Достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болу

0
213
Лидер сағатының жоспары
Тақырыбы: Дос – егіз, дұшпан – сегіз
Кәсіби даму мақсаты: Тәрбие сағаттарындағы тренингтер арқылы оқушыларда таратылған көшбасшылықты дамыту.
Концепт (тарих және мәдениет, жаһандық қоғам): Достық – алтыннан қымбат!
Сабақ мақсаттары: Достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болудың тәртібімен, достықтың адам өмірінде алатын орынымен, өмірдегі қуанышты, мұңды кездерді досымен бөлісе білуге, жақсылық жасай білуге үйрету. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Жетістік критерийі: Оқушылар достық сезімі өмірде олардың бірін – бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, медет болуынан, қиын – қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғынады.

Құндылықтарды дарыту: Оқушылардың татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жақсылық жасай білуге үйрету, сыйластық, түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, өзін – өзі басқару қабілеттерін дамыту.
АКТ қолдану дағдылары: Бейнеролик, презентация
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, мәдениет, өзін – өзі тану

Сабақтың басы
– Сәлеметсіздер ме көшбасшылар.
Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық – адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

1. «Жақсы дос пен жаман дос» бейнебаянын көру.
Ой шақыру
«Мен досыма сенемін, себебі мен………» сөйлемді жалғастыру.
Әрбір адамға дос керек, өйткені….
Сыйластық бар жерде……
Жақсы дос……….
Жаман дос………..

2. «Ойлан, тап!» (Мақал – мәтелдерді жалғастыру)
1.«Кемшіліксіз… іздеген адам… қалады».
2. «Дұшпан… айтады, дос… айтады».
3. «Жаңылмайтын… жоқ, сүрінбейтін тұяқ…».
4. «… жаңасы жақсы,… көнесі жақсы».
5. «… теңгең болғанша, жүз… болсын».
6. «Досы көппен…, досы жоқпен…».
7. «Досы…, өзі де жақсы».
8. «… басқа қарайды,… аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз…, ақылды дұшпан…».
10. «Досың мың болса да -…,… біреу болса да – көп».

Сабақтың ортасы
2. Ситуациялық жағдаяттар
Әр топқа белгілі бір ситуациялық жағдаяттар беріледі. Сол жағдаяттар бойынша талдау жасау ұсынылады.
І. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?
ІІ. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?
ІІІ. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп
кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
ІV. Анаң бақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

Мектеп: Өскемен қаласы,
химия – биология бағытындағы НЗМ.
Тәрбиеші аты: Бердібекова Г. К.
Дос – егіз, дұшпан – сегіз жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/