Дистрибутивтік талдау — Қазақ тілі

0

Дистрибутивтік талдау (лат. distribuere — бөлу, жекелеу орыс. дистрибутивный анализ) — мәтіндегі жеке тіл бірліктерінің орналасқан айналасын, сол ортада жекеленуін, алатын орның зерттеуге негізделген, бірақ олардың лексикалық я грамматикалық мағыналарына мән бермейтін әдіс. Дистрибутивтік талдау алғашында фонология мен морфологияда қолданылған. Оның негізгі принциптерін 20 гасырдың 20 жылдары Л. Блумфилд анықтаған, 20 ғасырдың 30—50 жылдарында әрі қарай дескриптивтік лингвистиканың өкілдері 3. Харрис т. б. дамыткан. Дистрибутивтік талдауда алдымен мәтін мәтіндік шағын тіл бірліктеріне (жеке дыбыстар мен морфтарға) жіктеледі. Одан әрі олар фонемалық не морфемалық тіл бірліктеріне немесе олардың эр түрлі түрлеріне қатыстылығына, тіркесімділігіне байланысты үйлесімділік (идентификация) немесе қарама-қарсылық (контрастық) дәрежеде дараланып зерттеледі. Кейінгі уақытта Дистрибутивтік талдаудың қайшылықтары, өз міндетін толык аткара алмайтыны белгілі болды. Сол себепті Кенестіл білімінде ол тілдік материалды талдауға қажет біркатар эксперименттіктәсілдермен, сандық әдістермен толыктырылды. Дистрибутивтік талдау толыктырылған қалпында тілдің барлық денгейінде (синтаксис пен семантикада да) қолданылады. Сөйтіп, ол тілдік материалға эксперимент жүргізудің, оның техникасын жетілдірудін маныздылығына көз жеткізді

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!