Дисфункционалдық жатырдан қан кету слайд,презентация – Биология

0
262

Дисфункционалдық жатырдан қан кету слайд,презентация

Етеккір циклы (ЕЦ) – екі етеккір арасындағы қан кетумен сипатталады. 
   (етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккірдің бірінші күніне дейінгі аралық)
Екі фазалы етеккір циклының соңында болатын, эндометрийдің сылыну нәтижесінде жыныс жолдарынан кезеңді қанды бөліністердің пайда болуы. Жетілген ұрық жасушаларымен ұрықтанбаған кезде жүреді. 
Менархе – етеккірдің алғаш пайда болуы.

Етеккір циклының ұзақтығы 21 күннен 35 күнге дейін (60% әйелдерде етеккір циклының ұзақтығы 28 күнді құрайды)
Етеккір бөлінділерінің ұзақтығы 2 күннен 7 күнге дейін созылады.
Етеккір күндері қан кету көлемі 40-60 мл (орта есеппен 50 мл құрайды)
Әйелдің жыныс бездерінде болатын циклды өзгерістер – аналық бездерінде, ал нақтырақ айтқанда гипоталамус–гипофиз- аналық безі жүйесінде болады (аналық безі циклы);
Жатырдағы циклды өзгерістер, көбінесе эндометрийдегі (жатырлық цикл);
Организмнің әр түрлі қызметтерінің өзгерістері (етеккір толқыны).

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!