Екінші дүниежүзілік соғыс  слайд,презентация — Тарих

0

 

Екінші дүниежүзілік соғыс  слайд,презентация

 

 

Германия ағылшын –француз әскерлеріне қарсы соғыс қимылдары табысты  болу үшін Солтүстік Атлантикада  тиімді стратегиялық база болатын  Дания мен Норвегияны  басып алу керек деп шешті  .1940 ж 9 көкекте Дания мен Норвегияның бейтараптылығы  бұзып  , оларды  жеріне  неміс әскерлері басып кірді . Дания жеңілгендігін бірден мойындады . Ал Норвегия  барлық  қарулы  күштерін соғысқа жұмылдырып  , қарсылық көрсетті
Алайда күші басым неміс әскерлері елдің көп бөлігін  жаулап алып, өкімет билігін жергілікті фашисстерге берді . Норвегия королі мен үкіметі талқандалған әскерінің қалдығын алып, Англияға кетті.
Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Бұл соғысқа 61 мемлекет қатысты. Соғыс жылдарында 70 млн астам адам өлді. КСРО жағынан 26 млн адам қаза болды. Германия барлық майданда 12 млн адамынан айрылды. АҚШ-тың 405 мың адамы, Ұлыбританияның 375 мың адамы өлді.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!