Достық балабақшадағы семинарлар
Тақырыбы: ДОСТЫҚ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Шаттық шеңбері.
— Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Тренинг ережелерімен таныстыру.
1. Кешікпеу.
2. Өз уақытында бастау.
3. Бір-бірін сыйлау.
4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
5. Көңілді болу.
Танысу тренингі.
Әдепті — Әлия Үлпілдеген — Үміт
Жағымды – Жұлдызай Мейірімді – Мәди
Нұрдай – Нұрлыбек Аяулы — Ақсамал
Аққудай — Аружан Оқымысты – Оңалбек
Ынталы – Ықылас Ажарлы — Асыл
Айбатты – Аяжан Айдай — Аружан
Жақсы – Жаңабек Ғажайып — Ғасырбек
Айымдай – Аружан Жайдарлы — Жалғас
Нұрлы – Нұржігіт
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
— Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІV. «Достық.Бірлік.» үйін салу.
— Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
3. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
4. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
5. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
6. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
7. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.
V. Тыныштық сәті.
— Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
— Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Досымыз туралы ауызша әңгімелеу.
—
VI. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз
топтарыннан үш адам есімдерін айту.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
ҮІІ. Қорытынды.
1. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
— Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
2. «Ризамыз» әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.
Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!