Дос және достық туралы мақал мәтелдер жинағы

Дос егіз, дұшпан сегіз. Дос емес достың сөзін бөтен десе, Достықтан бір өкпемен кетем десе (Серәлі). Дос емес досты сырттан жамандаса, Кісі емес бір қатені жаба алмаса (Ақмолда). Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. Дос көбейсе дұшпан аяқ астында. Дос көңіліңді суытып айтады, Қасың ойыңды жылытып айтады. Дос көргеннен түңілме. Дос көтерер көңілді, Мал көтерер өлімді. Досқа ат берме, ат берсең «жай жүр» деме. Досқа ауырлығыңды салма, Достан қарыз алма. Досқа келсең босқа келме. Дос құшағы — жаз. Доспен дос болғанша шаттан, Дұшпанмен дос болғаннан сақтан. Күлме досыңа, келер басыңа. Досыңмен көп сөйлеспе, Жолынан қалтырасың. Дұшпаныңмен көп сөлеспе, Сырыңды алдырарсың. Дос сыртыңнан мақтар, Дұшпан көзіңе мақтар. Денің сау болса, Жарлымын деме. Жолдасың көп болса, Жалғызбын … Читать далее Дос және достық туралы мақал мәтелдер жинағы