Достық мерекесі балабақшадағы ертеңгіліктер
Мақсаты: Б.Балаларға «достық» сөзінің мәнін түсіндіру.
Д. Зейінін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Эмоцианальдық көңілдерін көтеру.
Т.Көп ұлтты Қазақстанды құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Барысы: Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін айнала.
Жалықпастан қайта біз,
Достық сөзін айтамыз.
Бақыттымыз осы біз,
қасымызда досымыз!
«Достық» туралы әңгімені сахналау.
Қатысушылар: құмырсқа, көбелек, ара, торғай, қарға.
Ән: Дос болайық бәріміз.
Жүргізуші: Бәріміздің кеудемізде бір үміт,
Біз сол үшін айқасамыз бірігіп,
Жүрегіміз бір соғады қашанда,
Жүрсекте біз неше түрлі киініп.
Би: Қара жорға
Тақпақ: Монғол, дүнген, ұйғыр,
Армян, тәжік, грузин.
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Жүргізуші: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,
Гүл-бәйшешек еш уақытта солмасын,
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
Ән: Ақкөгершін
Жүргізуші: Ал балалар достық туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Досыңды бір алдасаң,
Өзіңді мың алдағаның.
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Жаман достан, қисық таяқ артық.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
Тақпақ: Достар болса достық атын ақтаған,
Алыс жолда- жақын жол.
Қара бала, сары бала, ақ бала
Туыстардай тату бол!
Ойын: «Досыңды тап»
Тақпақ: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз,
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
Би: Паппурий ( өзбек, грузин, қазақ, орыс)
Жүргізуші: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,
Айнала көңіл жүректі кір шалмасын.
Қыран құстар даласына еркелеп,
Аспанымда қалықтаудан талмасын.
Тақпақ: Отанды әркім анасында
Қастерлейді, бағалап,
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер бағалап.
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан- үлкен
Қазақстан –туған ел!
Хор: «Отан»
Би: Достық биі
Достарға жақсы тілек айтайық. Ұлттар достығы жасай берсін!
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!