Екі таңбалы санға көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту. 4-сынып

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Екі таңбалы санға көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту. 4-сынып

Автор: Күздеубаева Бақтыгүл Сайфуллақызы

Бағыты: Математика Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал 4-сынып ұстаздары мен оқушыларына әдістемелік көмек бола алады. Тақырып барысында оқушылар екі таңбалы санға көбейту және бөлу және санды қосындыға көбейту тәсілдерін меңгереді.Әрбір өрнекті екі түрлі тәсілмен есептеп шығару жолдарын түсініп, меңгереді.




Күні: 14.01.2018ж
Пәні: Математика
Тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту
Сынып: 4 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу және санды қосындыға көбейту тәсілдерін меңгерту.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығара алады, көп таңбалы сандармен есептеу тәсілдерінің өтілген түрлерін толық біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
Өз бетінше күрделі тапсырмаларды орындай алады.
Кейбір оқушылар: Ауызша есептеу тәсілдерін түсінеді
Тапсырмаларды орындау барысында болған қиындықтардың негізін зерделеуге ынталанады
Тілдік мақсат Көкшетау, Солт.Қазақстан, Қостанай, Атырау, Семей қалаларын картадан көрсетеді салыстырады, мәселе есептерді талдайды
Алдыңғы оқу Шаршы, тік төртбұрыш, текше
Жоспары
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы 1.Психологиялық ахуал орнату.Әлем елдерінше амандасу.Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.Мен бақытты баламын,Жан дүниемде күн нұрлыЖылуым мол бойымда.Жапонияда -бір-біріне иіледі. қолдарды бүгіп, иілу қажет.Қытайда-қолдарын бүгіп, иіледі. Өзіміздің қазақи екі қолмен –амандасаып, күлімсірейік.ІІ. Топқа бөліну«Сиқырлы қорапша» ойыны. Қорапша ішінде геометриялық фигуралар болады, сол фигураларды оқушылар қарамай алады. Алған фигура бойынша орындарына отыру.(Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.)Топ ережесін еске түсіруІІІ. Үй тапсырмасын тексеру№ 9.148*20= 2960 728*40=29120 5670:30=189 72080:80=901 256*30=7680 587*50=29350 8240:20=412 81090:90=901ІҮ. Тірек білімдерін жетілдіру.Ауызша есептеу:1)  жоғарыда 21 кітап, төменде 7 кітап болса,онда жоғарыдағы кітап, төмендідегі кітаптардан  неше есе артық? 3 есе артық2)  Егер сыныпта 12 ұл және 6 қыз болса, онда қыздар ұлдардан неше есе кем? 2 есе3)  Егер аквариумда 9ақ балық  және 3 көк балық болса, онда ақ балық көк балықтан неше есе артық? 3 есе Қима қағаздар.КестеСызба қағаздар
Ортасы ІV. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс:№ 1. Мысалдарды тиімді тәсілмен, әрі тез есептеу. АВСД тік төртбұрышы неше шаршыдан құрастырылғанын әр түрлі тәсілмен есептеп шығар.(4+2)*3= 6*3=18 Көбейтудің терімділік қасиеті(4+2)*3 = 4*3+2*3=12+6=18 Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті3*( 4+2 )=3*6=18 және 3* (4+2)=3*4+3*2=12+6=18Суретті және жазуларды пайдаланып, өрнектердің мәндерін есептеп табу тәсілдерін түсіндіру.

№ 2. Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен есептеп шығару.

№ 4.Әр баған мысалдарындағы есептеу тәсілдері салыстыр.Не байқадың ? Жазуды жалғастыр:а) 35*14= 35*(10+4) =35*10+35*4 =350+140 = 49035*40= 35*(4*10) =35*4*10 = 140*10 = 140016*12=16*(10+2) = 16*10+16*2=160+32=19216*20=16*(2*10)=16*2*10=320ә) 25*40=25*(4*10) =100045*200=45*(2*100) =900025*42=25*(40+2) =1050 25*440=25*(400+40) =11 000№ 5. а) Көкшетау-1896 көлСолт.Қазақстан -?356 көл артық 11898 көлҚостанай -? қалғаныШ:1896+356=2252(к) –( Солт.Қазазстан)11898-(2252+1896) =7750 (к)Ж: Қостанайда 7750 көл бар.

б) Атырау -2150 көлСемей -? 1186 көл кем ? көлАқтөбе -? 784 көл артықШ. 2150-1186 =964к — (Семей)964+784=1748к –(Ақтөбе)1748+964+2150 =4862 (к)Ж: Үш өңірде барлығы 4862 көл.

№6.а)24кг сүт — 3кг қаймақ Ш:24:3=8кг 40: 8=5 кг40 кг сүт -? кг қаймақ Ж: 40 кг сүттен 5 кг қаймақ алынады.

Ә)24кг сүт — 6кг сүзбе Ш:24:6=4кг 40: 4=10 кг40 кг сүт -? Кг сүзбе Ж: 40 кг сүттен 10 кг сүзбе алынады

СЕРГІТУ СӘТІ.(бүгінгі сабақтан қандай баға алғыларын келетінің ауада оң қол,сол қол, оң аяқ, сол аяқ,мұрын,көзбен жазу)№ 71 — топа) S = 16 дм² 16 дм² : 4 = 4 дм2- топб) V= 64 дм³ а = 4 дм3- топ қасиеттерін айтадыШАРШЫ — жазықтық, ТЕКШЕ – кеңістік фигуралар

№ 8.Салыстыр:12*5 = (10+2)*5 10*7+7 10+8*5

Геометриялық фигуралар

Қазақстанның картасы

Сергіп алады

Аяқталуы
  • Ойлан тап! ( Сабақты бекіту)
  • 1.Мәтіндегі сөйлемді  толықтыр.Барлық  қабырғалары  тең  фигураны  ……………..  дейміз. Фигураныңбарлық   қабырғаларының   ұзындықтарының  қосындысын  …. дейміз.  Оны латынша ……   әрпімен   белгілейміз.Шаршының   қабырғасы  1 см болса, периметрі  … см болады.Шаршының  қабырғасы  5  см  болса, периметрі  … см  болады.Қызықты логикалық есептер1.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұр)3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)5. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)7. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.