Екі компьютердің өзара әрекеттесуінің қарапайым жағдайы туралы қазақша

0
51

Компьютерлердің ең қарапайым өзара әрекеттесуі компьютердің перифериямен өзара әрекеттесуі үшін пайдаланылатын құралдармен жүзеге асырылады, мысалы, КЗ-232С тізбектелген ннтерфейсі арқылы. Компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуінен айырмашылығы -программа тек бір жақтан — компьютер жағынан — жұмыс істейді. Бұл жағдайда компьютердің әрқайсысында жұмыс істейтін екі программаның өзара әрекеттесуі жүзеге асады.

Бір компьютерде жұмыс істейтін программа басқа компьютердің ресурстарына — диск, файл, принтер — тікелей кіру мүмкіндігін ала алмайды. Ол тек сол ақпараттық ресурс жатқан компьютерде жүмыс істейтін программаға «өтініш» жасай алады. Бұл «өтініштер» компьютерлер арасында байланыс арнасы бойынша таратылатын хабарлар түрінде өрнектеледі. Хабарлар тек қандай да бір әрекетті орындайтын тек командалардан ғана тұрмайды, ол акпараттық мәліметтер де болуы мүмкін (мысалы, қандай да бір файлдың мазмұны).

А дербес компьютерінде мәтіндік редактормен жұмыс істейтін пайдаланушы В дербес компьютерінде орналасқан қандай да бір файлдың бөлігін оқығысы келген жағдайды қарастырайық. Біз бұл компьютерлерді СОМ порты (оны К5-232С интерфейсі орындайды) арқылы кабельмен жалғастырдық деп есептейік. Мұндай жалғастыруды көбінесе «нөлдік-модемдік» деп атайды. Ал, компьютерлер М8-В05 басқаруымен жұмыс істейтін болсын.

СОМ-порттың драйвері СОМ порттың контроллерімен жоғарыда сипатталған компъютердің ІІҚ-мен өзара әрекеттесуі тәрізді жұмыс істейді. Бұдан ПҚ басқару құрылғысының ролін басқа компьютердің контроллері мен СОМ-порт драйвері орындайды. Олар бірге, кабельмен компьютерлер арасында бір байт ақпарат жіберуді орындайды. (Жергілікті желілерде байланыс линиясы бойынша осыған ұқсас мәліметтерді тарату қызметін желілік адаптерлер мен оның драйверлері орындайды).

Контроллер арқылы орнатылған мәліметтерді тарату дұрыс орындалғаннан жағдайда В компьютерінің драйвері қабылдаудың аяқталу белгісін үнемі сұрайды. Ал, ол пайда болғаннан кейін контроллер буферінен қабылданған байтты В компьютерінің программаларына оқуына мүмкіндік бере отырып, оперативті жадыға оқиды. Кейбір жағдайларда контроллердің үзуі бойынша драйвер асинхронды түрде шақырылады.

А және В компьютерлерінің программаларының өзара әрекеттесуінде бір байт ақпаратты таратуға арналған құрал бар. Біз қарастырған мысалдағы мәселе одан да күрделі, өйткені тек бір байтты ғана емес, берілген файлдың белгілі бір бөлігін жіберу қажет. Осыған байланысты барлық қосымша мәселелерді СОМ -порттың драйверіне қарағанда жоғары деңгейдегі программалар шешуі тиіс. Нақтылық үшін А және В компьютерлерінің программаларын А және В қосымшалары деп шартты түрде атайық. Сөйтіп, А қосымшасы В қосымшасына сұрау-хабарлама қалыптастыруы тиіс. Сұрауда файлдың атын, операция типін (бұл жағдайда — оқу), қажетті мәліметтерден тұратын файлдың ығысуы мен өлшемі болуы тиіс.

Осы хабарды В компьютеріне беру үшін А қосымшасы СОМ-порттың драйверіне барып, оған драйвер хабарламаны табатын оперативті жадының адресін хабарлайды да, одан кейін байттарды В қосымшасына береді. В қосымшасы сұрауды қабылдап, оны орындайды, яғни дискіден файлдың қажетті көлемін жергілікті ОЖ құралдарының көмегімен оқиды да, өзінің оперативті жадысына орналастырады. Одан кейін СОМ портының драйверінің көмегімен оқылған мәліметтерді байланыс арнасы бойынша А компьютеріне жібереді.

А қосымшасының келтірілген қызметін мәтіндік редактордың өзі орындауына болатын еді, бірақ бұл аталған қызметтерді әрбір қосымшаларға — мәтіндік, графикалық редактор, мәліметтер қорын басқару жүйесі және т.б. қосу тиімді емес. Одан да хабарлама сұрауды қалыптастырып, нәтижені қабылдауды компьютердің барлық қосымшалары үшін орындайтын арнайы программалық модуль құрған айтарлықтай жеңіл, әрі тиімді. Алдыңғы тарауда айтылғанындай мұндай программалық модуль клиент деп аталады. Осы компьютердің дискісінде орналасқан алыстағы файлға жасалынған сұрауды үнемі күтуде болатын В компьютерінде жұмыс істейтін модуль сервер деп аталады. Сервер желіден сұрауды қабылдағаннан кейін жергілікті файлға оралып, жергілікті ОЖ-нің қатысуымен көрсетілген әрекетті орындайды. Клиент және сервер программалары А компьютері қосымшасының сұрауы бойынша В компьютеріндегі файлға алыстан кіру мүмкіндігімен жүйелік қызметті орындайды. В компьютерінің қосымшасы А компьютеріндегі файлға кіру мумкіндігіне ие болу үшін В компьютері үшін клиент, ал А компьютері үшін сервермен симметриялы түрде толықтыру қажет. 2.2 -суретте клиент және сервердің қосымшалармен сонымен бірге, ОЖ-мен өзара әрекеттесу схемасы келтірілген.

Клиенттік программаның өте ыңғайлы, әрі пайдалы қызметінің бірі — алыстағы файлға жасалған сұраудан жергілікті файлға жасалған сұрауды ажырата білу қабілеті болып табылады. Егер клиенттік программа осыны орындай алатын болса, онда қосымша оның қандай файлмен (жергілікті немесе алыстағы) жұмыс істейтіндігі жөнінде ойланбайды.

#Екі #компьютердің #өзара #әрекеттесуінің #қарапайым #жағдайы