Екіқабат әйелдердің жедел пиелонефриті | туралы қазақша

0
109

Екіншілік жедел пиелонефриттің айқын мысалы екіқабат әйелдердің жедел пиелонефриті болып табылады. Ол өте жиі кездесетін болғандықтан, аурудың ерекше бір формасы болып сараланған. Жедел пиелонефрит әдетте жүкті кезеңнің екінші жартысында, орта есеппен 2,5-5% жағдайда байқалады да, мұндай жағдайда бүйректің астауының қысымын 2 есе көтереді. Екі қабат әйелдерде пиелонефриттің пайда болуына күн ілгері бейімдік факторлары мыналар: 1) көбіне гормональдық сипаттағы (экстрогендік, прогестеронның және глюкокортикоидтердің шамадан көп болуы) нейрогуморальдық өзгерістердің салдарынан жоғарғы несеп жолдары тонусының төмендеуі. Жоғарғы несеп жолдары тонусының төмендеуі жүктіліктің 8 апта мерзімі кезінде байқалады; 2) жүкті жатырдың несепағарларға әсіресе оң жақтағысына механикалық қысымы; 3) екіқабат әйелдердің 5-10 процентінде асимптоматикалық бактериурияның болуы. Соңғы жағдайдың ерекше маңызды мәні бар, өйткені жедел пиелонефрит асимптоматикалық бактериуриясы бар екіқабат әйелдердің орта есеппен 30 процентінде пайда болады. Асимптоматикалық бактериуриясы бар екіқабат әйелдерде, тіпті антибактериялықемдеуге қарамастан, жедел пиелонефрит несебі стерильді жүкті әйелдерге қарағанда жиі пайда болады. Жүкті әйелдерде жедел пиелонефриттің оң жақтан байқалуы анағұрлым жиі кездеседі, мұны оң жақтағы несепағарды ұлғайған жатырдың көп қысатынымен байланыстыруға болады.

Науқас әйел клиникаға келіп түскен кезде несептің бүйректен шығуының сипатын анықтау үшін шұғыл түрде не хромоцистокопия жүргізу қажет, не бүйректерді ультрадыбыстық тексеруден өткізу керек болады. Жедел пиелонефриті бар екіқабатәйелдерде несеп пассажы бұзылмаған жағдайларда науқасты аяғының ұшы көтерілген керуетке сау қырынан жатқызып жедел пиелонефриттің шабуылын тойтаратындай антибактериялықем жасау жеткілікті болады. Ауырған жақтағы несепағар сағасынан индигокарминнің бөлініп шығуы болмағандай жағдайда пиелонефриттің шабуылын тойтарғанға дейін бүйректің астауына несепағар катетерін орнату арқылы несеп пассажын қалпына келтіру қажет (әдетте 2-3 тәулікке). Осындай дренаждаумен ұштастырылған антибактериялық терапия науқастардың көпшілігінде жағдайының едәуір жақсаруына және пиелонефриттің шабуылын тойтаруға мүмкіндік береді. Консервативтік емдеу мұндай мерзім ішінде жедел пиелонефриттің шабуылын тойтара алмай және оның іріңдік-деструкциялық формасы сақталатын болса, осындай жағдайларда операция жасап — нефро не пмелостомия жолымен бүйректі дренаждауды қолданған жөн. Дер кезінде жасалған операция бүйректегі ауыр іріңдеу процесінің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді, сөйтіп нефропиелостома болғанның өзінде екіқабат әйелдің мерзімінде дұрыс босануымен аяқталады. Нефропиелостомиялық дренажды босанғаннан кейін несеп жолдарының тонусы қалпына келгенге дейін (4-6 апта) сақтау керек болады. Соңғы жылдары пиелонефрит шабуылы тойтарылмайтын екіқабат әйелдерде бүйректі дренаждау үшін ультрадыбыстық бақылау арқылы орындалатын, тері арқылы пункциялық нефростомия жасау ойдағыдай қолданылып жүр. Пиелонефриттің шабуылдары жиілеген жағдайда оның іріңдік формаларының алдын алу үшін астауды әдеттегі катетерлеу орнына бүйрекке ұзақ уақытқа орнатылатын (1-2 ай) өздігінен ұсталып тұратын катетер (стент) қолданылады. Егер несепағарды катетерлеу кезінде өтуге болмайтындай кедергі тап болса, онда оның себебін анықтау қажет болады. Тек осындай жагдайда ғана шолу урографиясы және қажеттілік көрсеткіші бойынша ретроградтық уретеропиелография жүргізіліп, олар әдетте несепағарда тастың бар екенін анықтап береді. Өз бетімен шығып кетеді деп үміттенерлік мөлшердегі тас бар болса, сондай-ақ ол тас несепағардың төменгі үштен бірінде шоғырланған болса, екіқабат жағдайдың мерзімі үлкен болғандай жағдайда (III триместр) несептің бүйректен ағып шығуын тері арқылы пункциялық нефростомамен қалпына келтірген дұрыс болады. Басқадай жағдайларда шұғыл операциялық емдеу — уретеролитотомия көрсетілген.

Екіқабат ейелдерде жедел пиелонефриттің антибактериялық терапиясының өз ерекшеліктері бар. Екіқабат кездің бірінші триместрінде тетрациклиндердің тератогендік әрекетінің болуы мүмкін екендігімен байланысты тетрациклиндерді тағайындауға болмайды. Екіқабат әйелдерге ототоксинділігіне байланысты аминогликозидтер тағайындаған дұрыс болмайды. Ұзақ уақыт емдеу үшін табиғи және жартылай синтетикалық пеницилиндерден басқа нитрофурандық қатардың препараттарын (тәулігіне 50-100 мг), ал екіқабат кездің 18-20 аптасынан кейін налйдикс қышқылын қолданады. Сульфаниламиндік препараттар жаңа туған нәрестелерді сары ауруға душар етуі мүмкін. Сондықтан босануға 10-14 тәулік қалған кезде олардың берілуін тоқтату керек.

Екіқабат әйелдерде жедел пиелонефриттің профилактикасы мұның алдындағы созылмалы пиелонефритті дер кезінде анықтап, дұрыс емдеуге негізделеді. Асимптоматикалық бактериуриясы –пиелонефриттің алғашқы субклиникалық нышаны — бар екіқабат әйелдерді міндетті түрде емдеу жөн. Екіқабат әйелдерде несептің бактериологиялық тексеріп-зерттелуі сирек дегенде айына 1 мәрте жүргізіліп отыруы керек. Бұл орайда жедел пиелонефриттің пайда болу қатері бар топқа егіз туатын, көп сулы жағдайы барлар, іштегі нәресте ірі, жамбасы тар әйелдер жатқызылады. Оларда пиелонефриттің профилактикасы екіқабат кездің II және III триместрлерінде бүйректерді ультрадыбыстық тексерудің көмегімен уродинамиканың бұзылуларын анықтауды, асимптоматикалық бактериурияны анықтап алып, емдеуді қамтиды.

Болжам. Екіқабат әйелдердің жедел пиелонефриті кезінде болжам әдетте қолайлы деуге болады. Алайда, егер екіқабат кездегі жедел пие­лонефрит бұрын ауырып жазылған пиелонефриттің нәтижесі болып табылатын болса, босанғаннан кейін толық ремиссияға қол жетпейтін болса немесе қайталанған екіқабат кезде жедел пиелонефрит пайда болатын болса, созылмалы пиелонефрит пен оның зардаптарының дамуы салдарынан болжам қолайсыз болуға айналады.

Апостематоздық пиелонефрит: бұл ауру көбіне бүйректің қыртысында көптеген ұсақ іріңді бөртпелер (апастемалар) пайда болатын іріңдеу-қабыну процесі болып табылады.

Көпшілік жағдайларда апостематоздық пиелонефрит екіншілік же­дел пиелонефриттің асқынуы немесе сатысы ретінде пайда болады. Сирек жағдайда да несеп ағымы (уродинамика) бұзылмаған тұрғыда (біріншілік пиелонефрит) басқа мүшелердегі іріңді ошақтардан ірің тектес инфекцияныңқан ағысымен келіп, бүйректің зақымдануына байланысты апастемотоздық пиелонефрит болуы мүмкін. Микроорганизмдер көбіне бүйректің шумақшаларының тамырлық тұзақтары мен шеткі тамырларына барып тұнады. Осының салдарынан түзілетін бактериялық тромбтар милиарлық іріңді бөртпелердің негізі болады. Олар бүйректің қыртысында және тікелей капсула астында беттей орналасады да, жеке-жеке немесе шоғырлана топтасқан, өлшемі 1-3 мм сары түсті көптеген бөртпелертүрінде көрінеді.(9.І-сурет).

Клиникалық көрінісі жене белгілері. Өту барысы көбіне-көп несеп пассажының бұзылу дәрежесіне байланысты болатын апостематоздық пиелонефрит үшін тән сипаттар: дененің жоғары гектикалық температурасы (39-40°С-ға дейін), қайталама қалтырататын тоңазу мен ағыл-тегіл терлеу, анық білінетін және шапшаң дамитын интоксикация-симптомдары (тез өршитін жалпы әлсіздік, бастың ауыруы, тахикардия, жүрек айну, лоқсу, склералардың иктериялылығы, тілдің құрғақсуы, адинамия). Қалтырап тоңазу әдетте 10-13 минөттен 1 сағатқа дейін созылады; науқастардың көпшілігінде ол бүйрек шаншуының ұстамасынан кейін немесебел өңіріндегі ауырудың күшеюінен кейін тәулігіне бірнеше рет пайда болады. Қалтырап тоңазудан кейін біраз уақыт өткен соң дененің температурасының нормалық және субнормалық цифрларға дейін төмендеуі байқалады, ағыл-тегіл тер шығады, бел өңірінің ауырғаны саябырлайды, несептің мөлшері азаяды.

Апостематоздық пиелонефрит кезінде симптомдардың бұлайша кезектесіп келуі көп мөлшерде микроорганизмдері бар іріңді несептің, олардың токсиндері мен қабыну процесі өнімдерінің астау-бүйрек рефлюектері жолымен астаудан қан тасылатын арнаға мезгіл-мезгіл өтіп кететіндігімен байланысты. Мұның өзі организмнің айқын білінетін интоксикациясына және науқастардың жағдайының тез нашарлауына апарып соғады. Апостематоздық пиелонефрит несептің ағып кетуі бұзылған жағдайда жедел пиелонефриттің дамыған сәтінен тіпті 2-3 тәуліктен соң-ақ пайда болуы мүмкін.

Зақымдалған бүйрек өңірін пальпациялаған кезде әрқашан ауыру сезімі, арқаның және алдыңғы ішперде қабырғасы бұлшық еттерінің қорғаныштық ширығуы аңғарылады, қабырға-омыртқа бұрышының «қол тигізбей» қатты ауыратыны өте жиі байқалады. Бірсыпыра жағдайда ұлғайған және қатты ауырсынатын бүйрек пальпацияланады. Қандағы лейкоциттер саны күрт артады, қан формуласының солға қарай ауытқуы және лейкоциттердің токсиндік түйіртпектенуі байқалады. Аурудың бастапқы кезеңінде лейкоцитурия болмауы мүмкін. Жоғары дәрежедегі бактериурия неғүрлым ерте көрінетін, тән сипатты симптом болып табылады. Кейінірек актив лейкоциттері бар лейкоцитурия пайда болады, алайдаол көбіне болмашы болады (1 мл-де 25 мың лейкоцитке дейін немесе несептің жалпы анализі кезінде көз алдында 15-20-ға дейін лейкоцит болуы), өйткені апостематоздық пиелонефрит кезінде негізінен бүйректің қыртысы зақымданады.

Диагнозы. Диагноз негізінен ілгеріде санамалап айтылған клиникалықжәне лабораториялық нышандарға негізделеді. Рентгенологиялық, радиологиялық және ультрадыбыстық тексеру әдістері бірқатар косымша деректер береді.

Шолушы рентгенография ауырған жақтағы бел бұлшық етінің контурының болмауын, бүйректің өлшемдерінің үлғайғанын, омыртқаның зақымдалған бүйрек жаққа қарай сколиозын анықтап береді. Экскреторлық урограммаларда тостағаншалар мен астау контурларының бұлыңғырлығы, бүйрек мөлшерінің ұлғайғандығы, бүйректің тыныс алу кезіндегі қозғамалылығының шектеулілігі немесе болмауы, зақымдалған бүйректің функциялық қабілетінің төмендегені көрінеді. Екіншілік апостематоздық пиелонефрит кезінде рентгенологиялық көрініс бұғанқоса бастапқы аурудың (мысалы, несепағарда тас болған кездегі уретерогидронефроздың және т.б.) ерекшеліктерін бейнелейді.

Хромоцистоскопия біріншілік апостематоздықпиелонефритпен ауырған науқастардың жартысына жуығында зақымдалған бүйрек несепағарының сағасынан индигокарминнің бөлініп шығуының баяулағанын немесе бөлініп шықпайтынын анықтауға мүмкіндік береді, мұның өзі зақымдалған бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты. Екіншілік апостематоздық пиелонефритпен ауырған науқастарда индигокарминнің бөлініп шығуы әр уақытта кінәратты болады. Статикалық нефросцинтиграфияда зақымдалған бүйрек мөлшерінің ұлғайғаны, оның қыртысында изотоптың диффузиялық әр келкі жинақталуы байқалады. Ультрадыбыстық тексеру бүйрек мөлшерініңұлғаюына қоса апостематоздық пиелонефриттің екіншілік (обструкциялық) сипаты кезінде тостағанша-астау жүйесінің ұлғайғанын анықтап береді.

Дифференциялық диагностикасы. Апостематоздық пиелонефрит кезіндегі дифференциялық диагностика біріншілік және екіншілік же­дел пиелонефрит кезіндегіден принципті айырмашылығы болмайды және нақ сол аурулардан сараланады. Тоңазытып калтырататын және ағыл-тегіл терлететінімен қоса дененің жоғары температурасы (39-40°С-ға дейін), анық білінген интоксикация симптомдары, зақымдалған жақтағықабырға-омыртқа бұрыштың «қол тигізбей» ауыртатыны, көптеген актив лейкоциттері бар едәуір мөлшердегі лейкоцитурия, массивті бак­териурия, протеинурия, зақымдалған бүйректің функциясының төмендеуі мен оның тыныс алу кезіндегі экскурсиясының шектелуі апостематоздық пиелонефритті басқа жедел қабынбалы аурулардан ерекшелеп тұрады.

Емдеу.Апостематоздық пиелонефрит бар екені анықталған кезде шұғылоперация жасап араласу талап етіледі.

Болжам. Апостематоздық пиелонефрит кезінде уросепсиспен бай­ланысты 5-10 процентке жететін леталдық жағдайлардың көптігі және кейін созылмалы пиелонефриттің дамитындығы салдарынан болжам қашан да болсын байыпты болады, ал созылмалы пиелонефрит бірсыпыра жағдайда бүйректің семуімен және нефрогендік артериялық гипертензияның пайда болуымен тәмамдалады.

Бүйрек карбункулы. Бүйректің қыртысында шектеулі инфильтрат түзілетін іріңдік-некроздық зақымдалу болып табылатын ауру. Бүйрек карбункулы (шиқаны) шалғайдағы ірің ошағынан массивті бактериялық инвазия салдарынан бастапқы ауру ретінде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бүйрек қыртысының қан таситын ірі тамырында не­месе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше ұсак тамырларда бактериялық тромб түзіледі. Бірінші жағдайда септикалық инфаркттің үлкен ошағы түзіледі, ал екіншіжағдайда бірнеше ұсак ошақтар түзіліп, олар жылдам тұтасып кетеді. Іріңдеп іріген кезде карбункул бүйректің жұмсақ зат қабатына өтуі мүмкін немесе астауда не паранефральдық клетчаткада жарылуы мүмкін, мұның өзі іріңдік паранефриттің дамуына апарып соғады. Егер бүйректің карбункулы жедел пиелонефриттің асқынуы болып табылатын болса, онда ол қан таситын ірі тамырдың гематогендік септикалық тромбозының салдарынан да, сондай-аққан тамырының саңылауын қабынба инфильтрат қысып қалуының салдарынанда пайда болуы мүмкін.

Бүйрек карбункулының неғұрлым жиі болатын қоздырғыштары жылтыр сары және ақ стафилококктар, ішек таяқшасы және протей болып табылады. Бүйрек карбункулы мен апостематоздық пиелонефриттің ұштасуы науқастардың 40 процентінде байқалады.

Бүйрек карбункулы домаланған формалы ісіну болып көрінеді, кесу қимасында ол бүйрек паренхимасының тереңіне сыналай сұғынатын, көптеген ұсақ тұтасқан іріңдіктер тесіп өткен некроздалған тіндерден тұрады. Карбункулдың негізі бүйректің фиброздық қабығында болады да, бұл қабық әрқашан кабыну процесіне қамтылады (перинефрит). Бастапқыда ол инфильтрацияланады, жуандайды, бүйрек бетіне бекіп тұрады, ал кейін келе оның іріңдеп іруі басталуы мүмкін. Процеске көбіне-көп паренефралдық клетчатка да қамтылады. Бастапқыда оның реактивтік ісінуі мен инфильтрациясы пайда болады, кейін келе іріңді па­ранефрит дамиды. Карбункул бүйректің жоғарғы сегментінде шоғырланған жағдайда қабынба инфильтратит бүйрек безіне өтіп, оның гипофункциясы синдромын туғызуы және реактивтік плевритпен үштасуы мүмкін.

Клиникалық ағымы және белгілері. Егер бүйрек карбункулы екіншілік жедел пиелонефриттің асқынуы болып дамыса, онда оның клиникалық көрінісі бойынша несептің ағып кетуінің бұзылуы салдарынан пайда болған апостематоздық пиелонефрйттен айырмашылығы аз болады.

Карбункул уродникамиканың бұзылуы жоқ кезде бүйректегі гематогендік шектеулі септикалық ошақ ретінде пайда болатын сирек кездесетін жағдайларда оның клиникалық көрінісі жалпы инфекциялық аурудың көріністерімен барынша ұқсас болады: дене температурасы көтеріледі (39-40°С), дүркін-дүркін қалтырап тоңазу мен ағыл-тегіл терлеу, өне бойдан әл кету, тамыр соғуы мен дем алудың жиілеуі, жүрек айну, лоқсу, метеоризм, үлкен дәреттің тежелуі. Карбункул түзілген алғашқы күндері бүйрек тұсының шоғырланған ауыруының сезілмеуі, лейкоцитурия мен бактериурияның, несеп шығаруда кінәраттардың болмауы оны дер кезінде танып-білуді киындатады. Осының салдарынан бүйрек карбункулымен ауырған науқастарды емдеу үшін грипп, пневмония, жедел холецистит, этнологиясы беймәлім жедел аппендицит, іш сүзегі, инфекциялық гепатит жене т.б. деген диагнозбен хирургиялык, терапевтикалық және инфекциялық бөлімдерге госпитализациялайтын бірқатар жағдайлар болып тұрады.

Диагнозы. Бүйрек карбункулы диагностикасының апостематоздық пиелонефритті танып-білуден принципті айырмашылығы жоқ. Ол әжептәуір қиын, өйткені патогномдық клиникалық нышандары білінбейді. Бүйректегі ауыр септикалық процестің ілгеріде аталған клиникалық белгілерінің зор мәні бар. Карбункулдың тостағанша-астау жүйесімен қатынасы бар екенін айгақтайтындай массивті лейкоцитурияның пайда болуы аурудың диагностикасын едәуір дәрежеде жеңілдетеді. Белдің ауырған жақтұсынан алынған қанда лейкоциттердің белдің қарама-қарсы жағынан немесе саусақтан алынған қандағыдан біршама көбірек болуы да бүйрек карбункулының диагностикасында көмек бо­луы мүмкін.Қанныңтоксинділігі күрт артады: орта молекулалар мен β-2 -микроглобулиннің деңгейі 3-5 есе көтеріледі, қандағы парамециялар тіршілігінің уақыты 10-15 минөттен кемірек болады.

Неғұрлым тән сипатты нышандар рентгенологиялық және радиоизотоптық зерттеп тексеру әдістерімен анықталады. Карбункул бүйректің жоғарғы сегментінде орналасқан жағдайда кеуде қуысы органдарының рентгеноскопиясы диафрагманың демалу кезіндегі қозғалмалылығының шектелгенін және ауырған жақтағы плевралық синуста жалқаяқтың бар екенін анықтауға көмектеседі. Шолу рентгенограммасында бүйрек контурының томпаюын, паранефралдық клетчаткада ісік болғандықтан, бел бұлшық еті контурларының бұлыңғырлығын көруге болады. Дем алған және дем шығарған кездерде жүргізілген экскреторлық урография бүйректің зақымдалған жақта қозғалмалылығының күрт шектелгенін не­месе мүлдем жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді. Бүйрек карбункулының негізгі рентгенологиялық нышандары тостағаншалардың қысылуы, деформациясы, алшақтауы немесе ампутациясы болып табылады, бұл нышандар бүйрек паренхимасы ісіктерінің, кезінде байқалатын нышандармен әжептәуір ұқсас болады. Зақымдалған бүйректің функциясы күрт төмендеген кезде әлгі нышандар ретроградтық пиелограммаларда неғұрлым айқын көрінеді.

Бүйрек карбункулының диагностикасында 197Н9— неогидринмен жүргізілген бүйректердің сцинтиграфиясы елеулі көмек көрсетеді; ол бүйрек паренхимасының карбункул орналасқан өңірінде жинақталу ақауларын анықтауға мүмкіндік береді. Карбункул аймағында бүйрек паренхимасының ыдырауы ультрадыбыстық сканирлеу кезінде білінеді (бүйрек паренхимасы жаңғырығы құрылымының бір текті болмауының ірі ошақтың учаскелері, өзгермеген паренхимамен салыстырғанда жаңғырық дені кемірек, бүйректің сыртқы контурларының деформациясы бар өңірлер) (9.2-сурет).

Дифференциялық диагностикасы. Бүйрек карбункулы кезінде дифференциялық-диагностикалықтұрғыдағы неғұрлым көп қиыншылық несеп пассажы бұзылған және ірің ошағы бүйректің қыртысында (несеп жолдарымен қатынасы жоқ) орналасқан науқастарды қарап тексерген кезде туындайды. Бүйрек карбункулы антибактериялық емдеу жағдайында өту барысы баяу сепсиспен ортақ клиникалық симптомдарымен көрінеді, алмұның неғұрлым анық нышаны науқастың қанын егу кезінде микроорганизмдердің байқалуы болып табы­лады. Динамикалық сцинтиграфия бүйрек карбункулын изотоптың жинақталуының ақауы бойынша анықтайды. Экскреторлық урография кезінде немесе ретроградтық пиелографияның көмегімен зақымдалған бүйректің демалу және дем шығару кезіндегі экскурсиясының шектелуінің, карбункул аймағында рентгеноконтрасттық заттың жинақталу ақауының бар екенінің анықталуы, бүйректі ультрадыбыстық тексеру кезінде анықталған жоғарыда айтылған өзгерістер бүйрек карбункулының диагнозы үшін негізгі деректер болып табылады. Дифференциялық диагностикада компьютерлік томографияның (бүйрек паренхимасының және патологиялық тұрғыда өзгерген тіндердің тығыздықтарындағы айырмашылық бойынша).

Емделуі. Тіпті ең қуатты осы заманғы препараттармен жүргізілген массивті антибактериялық терапия ірің-некроз ошағын ашпайынша және дренаждамайынша бүйрек карбункулы бар науқасты сауықтыра алмайды.

Бүйрек карбункулы диагнозының анықталуы шұғыл операция жасап араласуды көздейді, бұл операция люмботомияға, бүйректі декап-сюляциялауға, карбункулды крест тәрізді жаруға не тілуге және паранефрияны дренаждауға саяды. Бүйрекке бірнеше резіңке-дәке тампон келтіреді және жараның артқы бұрышын тікпейді. Бүйректен несептің ағып кетуі бұзылғандай жағдайда оны нефро — немесе пиелостомия жолымен дренаждау қажет болады.

Операциядан кейінгі кезеңде 2-ші тәулікте тампондарды резіңке шығарғыштармен алмастырады, жараны некроздықтіндерден тазарып, шырынды грануляциялар пайда болғанға дейін ұзақ уақыт бойында дре-наждайды. Несеп пен бүйрек тіні микрофлорасының антибиограммасының деректерін есепке ала отырып антибактериялық терапия тағайындайды, дезинтоксикациялық терапия, емдеу гимнастикасын жүргізеді. Іріңдік немесе септикалық интоксикация білінген жағдайда операция­дан кейінгі кезеңде емдеу шараларының жиынтығына экстракорпоралдық дотоксикация әдістерін (гемосорбция, плазмосорбция, плазмаферез) қосады. Операциядан кейін науқастар ұзақ уакыт (кемінде 1жыл бойы) диспансерлік қадағалауға мұқтаж болады.

Бүйректе карбункулдар көп болатын болса, қарама-қарсы бүйректің интактылығы және оның функциясы жақсы болған жағдайда әсіресе жасы ұлғайған және қартайған науқастарға нефрэктомия жүргізген дұрыс болады.

Болжам.Бүйрек карбункулы кезінде болжам барынша байыпты болуға мүмкін, өйткені ауыр іріңдік интоксикация наукастың жағдайын септикалық жағдайға айналдырады, бұл орайда контралатералдық бүйректің зақымдалуы мүмкін. Болжам әсіресе карбункулдар көп бол­тан кезде қолайсыз болады, өйткені науқас сауығып кеткеннің өзінде одан кейінгі уақытта өту барысы баяу созылмалы пиелонефрит, бүйректің семуі және артериялық гипертензияның дамуы болмайды деуге әсте келмейді. Бүйректе несеп пассажы бұзылмаған жағдайда бір ғана карбункул пайда болған кезде және дер кезінде операция жасалған болса, болжам әдетте қолайлы болып қалыптасады.

#Екіқабат #әйелдердің #жедел #пиелонефриті