Достық қымбат өмірде тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде» тәрбие сағаты

Күні:

Мақсаты:

а) оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру;

ә) берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету;

б) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.

Түрі: ситуациалық жағдайлар

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, плакат, слайд Барысы:

Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру бөлімі:

2. Шаттық шеңбері

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату – тәтті жүреміз

3. «Атомдар, молекулалар» жаттығуы арқылы топқа бөлу. 

Тақырыпты ашу сұрақтары. -Дос деген кім?

-Достық дегенді қалай түсінесің? — Досың бар ма? Ол кім? -Достық шынайы сезім бе,әлде жай ұғым ба? Негізгі бөлім Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы әңгіме қозғаймыз? Дос – ақылшы, көмекші, сырлас, жақын,адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Достық — адамдардың бір – бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. -Достық жасқа байланысты ма? -Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? -Жақсы дос, жаман дос қандай болады? -Дос қандай болу керек? Ой шақыру: «Мен досыма сенемін, себебі мен ………» сөйлемді жалғастыру. (2 мин) Әрбір адамға дос керек, өйткені…. Сыйластық бар жерде…… Достық Ертеде, Есім ханның ел билеген заманында, бір кішкентай қалашыққа Досымбек деген талантты, әділетті жігіт қазы болып сайланыпты. Ақкөңіл, адал ниетті жас жігіт ел сенімін ақтап, әділетті сот билігін жүргізді. Ақжарқын мінезді Досымбек бір күні әкесіне аңқылдап сырын айтады: — Әке, бұл күнде дос-жарандар көбейді. Бәрі де адал дос боламыз, қиындықта жаныңнан табыламыз деседі. — Онысын келешекте Алла біледі,- депті әкесі. Әкесі Сабыржан қарапайым шаруаның адамы екен. Бірақ «ханға бергісіз қараша бар» дегендей әкесі ойшыл, кемеңгер екен. — Балам, ертең қолың бос бола ма? Осы айтқан сөзіңе байланысты мен саған ғибрат мысал көрсетейін ,- депті. Ертеңіне түйе жеккен арбасының үстіне киіз сырмаққа ұзынынан бір серкені көрсетпей орап салады да, өлген кісіше жатқызып алып жүреді. — Сен алдына жүріп отыр, әрбір досыңның есігінің алдына тоқтап тұр. Сөзді мен өзім айтамын, сен үндемей тұрасың,- деп ұғындырады. — Шырағым, жан қысылып өзіңе келдік. Мынау, Досымбек- жан досың, істі болып қалды. Оқыстан қата тиіп, сойылға жығылып, мына бір адам өліп қалды.Шын дос болсаң, мына арбаны өлігімен бүгінше бір жеріңе паналатып бер,- дейді Досымбектің әкесі. Үй иесі ат- тонын ала қашып, азарда- безер болады. — Пәлеңнен аулақ, мынадай пәлесі тиетін нәрсені әрі әкетіңіз!- дейді. Сөйтіп, бала бір досынан кейін бір досына бара береді. Бәрінің сөздері сол болады: «Пәлеңнен аулақ, кетіңіз! Досымбекпен достық кезінде болған нәрсе»,- деп біреуі де бұларды үйлеріне жуытпайды. Соңғы үйлердің біреуі қиналыпты: «Мынау қиын болды ғой, өлікті қалдырып кетіңіз, көлік пен арбаны алып жүре беріңіз, өлікті жасыра тұрайын»,- депті. Енді бір ғана досы қалыпты. «Бұған да бара кетейік»,- деп шаруасын айтса: — Қайтейін, Досымбекпен бірге көрейін, досым үшін жаным садаға! Арбаны да, көлікті де, өлікті де- бәрін осында қалдырып, өздерің кете беріңдер,- депті. — Міне, балам, басыңа қиындық іс түскенде, жаныңда бірге болатын шын дос-жолдасың жүз кісіден бір жарым ғана болғанын өз көзіңмен көрдің,- депті әкесі баласына. Оқушылардың пікірі тыңдалады. Сергіту жаттығуы Тақтада көріп тұрғанымыздай, судың артында 7 – қарапайым балық жасырылған оған + 5 ұпай, ал екі балықтың бірі «Алтын балық» және «Акулла» жасырылған. Егер «Алтын балықты» ауласаңыз сіздерге + 10 ұпай бонус қосылады, ал егер «Акулла» түссе – 10 ұпай шегеріледі. Бұл балықтар арқылы біздер ситуациялық сұрақтарға жауап береміз. Әр жауап беру уақыты 45 сек…Сондықтан бұл ойында тиянақтылық пен қатар шапшаңдық қажет етеді. 1 – сұрақ: Сенің қиындық пен қуанышта қасыңда болатын, сені түсіне білетін жан досың бар ма? Болса, оның қандай қасиеттерін ерекше бағалайсың? 2 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің? 3 – сұрақ: Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің? 4 – сұрақ: Көптен күткен әншінің концертіне билет алуға бара жатырсың. Қалтаңда 2000 теңге, билет құны 2000 теңге, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін өтінеді. Бұл жағдайда не етер едің? 5 – сұрақ: « Екі дос келгенде жаңа достың көзінен жас шығады» — деген мақалдың мағынасын аш. 6 – сұрақ: «Есептескен дос болмас» мағынасын түсіндір? 7 – сұрақ: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығасың? «Достың да досы бар» демекші, әр адамның өзінің жан дүниесін түсінетін ішкі сырың ақтаратын сырлас досы болады. Осы отырған оқушылардың ішінен ең жақын жан достарды ортаға шақырамыз. Екі достың пікірі (Не үшін? Қалай?) Ситуациялық сұрақ: Мына шардың ішінде 3 – сұрақ бар. Қандай шардағы сұраққа жауап беру өз еркін. 1. Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің? 2. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба? 3. Сен физикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың? Достыққа байланысты мақал-мәтелдер: Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас Дос егіз, дұшпан сегіз Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды. Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын Жаман достан жау артық Ағаш тамырымен, адам досымен мықты Айрылмастай досыңа, Қайрылмастай сөз айтпа Досыңды жамандама, Доссыз қаларсың. Досы жоқ адам тамыры жоқ ағашпен тең Қорытынды. Балалар, бүгін біздер достықты берік сақтау үшін, одан әрі нығайту үшін керекті көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Алдағы уақытта өмірімізге нәр беретін, сын сағатта қасымыздан табылатын достарымыз көбейе берсін деген тілекпен, сендерге мына жылулық тарайтын алақанға сыныптас көршінізге тілек тілеп, мейірімді жүрекке ілуіңіз сұралады. Сабағымызды сөзі: Т.Молдағалиев әні: С.Бәйтереков «Дос туралы жыр» әнімен аяқтайық.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!