өмірдің өзіндегідей қайта жаңғырып көз алдымызға келуі ерекше бір қуанышты құбылыс екені даусыз. Қалың жұртшылықты сондай зор қуанышқа бөлеген ауқымы алымды кесек шығарма — бұдан отыз жылдай бұрын оқырман қауымды, әдебиет жанашырларын қатты сүйсінтіп, өзінің ұмытылмас оқиға, образдарымен ойымызда ұялап қалған «Оянған өлке» әпопеясының заңды (жалғасы, екінші кітабы -«Жат қолында» қолымызға тиді. Заманымыздың аса көрнекті жазушысы, майталман сөз зергері Рабит Мүсрепов бұл шығармасын ұзақ жылдар бойы үлкен толғаныс, терең тебіреніс үстінде саралап, салмаңтап, ой елегінен өткізіп барьш, оқырманына үсынып отыр. Өйткені, жазушы өзіне өте зор жауапкершілік жүктеген.

Сондықтан да шығармасына керекті деректерді ыждаһаттылықпен жинап, алып отырған таңырыбына қатысты ғылыми еңбектерді мүңият оқып, жан-жақты зерттеу жүргізген. Сондай-аң, сол кездегі Европа мен Россиядағы қоғамдың құрылысты, саяси-әлеуметтік жағдайды да зер сала қарап салмақтап, саралап, пайымдауға тура келген. Жалпы, бұл шығармасын жазуға жинаған материалдары романның өзінен әлдеқайда көлемді, әлденеше есе қалың болған екен. Бұл турасында жазушы былай дейді:   «Осының бәрінен ұғынған бір нәрсем — мұны жұртшылықтың бәріне де айтқым келеді — Спасск заводының құрылған жері Көк өзектің қабағында Ушаков болып тұрдым, бірде кіреші Ыбырай болып тұрдым, кейде жұмысшы болып тұрдым.

Бір өндірістің өзін әр мамандықтың, әркімнің көзімен қарап, сол адамның тілегімен шүғылданбасаң, өндірісті түгел көре алмайды екенсің. Көкөзек — Ушаков үшін бір тұрғыда, кіреші Ыбырай үшін екінші тұрғыда, жұмысшы үшін үшінші тұрғыда бой көрсетеді екен. Не нәрсені болсын кейіпкердің көзімен қарамасаң, оның орнына өзіңді қоймасаң, көп нәрсе ішін алдырмай кетеді». Шығармаға арқау еткен объектіні» негізгі тақырыпты жан-жақты, түбегейлі зерттеу-дің бұл тәжірибесі қалам үстаған әрбір жазушы ға үлкен үлгі-өнеге боларлық нәрсе. Мінеки, осын-дай талмай ізденген ыждаһаттылықтың, тақырып табнғатының ұңғыл-шұңғылына жіті көз жіберіп, тап басып, тани білудің нәтижесінде тынысы кең, ойы шалқар кесек туьгнды дүниеге келіп отыр.

Роман — екінші кітап  болғанымен  жаңа дәуірдің жаңа адамдарын, қазақ қоғамының нағыз оянған кезеңін сөз ететін өз алдына дербес туынды. Яғни, шығармадағы оқиға өрісі  XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезеңін қамтиды. Бұл — капитализмнің империализмге өту дәуірі Отар елдерге капиталдың келіп, қанаушылықтың күшейе түскен кезі еді. Соның нәтижесінде тап тартысының щиеленісіп, күннен күнге өршіп, өрістеп келе жатқан кезеңі болатын.

Бұл кезде қазақ даласында да ірі-ірі, күрделі олезшеттік өзгерістер болып жатты. Россия капитализмі ғана емес, ағылшын, француз калитализмі қанды шеңгелдерін ұлан-ғайыр қазақ даласындағы кеніштерге сала бастаған еді. Роман оқиғасы Орталық Ңазақстандағы Қарағанды, Ақбұйрат, Нілді өндірістерінде өтеді. «Оянған өлкедегі» ел де, жер де орын өзгертпеген, озгерген, тек, уақыт, заман ғана. Соған орай, қазақ даласына, еліне енген өзгерістер көрініс береді. «Оянған өлкеден» бұрыннан таныс кейіпкерлердің кейбірі өз сапарларын аяқтап, өмір сахнасынан шығып қалып жатса, кейбірі іс-әрекеттерін дамыта түс кен. Өзіндік ерекшеліктері бар жаңа кейіпкерлер, жаңа ұрпақтар күрес алаңына келіп қосылған.

Сөйтіп, Орталық Қазақстандағы өндірістің дамуы, оның шетел капиталистерінің, яғни ағылшын, француз алпауыттарының қолына өтуі, қазақ даласы кен байлықтарының, асыл ңазынасының талан-таражға түсуі «Жат қолында» романыңа арңау болған. Шығарма осы қарсаңдағы қиын сәттен басталады.

Қарағанды өңіріне калитализмнің еркін ене бастауын автор Игілік байдың мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрсетеді. Бұрынғыдай емес, Игілік бар байлығын, малын аңша.ға айналдырып, оның өсімін проценттеп алып отыруды тиімді деп есептейді. Ол феодализмнің дәуірлеп барып іріп-шірігенін бастан өткізіп, капитализмге еніп отыр.

Капитализм адамды қанап, ңорлаудың небір сүмдық түрлерін өмірге әкелумен бірге, адам санаеыңа, өзара қарым-қатынасына да өзгеріс енгізді. Қалың бұқара ояна бастады, қорлың пен зорлыққа ңарсылың көрсете бастады. Осындай езгерістерден келіп, обырлың пен озбырлыққа ңарсы күресетін жаңа күш, жаңа қауым өсігі шықты. Осы жаңа ңауымның басында оқыған, сауатты, көзі ашық, күрескерлік дәрежеге көтерілген Кенжеғара болды. Автор өзінің алдына қойған түпкі мақсатын, негізгі айтпақ болған ой-пікірін осы Кенжеғара арңылы, соның ой-көзқарас, іс-әрекеті арқылы жеткізбек болган. Романның алғашңы беттерінде-ақ автор Кенжеғараны былай таныстырып өтеді.

…Игілікке тартқан сом. денелі, еңселі, кең иықты, көрнекті жігіт болып келеді. Семинарияны бітіргелі бір-ақ жыл болса да Игілік оны өз маңайынан үзатпай үстап жүр… Алымды да шалымды, ұтңыр жігіт болатын. Не тапсырсаң да орындалды деп есептей бер, Кенжеғара оқымаса Игіліктің өзі болар еді. Оқығаннан кейін екі-үш Игілікке татитын сияқты. Заман қалай құбылса да Кенжеғараны алдай да алмас, адастыра да алмас».

Иә, біз білетін Игілік қандай еді. Аңылы мен айласы қатар жүретін айнала тоңірегіне сақ қарап, тек қана пайда табуды ойлайтын есепшіл адам еді ғой. Игілікті он жеті мың жылқысы бар Жұман баймен мүлде салыстыруға болмайтын еді. Жұман еш нәрсенің байыбына бармай қысқа қайырып, шолаң ойлайтын, заманның өзгерісінен зәресі үшатын, бір сабаң жіп үшін қалтырап-дірілдеп есі кететін нағыз феодалдық заманның адамы болса, Игілік — уақыт өзгерісіне өзін-өзі ыңгайлап, заманға қарай икемделіп, арғы-бергіні жобалап-болжап, бәрін есептеп, бағып отыратын зердесі ояу ірі тұлға.

Сол әкесіне тартңан Кенжеғараның ақыл-парасатына, іскерлігіне оқығандығы қосылып, азаматтығы, адамгершілігі жарңырап ашыла түседі. Ол әкесін сыйлай, мойындай отырып, одан бөлектеніп бара жатқанын сезеді. Заман қалай кетіп бара жатқанын, кімнің кім екенін, өзінің қай жағына шығуы керек екенін ойлап, сұңғылалық танытады.

Зердесі зерек Кенжеғара семинарияның соңғы курсында жүргенде-аң мазасыздана бастаған. Жаз елге келгенде шешесінен басқа жан таба алмай, ешңайда сыймай жалғызсырап жүретін. Семинарияны бітіргеннен кейін, мен осы кім боламын деген ой есінен бір шықпайтын. Семинарияны бітірді, кім болды? Йгіліктің «анда барып кел, мында барып келі» болды. Семинариядан әрі оқуға жібермеген де сол кісі.

Сейіттің қазасына байлакысты шахтерлер ауылына келгенде Кенжеғара мүлде өзгеріп қайтты. Бұрын бойын билеген «жұмыскерлер қауымымен сыйыса алмайтын шығармын» деген ойының теріс екенін ..ұғынып, қуанып қайтты. Біріне-бірі жау емес, біріне-бірі күрегімен де, білегімен де қолқабыс тигізіп отырған ашық жүзді, ақкөңіл, қарапайым ңауымды көріп риза болды. Жастары қандай, жаңсы өсіп келеді. Даланың үйіндісі мен шіріндісі емес, өз беттерімен адалдық бірлестігін тапқан жұрт сияқты. Кенжеғара сол жолы «…осыларға бір пайда тигізе алсам-ау… Бүкіл еліме де пайдалы болғым келеді» деп бекініп қайтып еді.

Міне, осыдан бастап Кенжеғараның ңалыптасу, өсу жолы басталады. Жазушы сүйікті кейіпкерін әр түрлі жағдайда әр түрлі қырынан көрсетуге күш салады. Ол қимыл-ңаракет үстінде, ой-толғаныста, әр қилы ортадағы.

#Елдік #пен #ерлік #шежіресі