Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«ДОМБЫРА — ӘЛЕМНІҢ КҮЙ ҚАЙНАРЫ»
Автор: ТАЖИЕВА ГУЛЬНАР СЕРИКОВНА
Бағыты: Қосымша білім беру Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-17
Материал туралы қысқаша түсінік
ДОМБЫРА ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН КҮЙШІЛЕР
Қазақ халқы «есжиып, етек-жеңін жинағалы бер» қара домбыраменбіргежасасыпкеледі. Домбыраның тегіжайлыталай зерттеуші-ғалымдар өз хал-хадерінше тер төкті. Білгендерін ортаға салды.Өнербек Ахметтің айтуынша, Ортағасырлық, әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (VІ-VІІІ ғғ.) көшпенділердің музыкалық мәдениеті туралы құнды құжаттар Нара (Жапония) қаласында Сесоид императорының қазынасында сақталған. Тарихи экспонаттардың ішіндеерекшеназараудартатыныДунухуадада табылған түріктің ноталық хаты (партитура, табулатура). Бұл Будданың жиырмабесінші сутрасының нотасы, оның әуені қазақтың халық әні “Гәккуге” сәйкес келеді. Олкезде жапондықтар Шығыс Түркістанның музыкалық аспаптароркестрінгагакудеп, осы аспаптардаойнау әдісін билли деп атаған. Бұл сөздер қазақтың гәкку – әуен, музыка, би сөздеріне ұқсас. Ыбырай Сандыбайұлының творчествосыжайлы жазылған кітап “Гәкку” деп аталған. Биллиді – билерелідесек дұрысы осы болар.Қазіргі қазақтың жазық даласы орта ғасырларда «қыпшақ даласы» деп аталған. Қыпшақ даласының оңтүстік және батыс аймақтарының халқын орыстар мен поляктар “половцы” (“далалықтар”) десе, батыс еуропалықтар – “кумандар” (“қаз адамдар”) деп атаған. Ол уақытта қыпшақтардың әсері жоғары болған және тілі кең тараған. Бүның айқын дәлелі – “Кодекс Куманикус” (1303 ж.) кітабы. Бұл кітаптабізгекеліпжеткен қыпшақ әуендерінің романдық квадрат ноталары түрінде жазылған нота жазбалары бар, оларкейінненбатысевропамузыкасындакатоликтікхорлар үшін қолданылған.Қазақтың музыкасынзерттеушіБ.Ерзакович “Біздің болжауымызбойынша “Құман кітабында” қазақтардың музыка тілінің белгілері бар депсенімді түрде айтуымызға болады” деп жазған. Оның осы сөзінен біз халқымыздың саздышарттыбелгілермен (ноталармен) жазу үрдісінен бұрыннан хабардар болғанын байқаймыз. Біз әннің мазмұнын талдайотырып, қазақтың музыкалық тілінің кейбірэлементтерін, атап айтқанда, “Ақсақ құлан” күйі мен “Елім-ай” әнінің әуендерінен байқадық”. Ал, қазіргі кейбір музыка зерттеушілер нота сауаты Қазақстанға ХХ ғасырдың 20-30 жылдарыкелдідеп жүр.Музыкалық аспап – музыкалық терминология мен музыканы толығымен түсінудің негізгі факторы, себебіол – оның жалғыз “құжаты” және материалдық ізі. Ол бұрынғы тарихты, мәдениетті, халықтың ғасырлық музыкалық салтынтанытатын болғандықтан да өте қүнды.Ертеректегі музыка және музыкалық аспаптар жөніндегі әдеби мәліметтер Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) “Музыка туралы ұлы трактатында” бар. Мұнда сол уақытта белгілі болған музыкалық аспаптар сыбызғы, домбыра, сырнай, керней, қобыз, канун, уд, цимбал (чанг), тамбур, рабаб, дабыл, даңғыралар сипатталған және жүйеленіп көрсетілген. Сонымен қатар мұнда түрік тайпаларының тұрмысы және жетіішекті арфа туралы айтылған. Онда ғалымның өзі ойлап тапқан қыпшақ депаталатын үрленіп ойнайтынаспаптарытуралы мәлімет те бар. Біз бұл әрекеттен Әл Фарабидің тегінің қыпшақ екендігін айқын аңғарамыз. Әйтпесе, оның ойлап тапқан аспабы «қыпшақ» деп аталмаған болареді. Бұл трактатта әл-Фараби музыкалық бұрауларға математикалық дәйектеме беріп, теориясының негізін қалады.Түсініктеме: Атам қазақтың сөз жасау және ата-текжазу қағидасы бойынша Әл Фараби есімінің алдында тұрған Әл (Ал) сөзін Алаш (Алшын) деп оқысақ дұрысы солболады. Қазақтың шежіредерегібойынша «Қыпшақ» қазақтан тарайды, яғни қыпшақ қазақтың баласы.Қазақ аспаптарытуралы құнды мәліметтерді ауыз әдебиетімізде жиі ұшырастырамыз. “Алпамыс батыр” жырында үрлеп тартатын және соғып ойналатынаспаптар: керней, сырнай, дабыл, шыңдауылдың атыкездеседі. Кейбірежелгіаспаптар халық әндері мен өлеңдерінде, мысалы, “Жетігеннің жетеуінде” дәріптеледі. Жетіген мен домбыраатаулары Дәуіттің Забурінде (қасиетті төрт Кітаптың бірі) сол елдің ұлттық аспаптары қатарында аталады.Арал маңындағы Қойқырылған қаласына қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған, қолында қос ішектідомбырасы бар ер адамның күйдірген саз балшықтан жасалған мүсіні біздің дәуірімізге дейінгі ІV-ІІІ ғасырдан қалған екен.“Майтөбе” жайлауынан (Алматыоблысы, Жамбыл ауданы) теңіз деңгейінен 2000 метрлікбиіктікте орналасқан, ұзындығы 13 километрге созылған жоғарғы тау шатқалындағы көптеген суреттердің арасынантастан қашалған көне домбыраның суреті табылған. Суретте домбыраның артында бес адамның әртүрлі қимылда билеп тұрған бейнесі салынған. Сурет көне дәуірдің бұл музыкалық аспабы қазақ халқының домбырааспабынан басқа ешбір музыкалық аспапқа ұқсамайтындығы таластудырмайтын деңгейде бейнеленген. Аспаптың екі құлағы бар, яғни екіішекті, ұзын мойны, кеудесі бар, бетін бетқақпақпен жапқан. Домбыраның басына үкі тағылған. Ал домбыраға үкі тағу әдеті бізге күні бүгінге дейінжеткені баршаға мәлім.Белгілі археолог, тарих ғылымының докторыКемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар тасқа қашалған осы суреттізерттеп, бұл сурет кем дегенде неолит (б.д.д. 4000 жыл) дәуірінде бейнеленгендеп тапқан екен. Осы сурет шындығында біздің жылсанауымыздан төрт мың жыл бұрын бейнеленгенболса, ондамынадай: «жербетіндегіішекті музыкалық аспаптардың арғы атасы қазіргі қазақтың қара домбырасы», — деген.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарынзерттеу – қазақ мәдениетін үйренудің көзі. Домбыра – қазақ халқының ең сүйікті ұлттық аспабы. Домбырамузыкасытарихы халықтың тарихымен тығыз байланыстадамыды. Олар табиғат, адамтуралы өмірлік тәжірибені жеткізеотырып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіпотырды.Қазақстан территориясындаб.д.д.VІІ-ІV ғғ. өзінің артынанрухани, әсіресе қолданбалы өнер, ауызша және музыкалық творчествосында бай мұра қалдырған сақ тайпалары өмір сүрген. Сақтар кезінде, әсіресе, сыбызғы мен домбыра кең таралған болатын. Олардан біздің дәуірімізге дейінжеткен және халық арасында әлі күнге дейінтанымалежелгі күйлер ішінен“Шыңырау”, “Аққу” және т.б. атауға болады. Қазіргі қазақтың бесікжырлары, олардың әуені, ритмикасыбастауынсол уақыттардан алады. Ғылыми зерттеулердің дәлелдеуі бойынша қазақтың ысқышпен ойналатынаспабы – қобыз сақтарда да болған.Сақтардың тегі Қаз Адайдың Ақпаны. Шежіредерегібойынша Адам ата ұрпақтарының бесіншібуынын құрайды, яғни олардың сандық атауы бес. Бес деген бағаның ақиқатқа қойылатынына қандай дау бар. Олар әлем тарихында Аққад дегенатпен де белгілі. Сақтың сөз түбірі (өз түбі, яғни түп атасы) Ақ (осы түбірден ақиқат, аға, ағаш, ақыл, ақын т.т.) болатыныосыдан. Сөз түбірі жаңылыспайды.Б.д.д. ІІІ-ІІ ғғ. Ғұндар (Күндер, Күн елі) әлемдегі қуатты мемлекеттердің бірін құрған. Ежелгі қытай жазбаларында Ұлы Қытай қорғанының артындағы мемлекеттер ғұн қағанатының билігінде болған деген мәліметтер сақталған. Алтай тауларынан Арал теңізіне дейінгіелдімекенді жайлаған ғұн тайпаларыбіртілде, яғни қазіргі қазақтың Анатілінде сөйлеген. Олар тек тамашажауынгер ғана емес, сонымен қатар, олардың арасындаталантты ақындар, музыканттар, жыршылар және күйшілер көп болған. Ғүндарда да қазақтардағы сияқты әндер сыбызғы да, домбыра да, қобыз да ойнаумен сүйемелденген. Біздің уақытымызға дейінжеткен ғұндардың күйлері: “Кеңес”, “Сары өзен”, “Шұбар ат”. Б.д.д. ІІ-І ғғ. әлі күнге дейінаты ұмытылмай келе жатқан ұлы күйші, сыбызғышы Саймақ өмір сүрген. Қазақтар қазірде оның “Сары өзен” күйін (“Сары өзен” – “Желтая река” немесе қытайша “Хуанхе” дегендібілдіреді) орындайды. Бұл музыкалық туындылар және музыкалық аспаптар қазақтардың осы ежелгі халықтардың ұрпағы екенін куәлендіреді. Әлемге әйгілі Еділпатша (Аттила) осы Ғұндардың көсемі. Еділ патшаның тегіАтам Қазақтың рулық шежіресібойынша Қазақ – Алшын (Бекарыс) – Он екіата Байұлы — Адай – Келімберді – Тобыш – Көпес – Еділболыптаратылады. Еділ патшаның тікелей ұрпақтары Қараштар Маңғыстауда күні бүгінде де ғұмыр кешіпжатыр. (Бұл шежіреЫбырайымахун Құлыбайұлының «Қараш тегі» дастанынаналынды).Б.д. VІ-XІ ғғ. Ертіс жағалауларында қимақ қағанаты өмір сүрген. VІІ ғ. қимақтар Ертістен Алтай тауларынадейінгітерриторияны жайлаған. Қыс уақытында олардың бір бөлігі табынменбірге Сырдарияға көшкен. Тарихи мәліметтер бойынша, қимақ қағанаты он екітайпадан құралған. Бүгінгі Қазақтың — Кіші жүзі — Бекарыстың кенжесі — Он екіАта Байұлдары солардың ұрпағы. Олар қағанға бағынған. Бекіністер мен қалалар салған (қимақтардың 16 қаласы белгілі). Қағанаттың астанасыЕртіс жағасындағы бекініс қала Қимақия болды. Қимақ қағанатында жазу дамыған. ХІ ғ. қимақтардан белгілі ғалым Жанах ибн Қаған әл-Кимаки шықты. Ол қимақтар туралыкітаптар жазған. ХІ ғ. қимақ қағанаты ыдырады. Қыпшақтар – олардың ұрпағы. Қазақтарда әлі күнге дейін қыпшақтар тайпасы сақталған (Орталық және Солтүстік Қазақстан).Домбыра қимақтардың музыкалық аспабы болған. Бізге олардың келесі сүйікті әуендері мен күйлері жеткен: “Ертіс толқындары”, “Мұңлы қыз”, “Тепең көк”, “Ақсақ қаз”, “Боз-інген”, “Желмая”, “Құланның тарпуы”, “Көкейкесті” және т.б.Адайдың шежіредерегібойынша Адайдың екі баласының кішісі Келімбердінің үшінші баласы, яғни Адайдың бесіншінемересі Балықшының ата-анасының азан шақырып қойылған есіміШыбынтайделінеді. Шыбынтай мен Қыпшақтың «ыб (ып)» дегенбір түбірден болатыныосыдан. Бұлар синоним сөздер болыптабылады.1298 жылы Ұлы Татарияға атбасынтірегеналыс Италияның негоцианты Марко Полоның (1254-1323) татар шайқастарына бергенсипаттамасында әндер мен музыка үні шығады: “Татарлар көсемінің накары соғылмайынша шайқасты бастамайды, накар соғыла салысымен ұрысқа кіріседі. Татарлардамынандай да салт бар: олар шайқасқа дайындалған кезде, накар ұрылмайынша, ән айтып, екіішектіаспапта жайбарақат ойнайотырып, ұрысты күтеді. Олардың ән айтуы мен көңіл көтеруінің тамашасы таңқалдырады”. Жүйкелік ширығуды алу, белгілі психологиялық көңілді құру үшін ән айтқан. Парсылық накар сөзі барабан, кимвал дегендібілдірсе, ұрыс алдындаойнайтынекіішектіаспабы қазақтың домбырасына ұқсас. Оның сипаттамасы “Здесь описывается Великая Турция” дегентарауда көрсетілген.Татардың сөз түбірі Ат (Ад). «Мұңалдың құпия шежіресінде» бұл екі тайпаның Татар мен Мұңалдың (Моңғолдың) туыстайпаекендігі айқын жазылған. Мұны қазіргі Татарстанның ежелгі атауының Қазан (Қазақ) хандығы деп аталғандығынан да айқын көруге болады. Олардың күні бүгінгі астанасының Қазан деп аталатынының да сыры осы.Домбырадепаталатынаспап мәдениеті, тұрмысы және тарихыбойынша қазақтарға туысқан, жақын халықтардың көбінде сақталған. Тәжіктің думрак, өзбектің думбыра, думбрак, қырғыздың комуз, түркменнің дутар, баш, думбырасын салыстырыңыз. XІV ғасырдағы жазбаларда көрсетілген орыстың музыкалық аспабы домраның алғашқы түрі қазақтың домбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының ұқсастығы және пайдаболуыбірдейекендігі де атап көрсетіледі.В.Ф.Платоновтың еңбегінде “домра, домбра, думбыра, думбара, думбрак және т.б. қазіргі көптеген түркі, солардың ішінде қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қалмақ тілдерінің этнографиялық лексикасындашертіпойналатынішекті музыкалық аспаптың атауыретіндебелгілі. Оны миграциялық термин деп қарастыруға болады. ОлРусьте XVІ ғасырдың біріншіжартысындапайда болған” делінеді.А.Жұбановтың болжамыбойынша “Домбыра” сөзі “қозы құйрық” дегендібілдіретін “дунбаh” және “бурра” дегенекі араб сөз тіркесіненпайда болған. Шындығында да домбыраның шанағының пішіні конус тәрізді және қозының құйрығы сияқты аяқталады. К.Жүзбасовтың айтуыбойынша, домбыралексемасытікелей музыкалық орындауменбайланыстыекі сөзден тұрады: дем және беру. Қазақ тіліндегіеліктеуішформасы: “дом, дон, даң, дүңнен туындыларпайдаболады: даңғыр – шу, шуылдау, шылдыр, дабыр. Даңғыра – ұрып ойналатын аспаптың түрі, дүңгір – көмескі үн, діңгір – төмен дыбыс. Бұлар берілген мәндердің барлығына ортақ. Дыбыстыбейнелейтін сөздерде осы дауыссыздыбыстыпайдалану домбыраның этимологиясындыбыстың сипатымен байланыстыруға мүмкіндік беретін жұмсақ вибрацияны, жаңғырықты, шылдырды құрады.Зерттеулердің барлығы дерлік, аспаптың дыбыстыбейнелейтін этимологиялық атауы түрік тілдері қатарында бар екеніменрасталады. Татар тіліндеdumbra – балалайка, dombura – гитара, түрік тіліндеtambura – гитара, монғол тіліндеdombura – домбра, қалмақ тіліндеdombr – домбыра. Домбыра атауының этимологиясына көптеген зерттеулер жүргізілген, бірақ оны нақты орныққан деп айтуға әлі болмайды, деп тұжырымдайды. (Дерек көзге Өнербек Ахметтің «Қазақ домбырасының тарихы» атты еңбегі пайдаланылды).Бізге бүгінде, шынында да, қазақтың қара домбырасының тарихытіпті әрі де екендігібелгіліболыпотыр. Ол жөнінде, ғалым-этнограф Жағда Бабалықұлы мынадайдеректеркелтіреді. «Жамбыл ауданындағы Майтөбеден табылған тастың бетіндегі домбраның суретіосыданалты мың жыл бұрынғы мәдениет екенін ғалымдар дәлелдеді. Яғни, алты мың жылдың алдында біздің домбырамыз болған». «…Египет пирамидаларының жерасты бөлігіндегі мәтіндегі екіішекті, тиегі бар, қазақтың қара домбрасының суреті салынған» (Илл 9 Египет. Б.з.б ІІІ ғ. Манхерпері ХҮІІІ династиясының папирусы «Өлілер кітабы, 148-інші тарау» (М.М.Ақмырзаев. Адай уезінің жазба мұралары. Алматы. 2006. (4 бет). Енді осының қасына Египеттегі мұражайға қойылған қойдың асығының (ойыншық) алып пирамидалардың біреуінің «иесі» Тутонхамонның бала кезінде ойнаған ойыншығы екенін қосыңыз. Демек, пирамиданың «иелері» асық ойнап, домбыра тартқан. Қасиетті Құран Кәрімде Пирамиданыиемденген елдің (Перғауынның) әскерінің атауы «Қазық» деп аталған. «…Қытай қазақтары «Шыңырау» күйін тартпас бұрын оның аңызын айтыпалады. Шыңырау деген қыран болыпты. Олжылына бір-ақ жұмыртқа табадыекен. Оны қанаты бар айдаһар жепкететін көрінеді. Ең соңғы жұмыртқасын дүниеге келтіргенде шыңырау «не мен өлуім керек, не айдаһар өлуі керек» депбелдібекембуады. Соңғы жұмыртқа үшін аспандағы айқаста шыңырау қанатты айдаһарды жеңіп, жерге өлтіріп түсіреді. Осыданкейін күй басталыпкетеді. 1852 жылы қытайлар Шыңдау дегенжерденекі қанаты бар айдаһардың сүйегін тапты. Сонда былайдепжазыпты: «бұл жануаросыдан 20-25 мың жыл бұрын өмір сүрген». Демек, сенің «Шыңырау» күйің осыдан 20-25 мың жыл бұрынғы айдаһармен замандасекен. Сенің домбыраң бұдан 20-25 мың жылдардан да бұрын болған екен.