Дивергенция — Қазақ тілі

0

Дивергенция (лат. diverge — ауытқимын, ажырасамын) — екі не одан көп тіл құбылыстарының бір-бірінен ажырасуы. Дивергенция ұғымы глоттогониялық және құрылымдық-диахрониялық болып екі тұрғыда қаралады.
Глоттогониялык Дивергенция әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланысты туыс тілдердің немесе бір тілдегі диалектілердің бір-бірінен ажырап бөлінуін білдіреді. Дивергенция процесі ортақ ататілден бөлініп шыққан тіл семьяларының қалыптасуындағы негізгі жол.
Құрылымдық-диахрониялық Дивергенция тіл жүйесіндегі айырмашылықтардың көбеюіне әкеп соғатын тарихи процесс. Бұл мағынадағы Дивергенция ұғымын қалыптастырғандар — Е. Д. Поливанов пен Р. О. Якобсон. Дивергенция ұғымы тілдің барлық денгейлеріне қатысты. Конвергенцияға қарама-қарсы құбылыс

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!