Египет мемлекеті слайд, презентация — Тарих
Египет мемлекеті слайд, презентация
Білімділік: Египетте ең жоғарғы дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету
Дамытушылық: Ежелгі Египетте математикалық , геометриялық және астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндай отырып, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айта отырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру.
Египетте жазу өнері б.з.б. IV м.ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700-ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға.
Египеттіктер тасқа, ағаш қабығына, балшыққа, теріге жазған. Соның ішінде ең көп тарағаны папирус өсімдігінен жасалған қағаз-папирус болды.
Математикадағы жетістіктер:
— Пирамидалар салғанда оның көлемін есептеп отырған.
Күрделі геометриялық құрылыстар салған.
Архитектура мен сурет өнерінің бірлестігін анықтап, ұтымды пайдалана білген.
— Дөңгелек көлемін қандай әдіспен анықтау керектігін білген.
— Түбірасты квадраттарын анықтай білді.
— Кез келген заттың көлемін есептей алған.
-Арифметикалық және геметриялық прогрессия туралы білді.