Егер балаңыз табысқа жеткен тәуелсіз адам болғанын қаласаңыз, 500 миллионердің өз балаларын тәрбиелеуде қолданатын қағидаларына құлақ түріңіз
1. Ешқашан балаларға көп ақшаңыз бар екенін айтпаңыз.
Шын мәнінде бай адамдар өз ақшамен дандайсымайды, тіпті, керісінше, өздерін неғұрлым қарапайым ұстайды. Сіздің едәуір сомаңыз бар екені жайлы балаларда күдік те болмайтындай етіп өмір сүріңіз.
2. Қаншалықты бай болсаңыз да балаларды үнемдеуге және өз-өзін тәрбиелеуге үйретіңіз.
Дәулет жинай алатын адамдар балаларына өз өнегесімен тәрбие береді. Балалардың алдында әрдайым жақсы өнеге – өмірі өз-өзін тәрбиелеумен әрі үнемдеумен ерекшеленетін ана-ана тұруы тиіс.
Балалар бәрін керемет ұғынады. Олар өздерінің ана-анасы бұза беретін ережені ешқашан сақтамайды. Олар сөзі мен ісі бір жерден шықпаған сәтті лезде байқап қояды.
Міне, назарыңызға бір миллионердің 12 жасар қызының өз қолымен жасаған плакатқа жазған «Баға жетпес қағидаларының» тізімін ұсынып отырмыз. Бұл әкесінің балаларына әрқашан айтып отыратын қағидалары екен.
— Қиындыққа дайын бол!
— Өмір қиындыққа толы.
— Дайын асқа тік қасық болам деп ойлама!
— «Ой, мен бір сорлымын» деп айтпа, өзіңді аяма!
— Бәтеңкеңді сүйретпей жүр!
— Бекер жақсылық жасамай берме, оның да сұрауы бар.
— Алған затыңды орнына қой!
— Қызарып кету ұят емес.
— Мұқтаж адам көмек сұрағанға дейін көмектес.
Өміріңді ұзақ мерзімді келешекте елестете білу маңызды.
Қиындықтан қашып құтылмайсыз. Балаларды өмір сынағынан сақтап қала алмайсыз. Өмірлік тәжірибесі мол, кедергілерді жеңе алатын және оған кішкентайынан үйренген адам – қиындыққа бетпе-бет тұрып күресу құқығынан оларды ешкім айырмаған адамдар өмірде табысқа жетеді. Бұдан айырылған бала, шынында, алданған бала. Балаларын қоғамымыздағы барлық ықтимал көргенсіздіктен қорғауға тырысатын ата-аналар олардың қорқынышқа, мазасыздыққа, тәуелділікке қарсы тұрып, шынығуына жол бермейді.
3. Балаларыңыздың әрқайсысына мүлкіңізден не қалатыны туралы әңгімелесуді барынша азайтыңыз. Ешқашан қалжыңдап не шынымен: «Саған үй, ал сіңліңе машина, немереге әшекейлер қалады», — деп айтпаңыз. Бұл ұрыс-керіс, кикілжіңге әкеледі.
4. Балаларға ақша немесе сыйлықты өтемақы ретінде ұсынбаңыз.
Махаббатыңыз бен әділдікке сүйеніп сыйлық жасаңыз. Әйтпесе балалар анасы мен әкесіне қысым жасап, сыйлық талап ету керектігін тез ұғып алады. Бұл ретте аға-інілер мен әпке-сіңлілер бір-біріне қарсылас ретінде қарай бастайды.
5. Өз балаларыңызбен жарыспаңыз.
Қанша ақша жинағаныңызды айтып мақтанбаңыз. Неге қол жеткізгеніңізді айтып мақтанудың қажеті жоқ. Балалар ата-анасының жеткен жетістіктерін бағалау үшін жеткілікті дәрежеде ақылды және қабілетті. Әңгімеңізді «Міне, мен сенің жасыңда…» деп бастамаңыз. Жиі бай ата-аналардың балалары алдыңғы қатарлы табысты адам болып өсіп, көп нәрсеге қол жеткізіп жатса да, олар үшін өмірдің басты мақсаты ақша емес. Олар үшін жақсы білім, әріптестердің құрметі, жоғары әлеуметтік дәреже маңыздырақ.
6. Балаңыздың ТҰЛҒА екенін еске сақтаңыз.
Барлық бала әртүрлі және олар өмірде табысқа әрқалай жетіп жатады. Балаларға қалай көмектесуге тырыссаңыз да, теңсіздікден қашып құтыла алмайсыз. Сіздің материалдық көмегіңіз теңдікті қалпына келтіруге көмектесе ала ма, жоқ па, бұл екіталай.
7. Балаларыңыздың беделді нышандарына емес, кішкентай болса да жеткен жетістіктеріне де қуаныңыз.
Балаларыңызды тұтынушы болуға емес, нақты жетістікке жетуге үйретіңіз. Басты мақсат көбірек жұмсау үшін ақша табу болмауы тиіс.
«Әрқашан өз ісіңде бірінші болуға тырыс. Ақшаның артына түспе. Егер өз ісіңді барлығынан артық білсең, ақша сені өзі іздеп табады», — деген екен бір миллионер өзінің дәрігер болуға бекінген баласына.
8. Балалар көп нәрсенің ақшадан да қымбат екенін түсіну тиіс.
Денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт, махаббат және тату отбасы, тәуелсіздік, жақсы дос (егер бес жан досыңызды санап бере алсаңыз, сіздің жолыңыз болғаны), мықты бедел, адамдардың құрметі, адалдық – міне, нағыз жетістіктер!
Бұл қағидалар – әмбебап, сол себепті балаларыңыз болса, неге үйретіп жүрсіз және қандай үлгі беріп жүрсіз, сол жайында ойланыңыз.