Елбасы-елдің қорғаны

0








Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Елбасы-елдің қорғаны

Автор: Бирманова Данагуль Алданышовна

Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-12


Материал туралы қысқаша түсінік

сынып жетекшілерге көмек




Тұнғыш Президент күніне арналған «Елбасы елдің қорғаны» атты Тәрбие сағат .Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.Мұғалім : Бар әлемге шын танылдық міне, біз,Елін сүйген Елбасы деп білеміз.Тең аталып ҚазақстанНұрсұлтанНұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.Елбасын құрметтейтін ерекшеАрмысыздар, ақ пейілді көпшілік!Армысыздар оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш күніне арналған «Елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Гимн)Мұғалім : «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық — асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып — өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын. Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от — жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрынсоңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұратмақсатын айқындап берді. Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік — экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде — бір өңірін, бірде — бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі. Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті. Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін таныты десе болады. Елбасы елді қорғайды,Халқы оны қолдайды.Мен жырлайын,Сөзбен өрнек өрнейін.Бақытты боп жүргенім,Сенің арқан, Ұлы Отан.Басқарған аға Нұрсұлтан!Мұғалім : Қорытынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» — деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?Ту тігілді халқымның бүгін бағына,Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!Ғасырларға жалғастырып елдікті,Дақ түсірме ата – баба рухына.Үлгі бізге аталардың ерлігі,Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңТұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен салтанатты тізілісіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі.

Тәрбие сағат.Тақырыбы. Елбасы- ел қорғаны.Дайындаған. Бірманова Д.А.Сынып. 7.

2018-2019оқу жылы







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.