Дисфемизм — Қазақ тілі

0

Дисфемизм (лат. dis, гр. dus — қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi — айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм — мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б. Қазақ тілінде бәр сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар.Дисфемизмдер — әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшарасады.Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын,іс-әрекетін,ой-өрісін бейнелеп,нақтылы шынайы бейнесін жасайды.
Мысалы: бала деудін орнына жүгірмек, сөйлеме деудін орнына былжырама деу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Тегтер:Дисфемизм