Дулат Исабеков Ата үміті слайд,презентация — Әдебиет
Дулат Исабеков Ата үміті слайд,презентация
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау,іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның рухани жан-дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш — қуатын таныту;
Дамушылық- жазушының портрет жасау шеберлігіне назар аудару,көркем сөз құдіретіне үңілу,кейіпкерлерге мәтіннен мысал келтіре отырып сипаттамалар беру,ой қорыту,пікір айтуға,оны қорғай білуге төселту;
Тәрбиелік- оқушыларды зұлымдық,жауыздық,қатыгездік,қаскөйлік сияқты жаман қасиеттерден жирендіре отырып ізгілік жолына тәрбиелеу,адамгершілік, имандылық,парасаттылық сияқты қасиеттерді бойға сіңірту;
Қалай ойлайсыздар,үзінді неге «Ата үміті»деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған,артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста,соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді,атаның үміті неде?
Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай,қайда жүздестік?
Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?
Алғашқы жүздесудегі әсер
Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай,қайда жүздестік?
Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?
Алғашқы жүздесудегі әсер
Ой қозғау: «Обал мен сауап»
а) Обал -ұғым атауы.Дерексіз зат есім.Көзбен көрмейміз,
қолмен ұстамаймыз.Обал сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?