Дүние жүзінің халқы слайд,презентация — География
Дүние жүзінің халқы слайд,презентация
Дүние жүзі халқының жыныстық құрамы
Дүние жүзі халқының жыныстық құрамында ерлердің үлес салмағы басым. Ерлердің саны әйелдерден 51 млн адамға артық. Алайда әр түрлі елдердегі халықтың жыныстық құрамы түрліше болып келеді. Қазақстанда орташа алғанда әр 100 әйелге 93 ер адамнан келеді.
Ежелгі грек математигі және философы Пифагор адам өмірін жыл мезгілдеріне балаған:
Көктем – балалық шақ
Жаз- жастық шақ
Күз – есейген шақ
Қыс –кәрілік шақ
1. Жас- жыныстық пирамида –бұл халықтың жастық және жыныстық құрылымын көрсететін графикалық сурет.
2. Ұдайы өсудің II типіне жататын елдерде (дамушы) пирамиданың төменгі жағы (балалар) өте кең болып келеді , ал Iтипіне жататын елдерде (дамыған) керісінше тар болып келеді. Қарт адамдардың үлесі I типіне жататын елдерде жоғары болып келеді.