Дисбактериоз қазақша слайд,презентация — Биология
Дисбактериоз қазақша слайд,презентация
Кіріспе
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы.
Топырақтың микрофлорасы
Су микрофлорасы
Ауаның микрофлорасы
Адам ағзасының микрофлорасы.
Дисбактериоз.
Биотоп – биосферадағы микроорганизмдердің тіршілік ету аймағы.
Популяция – белгілі бір биотоптағы бір түрге жататын даралар жиынтығы. Микробиоценоз – белгілі бір биотопты мекендейтін әр түрлі микроорганизм популяцияларының жиынтығы. Симбиоз (адам мен оның қалыпты микрофлорасы). Мұндай тіршілік түрі екі популяцияға да тиімді. Ең соңғы формасы – мутуализм;
Метабиоз. Бұл кезде бір популяция екінші популяцияның түрін қоректік заттармен қамтамасыз етеді (аммонификсациялаушы, нитрификациялаушы бактериялар).
Нейтрализм – бұл индифференттік қатынастар.
4. Комменсализм. Микроорганизмдер макроорганизмдерге кедергі келтірмей, өздерінің тіршілік етуін жалғастыра береді (мыс: тері микрофлорасы); 5. Антагонизм (бәсекелестік). Бір түрге жататын даралар екінші түр дараларына қысым көрсетеді (барлық патогенді бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтар). 6. Паразитизм – микроб паразит макроорганизмді өзінің қоректену көзі, мекендеу орны ретінде қолданады, оған зиян келтіреді.