Елбасым мақтанышым шығарма — Шығарма

0

Елбасым мақтанышым шығарма

 

   Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, рухани, экономикалық еркіндігіміз, дүниежүзілік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған ел, мемлекеттеріміздің барлығының да бастауы – біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде.
   Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен.
   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Іле Алатауының бөктерінде жақын орналасқан  Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген тұңғыш бала. Елбасымыз мектеп өмірінде жақсы оқуымен әрі үлгілі тәртібімен көзге түскен. Жас кезінен қоғамдық өмірге белсене араласып, жоғарғы сыныптарда жергілікті жас натуралисттер үйірмесінің белсенді мүшесі болған. Бұл үйірмеде олар ағаштар отырғызып , оларды залалсыздандырып, дәнді дақылдар және бақша зиянкестерімен күресу әдістерін оқып, өзендер мен көлдер, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы мәліметтер жинаумен шұғылданған.
   Мектепті үздік және жақсы бағалармен тәмамдаған жас Нұрсұлтан Назарбаев маңдай тері тамшылап еңбектенетін металлург мамандығын  таңдады. Және Днепродзержинск №8 техникалық училещесіне түсіп, оны сегізінші разрядты металлург деңгейінде аяқтап шықты. Содан 1960 жылдың мамырынан  Н.Назарбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллқұрылыс» тресінің «Доменстрой» құрылыс басқармасына жұмысшы болып қабылданды. 1960 жылдың шілдесінен домна цехының машиналарына шойын құюшысы, содан соң Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия зауытындағы домна пешінің көрікшісі болды. 1965 жылдың шілдесінен бастап Қарағанды металлургия комбинатында домна цехының диспетчері, домна пешінің газ айдаушысы, домна цехының аға газ айдаушысы болып жұмыс істеді.
   Оның бойынан білімге деген құштарлық, үздіксіз ізденіс, ісіне деген адалдық, тиянақтылық айқын байқалатын. Қазақстанның болашақ Президенті «Қара металлдар метеллургиясы» мамандығы бойынша білім алудың қажетті сатылары – Қарағанды политехникалық институтын, кейіннен Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын тәмамдап, 1967 жылы инженер біліктілігін алды.
   Н.Ә. Назарбаев өзін білікті әрі болашағы зор металлургтердің бірі ретінде көрсете білді. 1962 жылғы 15 шілдедегі «Казахстанская правда» газеті: «Қазақстандық Магнитканың көрікшілері Нұрсұлтан Назарбаев пен Қабидолла Сәркенов сынды тамаша адамдар Теміртауда жетерлік!» — деп жазды.Еңбексүйгіштік, зиялылық Нұрсұлтан Назарбаевты биікке жетелеп өзіндік жетілудің шыңына шығарды. 
   Ол 1962 жылы елдегі жалғыз  саяси партия – Кеңес Одағының Коммунистік партиясы мүшелігіне қабылданды. Н.Ә. Назарбаев қоғамдық міндеттер мен қоғамдық жұмыстардың ауыртпалығын көтеріп, абыроймен атқара білді. Оның адал қасиеттерін, ісмерлігін көре білген Теміртау жастары оны Қазақстан комсомолының Х съезіне (1962 ж.) және БЛҚЖО-ның ХVI съезіне (1970 ж.) өздері сенген өкіл ретінде сайлады. Содан 1962 жылы жас металлург саяси өмірге алғаш рет қадам басты. Ол республика комсомолы Хсъезінің делегаты болды. 1958-1977 жылдары Комсомол  бүкілодақтық және  республикалық екпінді комсомол құрылыстарына жетекші болды. Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау жастарының жолбасшысы ретінде жас жұмысшылардың мүдделерін қорғап, өндірістегі, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік саладағы мәселелерге үңілді, сондай-ақ мәдени мекемелер, тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтану орындарының  қызмет сапасына көңіл бөлді.
   1973 жылдың  қазан айында Н.Ә.Назарбаев өзі еңбек еткен Қазақстан Магниткасына, яғни Қарағанды металлургия комбинатына партком хатшысы қызметіне келді. Ол ұжымның мыңдаған жұмысшысының түрлі мәселелерін шешуге мүдделілік танытты, ахуалды жан-жақты қарап, өндіріспен қатар қоғамдық өмірдегі басқа да мәселелерді шешу жолдарын іздестірді.
   Н.Ә.Назарбаевтың білімге деген ұмтылысы, оны іске асыруға деген құштарлығы КСРО-дағы ең жоғарғы әдістері мен саяси біліктілікті игеретін таңдаулы білім мекемесі – КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебіне сырттай оқуға түсуіне алып келеді. Жарқын тұлға Н.Ә.Назарбаев жинақталған саяси және басқарушылық іс-тәжірибесін Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарғанда кәдеге асырды.
   1979 жылы желтоқсан айында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Өнеркәсіп саласы жөніндегі хатшысы болып сайланып, ел басқару аппаратындағы одақтас республикалар басшылары ішінде ең жасы болды. 1984 жылы наурыз айында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.Сол кезеңде саяси көшбасшы жаңа қырынан қалыптаса бастады: қайраткер көпшіліктің кең аудиториясымен пікір алмасып, ой бөлісті. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан экономикасы жетістіктері мен мәселелері туралы еңбектер жазды. Оның «Важнейшее условие интенсфикации» (1983 ж.), «Стальной профиль Казахстана»(1985 ж.), «Экономика Казахстана: реальность и перспективы становления»(1988 ж.) атты еңбектері жарыққа шықты.
   Қазақстанның болашақ көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев партиялық органдардың қаржылық қызметін тексерумен айналысатын КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. Ал, КОКП ХХVII съезінде (1986 жылғы) КОКП ОК мүшесі,КОКП  XXVIII съезінде (1990 жылғы) – КОКП ОК Саяси бюро мүшесі болып сайланды. 1979 жылы Қазақстан коммунистік партиясының ОК хатшысы болып сайланады. 
   Біраз қиын жолдардан өтіп, елеулі жұмыстар атқарғаннан кейін,1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың тұңғыш Президенті болып сайланды. Осы атаулы оқиғадан кейін қазақ елі өзінің аңсаған тәуелсіздігін алып, өзінің елеулі де біртуар азаматын көшбасшы етіп сайлады. Халқының өзіне артқан үлкен үмітін Елбасымыз осыдан соң орындай бастады.                                                                        
  Мемлекет те тірі организм іспеттес. Мемлекет тіршілігінде тыным, дамыл, тоқтау жоқ. Оған күнде «қорек» қажет. Оның тамырын үздіксіз ұстап, қан айналысының, жүрек соғысының дұрыстығын, кінәратсыздығын үнемі бақылап отыру – мемлекет басшысының басты міндеті, борышы.
   Сондықтан да үміт артқан ері халқы алдында борышын орындады. Ол өз халқының тілін, дінін, егемендігін қайтарып берді. Ол Қазақстан Республикасын алға тартып, әлемдік аренаға шығарып, қазақ халқын дүние жүзіне таныстырып, оның тарихын, салт-дәстүрін паш етті. Қазақ елі өзін өзі басқа елдерге таныту арқылы аймақтық, құрлықтық, континенттік, дүниежүзілік халықаралық ұйымдарға мүше болып, сол мүшелерде өз орнын тұрақты айшықтап бере алды. Ұлттық мемлекетіміздің жаңа шаңырағы көтеріліп, оның рәміздері Туы, Әнұраны, Елтаңбасы және ұлттық Ата Заңы, ұлттық валютасы – Теңге өз күшіне енді. 
   Жаңа Астана, Есіл бойында, өзінің әсем ғимараттарымен бой көтеріп, қазақ елінің мәртебесін көтерді. Астананың салынуы – еліміздің тұңғыш Президентінің қазақ мемлекетін қуаттандыру жолындағы теңдесі жоқ дәуірлік ерлігі. Қазіргі уақытта Астана мен Президент есімі ел назарында егіз ұғым болып қалыптасқан, себебі осы қаланың дағдарыс уақытында, басқалардың наразылығына қарамастан  салынуына зор үлесін қосып әрі сәулетін жасаған Елбасы болды.
   Президентіміз мемлекет құрылымдарының күретамырларын сауаттылықпен жүргізе алатын білікті, тәжірибелі адамдардан мемлекеттің жауапты, жоғары лауазымды қызметкерлерін  іріктеп, оларды мемлекет ісіне ұйымдастыруға айрықша күш салды.
   Мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы әлемдік дәрежеде көптеген өркениетті елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналуына сарқылмас күшін салған Президентімізді төл мерекесімен құттықтаймын. Өзіңіз салған сара жолмен біразға дейін жүретініңізге  біз – болашақ жастар кәміл сенеміз. Бір ғасырдай жасап, ғұмырыңызды арнаған мемлекетіңіздің одан әрі гүлденуіне, одан әрі жасауына және де соны сіздің көруіңізге жазсын.

Қызылсая орта мектебі
Тезекбаева Нұргүл
10-сынып оқушысы

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!