Домбыра халық даналығы балабақшадағы ашық сабақтар
Балалар музыка әуенімен залға кіреді,жартылай шеңбер бойына тұрады. Саламатсыңдар ма балалар ?!Бүгін біздің сабағымызға апайлар қатысқалы отыр,олай болса барлығымыз апайлармен амандасайық.
Жарайсыңдар балалар бәрің жайғасып отырыңдар.
«Домбыра-халық даналығы»
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын атап беріңдерші?
-Сонымен неше ай бар екен?
-Табиғатта қандай өзгерістер бар?
Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақтың жауабын шешсеңдер ғана бүгінгі оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы ашылады.
Жұмбақ.
1)Құлағын бұрап тартқаным не?
Дұрыс айтасыңдар балалар! Бүгінгі біздің -шығармашылық саласы бойынша оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Домбыра халық даналағы»деп аталады.
Кіріспе сөз
Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ,қазақ емес домбыра
Нағыз қазақ домбыра
Біз бүгін ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспабымыз-домбыраның құрылысымен және оның шығу тарихымен танысамыз.
Бұрынғы уақытта көшіп қонып жүрген қазақтың қай-қайсысы да домбыраны шаңырағында қастерлеп төрге іліп,ұрпаққа жалғастырушы ретінде сақтап келген өнер киесі.
Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы-домбыра депті.Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл ойы,көңіл-күйі жатыр.
Домбыра елдің көне көз шежіресі,көпті көреген қарияның көңіл-күйі екен депті.
Домбыра туралы аңыз.
Ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап,демалмақшы болады.Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып,оған аттың қылын тартып өзі жасаған аспаптан шығармақшы болады.Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да,ұйықтап қалады Бір кезде оянса аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді.Аспапты қолына алып қараса домбыраның басына,шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де,мұны шайтанның ісі деп шешеді.Сонан бері, халық арасында бұл «шайтан тиек»деп аталып келеді.
Балалар біз бүгін қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраның құрылысымен танысамыз.
Домбыра халық даналығы. Домбырадан төгілген күйлер халқымыздың тынысын,табиғаттың ғажайып үнін бейнелейді.Күйлер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Олай болса балалар біз XIXғасырдың аса көренекті компазиторы,күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының
«Балбырауын»күйін тыңдайық.
Күй немен орындалды?
Балалардың тыңдау қабілеттерін ояту.
До-ми-соль-до жоғары
До-соль-ми-до төмен
Көмей жолдарын ашуға баулу.
«Домбыра сазы»әні.
Әннің әр сөзін анық таза айтуға баулу.Әнді нақышына келтіріп айтуға үйрету.
Балалар сендер домбыра туралы тақпақ білесіңдер ме?
Домбырай мұраны
Қастерлеуге тұрады
Сонда жатыр даланың
Үні менен ұраны
Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат-ақ
Ол аспаптың бір түрі.
Домбыра екі ішекті тоғыз перне
Жарасар әшекейлеп айтсаң терме
Домбыра іші қуыс сырты тақтай
Бірақта сөйлемейді қолмен қақпай.
Домбыраны қолға алып
Ән айтамыз толғанып
Өнерді сүйген жасынан
Біз осындай жас ұлан
Қолыма домбыраны мен алайын
Қосылып домбырамен ән салайын
Достасып домбырамен би билейін
Сиқырлы домбырамен күй ойнайын
Қомбыраның құлағын
Мәнерімен бұраған
Достарыңды ертіп кел
Содан кейін шертіп көр
Домбырам,жүрегіммен үндес едің
Сенімен сырласымдай тілдесемін
Баламнан қалған мұрам,сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім.
Өнер туралы мақал-мәтел білесіңдерме?
Өнер алды қызыл тіл
Өнерлінің өзегі талмас
Өнерлі өрге жүзеді
Балалар халқымыз айтыс өнеріне ерекше мән берген.Қазір біз айтыскерлерімізді ортаға шақырып, өнерін тамашалайық.
Ортаға Әлшер мен Азалияны шақырайық.
Ойыншыққа бұрын мен
Қызыққанда шығармын
Қазір міне өсіп ем
Домбыраға құмарттым
Қолың жетпей мойыныңа
Қиналмайсың тентегім
Алып жатып қойыныңа
Түсіңде де шертесің
Сарыарқаға күй теңбе
Тартсам кетем желпініп
«Айгөлекті» икемге
Жүрмін енді келтіріп
Үкі тағып басына
Күнде қолға аласың
Әкеңнің домбырасына
Қашан ие боласың.
«Домбыраны құрастыр»
Балаларды аңғарымпаздылыққа баулу. Дұрыс құрастыра білуге үйрету.
Балалар сендер домбыраны жақсы құрастырдыңдар,мен сендерге сондықтан да бір-бір домбырадан тарту етемін.Балалар енді домбырамызды оң қолымызға ұстап саппен жүріп төртеуден тұра қалайық.
Балалар бәріміз «Ата толғауы»күйімен әуенді ырғақты қимыл биін жасап жіберейік.
Балалар шеңбер бойына тұрайық.
1.Апайлармен не қылдық?
2.Не жасырдым?
3.Домбыра туралы не айттық?
4.Ненің құрылысымен таныстық?
5.Магнитофоннан не тыңдадық?
6.Дауысымызға не жасадық?
7.Қандай ән жаттадыңдар?
8.Домбыра туралы не айттыңдар?
9.Қандай ойын ойнадыңдар?
10.Қандай күймен қимыл жасадыңдар?