Отбасының қоғамда алатын орны мен рөлі
Мазмұны
I-тарау. Отбасының қоғамда алатын орны мен рөлі………………..3
1.1 Отбасы – маңызды әлеуметтік институт ретінде…………………………………..3
1.2 Әлеуметтанушы ғалымдардың отбасы
институтын қарастыруы…………………………………………………………………………..6
II— тарау. Отбасыны зерттеуде теориялық
методикалық әдіс……………………………………………………………….8
2.1 Отбасы социологиясының пәні мен объектісі……………………………..8
2.2 Отбасы социологиясының зерттелу әдістері………………………………..10
III – тарау Нарықтық қатынастар
жағдайындағы отбасы……………………………………………………………12
3.1.Отбасының әлеуметтік мәні және құрылымы……………………………………..12
3.2 Отбасылық қатынастарға нарық институтының әсер етуі………………….17
3.3 Нарықтық қатынастар жағдайындағы әйел мен еркектің рөлі…………..23
3.4 Қазіргі жағдайдағы неке және отбасы
қарым-қатынасының даму тенденциясы………………………………………..27
3.5Қазіргі кезеңдегі нарық қатынасы жағдайындағы
некелесу мен ажырасудың деңгейі…………………………………………………..34
IV-тарау. Отбасылық дағдарыстардың
табиғаты және мәні…………………………………………………………. ……..38
4.1. Отбасылық дағдарыстар түсінігі………………………………………………………..38
4.2. Отбасылық дағдарыстардың жанұяда орын алуы мен
оның алдын алу жолдары………………………………………………………………………..42
4.3. Отбасындағы некелік қатынастар……………………………………………………..43
4.4. Ажырасу факторы және себептері……………………………………………………47
4.5. Ата-аналары ажырасқан балалардың жағдайы…………………………………50
V-тарау. Мемлекеттік отбасы саясатының
мәні мен мазмұны. ………………………………………………………………….56
5.1. Отбасы саясатының принциптері мен стратегиясы…………………………….56
5.2 Отбасы саясаты мен отбасы тәрбиесі………………………………………………….58
5.3. Мемлекеттік отбасы саясатының жүргізілуі……………………………………….62
Қорытынды………………………………………………………………………………………….66
Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………………………..74
I-тарау. Отбасының қоғамда алатын орны мен рөлі.
1.1.Отбасы – маңызды әлеуметтік институт ретінде.
Отбасы – адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең ежелгі формасы. Ол – дін, нарық, мемлекет, әскер, саясат, білім сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда ерте пайда болған.
Отбасы бұл туысқандыққа, неке және бала асырап алуға негізделіп, адамдарды қайта өндіретін және тұрмыстың ортақтығымен, өзара өнегелік жауапкершілік және өзара көмекпен адамдарды біріктіретін әлеуметтік жүйе.
Отбасы қоғам ұйымы болып табылады. Сондықтан оның қызмет етуіне қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестер әсер етеді.
Отбасы жэүйесінің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі ол бір мезгілде әлеуметтік институт сипатына да және шағын әлеуметтік топ сипатына да ие бола алады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы өнегелік және құқықтық заңдастырылған, қоғамдық және мемлекеттік қолдауға ие, жұбайлар, ата-аналар мен балалар және басқа да туыстар арасындағы өзара қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалар, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.
Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасы некеге, туысқандық немесе асырап алуға негізделген әлеуметтік қауымдастық ретінде қызмет етеді. Оның мүшелері тұрмыс ортақтығымен, өзара өнегелік жауапкершілікпен және өзара көмекпен біріктірілген. (1)
Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін, алдымен, отбасына көңіл болу керек деп есептеді.Ол қоғамды индивид бағыну мен баскаруға үйренетін кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О.Конттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам кұрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді.
Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз кызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметгік институттардың табысты қызмет етуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі кызметке байланысты.
Отбасының объекгивтік өзгеру процесі оның топ ретіңдегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы — неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тэрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді
болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-
қүлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне
әкеледі.Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас жөне жеке
болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде
шектеулі болады;Отбасы — бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-тендікті сақтауға тырысады.Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мүқтажын орындауды қамта-
масыз етеді. Отбасы жеке-дара институт ретінде — оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді.Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының езгеру үлгісін жасайдьі. Отбасы — адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бакыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы коғамдык құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Коғамның негізгі максаты — адамдарды бакытты ету, ал мұнын өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы кажет. (3)
Неке — әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың, өзара кұқыктары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке — отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамнын әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық жыныстык сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі -сүйіспеншілік (махаббат). Отбасының объекгивтік өзгеру процесі оның топ ретіңдегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы — неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тэрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді
болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-
қүлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне
әкеледі.Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас жөне жеке
болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде
шектеулі болады;Отбасы — бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-тендікті сақтауға тырысады.Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мүқтажын орындауды қамта-
масыз етеді. Отбасы жеке-дара институт ретінде — оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді.Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының езгеру үлгісін жасайдьі. Отбасы — адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бакыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы коғамдык құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Коғамның негізгі максаты — адамдарды бакытты ету, ал мұнын өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы кажет. (3)
Неке — әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың, өзара кұқыктары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке — отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамнын әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық жыныстык сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі -сүйіспеншілік (махаббат).
1.2 Әлеуметтанушы ғалымдардың отбасы институтын қарастыруы.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды дейді. Адамзаттың сақталуы — әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытыңдысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Онын отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды. (2)
Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелген тақырып.Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады, достасады, т.б. Жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады.Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны өлеуметтік институт жөне кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді. Отбасы — бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы — ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бүл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі — ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.
………………………….
Қорытынды
Еліміздің Тәуелсіздік алып етек – жеңін жинағанына 16 жыл көлемі болды. Жаңа заман нарық заманы өту кезеңі бұл Қазақ халқы үшін ең қиын кезеңнің бірі болды. Әрине сол кездегі отбасы жағдайы айтпасада түсінікті еді. Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезеңдегі ұстанатын саясатының арқасында еліміз ТМД елдерінен басып озды еліміз мұндай жағдайға жету үшін халықтың әл-ауқатын яғни әлеуметтік жағдайын көтеру болып сонымен қатар ел басымыздың 2006 жылы 1-наурызда Қазақстан Халқына жолдауы жасалды. Бұл жолдаудың барасында халықтың әл – ауқатын көтеру мақсатында зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға әленуметтік жағдайы нашар отбасыларға жәрдем – ақы көтеру сияқты проблемаларды қарастырған болатын.
Отбасы саясатын жүргізу үшін алдымен оның құықтық моральдық ар-намыс кодексінің қоғамдық жауапкершілік ережесінің іргетасын қалау қажет. Сонымен қатар отбасы саясаты мен отбасы тәрбиесін жүргізу басым ұстанымдарын анықтап практикалық тетіктерін белгілеу қажет.
Мемлекеттік отбасы туралы көзқарасқа түбегейлі өзгерістер енгізілуі мемлекеттік отбасы саясатын ендіру қажеттігі көкейтесті мәселе. Бірақ мемлекеттік отбасы саясаты мемлекеттік әлеуметтік саясаттың қосалқы екінші дәрежедегі бөлшегі ретінде қарастырылуы керек. Кері жағдайда отбасы тәрбиесі қоғамдық тәрбиесі іргетасы болудан қалады.
Отбасының ана мен баланың қоғамдағы ролі қай кезеңдеде айрықша маңызды ие болып келгені баршамызға аян. Ал биылғы жыл осы топтың әлеуметтік статусын көтере түсуге әйелдер қауымының еліміздің қоғамдық саяси экономикалық өміріндегі белсенділігін арттыра түсуге мемлекеттік саясат тұрғысынан ерекше мән берілген тарихи жыл болып отыр.
Өткен ғасырда 90 жылдарында болған қоғамдық қайта құрулар отбасының әлеуметтік-экономикалық және рухианаттық өмір сүру ұстанымына елеулі нұқсан келтіргені бәрімізге аян. Елімізде жүргізген реформалар және қабылданған заңнамалардың қай-қайсысы отбасының бала тәрбиесіндегі құқықтық-әлеуметтік, моральдық- этикалық және қоғамдық жауапкершілік тәрізді өте маңызды мәселелердің, әсіресе ата-аналардың мемлекеттік мекеме болып саналатын мектептің талаптарын орындау мәселелерінің тетіктерін шешіп бере алмауы.
Отбасы саясатының мәні мен мазмұнын анықтауда Қазақстанда тұратын халықтардың этногендік ерекшеліктерін, әдет ғұрпы мен салт- дәстүрін, рухани-мәдени ұстанымдарын басшылыққа алу басты міндет болып саналады.
Отбасының тұтыну бюджеті — отбасының нақты кірісі мен шығысының көлемі мен құрылымы; түрлі отбасы топтарының тұрмыс деңгейініңі маңызды сипаттамасы. Кірістердің толық көлемінде жалақы мен басқада еңбекақы нысандары, кәсіпкерлік қызметтен, фермерлік шаруашылық өзіндік қосалқы шаруашылықтан түскен табыстар, меншіктен түскен табыс (үйді жалға беруден алынған), сыйлықақы, қарыз бен несие, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, алимент, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін төлем ақы, жәрдемақы, демалу және емделу үшін жолдамалар алуға берілетін жеңілдікте, тағы басқаларды қамтылады. Отбасының шығысына азық-түлік тауарлар сатып алуға, көрсетуге, төлемдер, салықтар, бюджетке басқада төлемдер, ерікті жарналар төлеуге және т.б. жұмсалатын шығындар жатады. Отбасының деректері экономикалық есептерде, сондай-ақ әлеуметтік саясат, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдаланылады. Демографиялық факторлардың (отбасында балалардың болуы, олардың жасы, басқада еңбекке жарамсыз мүшелердің болуы).
Отбасының жан басына шаққанда материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне әсері. Отбасы немесе отбасының әлеуметтену топтары және олардың құрамы бойынша талдау жасау барысында анықталады. Мұндай талдау балалы отбасыларға түрлі жәрдемақылар тағайындау, зейнетақының ең төменгі мөлшерін көтеру шараларын белгілеу үшін негіз болады.
Әйел мен баланың денсаулығын арттыру. Ана мен бала денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылық тікелей назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшінде, отбасын қолдауға тиімді демакратиялық саясат үшін де қолайлынысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгінде осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық еңгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көпбалалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.
Бізге жергілікті деңгейлерде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын мұқият талдау, жалғызбастылар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігіжоғары қоғам болғымыз келсе жабайлардың бір бірінің алдындағы ал ең бастысы баланың алдындағы жауапкершілігін күштеуге тиімпіз. Ата-аналар баласына ал бала сіздердің қартайған ата-аналарына қамқор болсада әйел отбасы үшін қоғамда құрметтерге ие болады- еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан жақты қорғау қажет жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ал отбасы туралы заңда бейнелеуі тиіс.
Салауатты өмір сүріп, олар арқылы балаларына көрсетіп отырған жағдайларды да айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тиым салу керек па, жоқ па деген мәселе пікірталасына түсуі керекк мұндай өте нәзік мәселеде, басқа мәселеде мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз қажет.
Қазіргі қоғамдағы әйелдің отбасындағы орны мен жағдайы. Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Қоғамның даму барысын өмірде-нәзік, көңілде-билік, ал істе мызым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес”-деген еді. Расында, әйелдер қай кезде де өздерін қоғамда ер адамнан кем түспейтін ұйымдастырушы қайрат-жігер күш иесі де бола алатынын дәлелдеп келе жатқаны аян.Ұлы Отан соғысы жылдарында да олар азаматтар орнын жоқтатпай, ел қорғап қана қоймай, тылда күндіз-түні білек сабынып, бірнеше ауысымда жұмыс жасап, майданның бар мұқтажын өтей білді.Френцуздық Жанна Д, Арк есімді қолбасшы батыр қызы жауға қарсы тұрып, елін Отаннан қорғап, тарихта қалғанын да білеміз. Қазіргі кезде билік басына келген қайраткер қыздарымыз да халық құрметіне бөленіп жүр. Еліміздің Әлия, Мәншүктей батыр қыздарының есімі тарихқа алтын әріптермен жазылды. Президент жанынан құралған “Отбасы ”депутаттар тобы да Елбасының қолдауымен көптеген істер тындыруда.
Бүгінде отбасында әйелдің шешуші тұлға екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Атап айтқанда оның санасы, тәртібі, әйел, ана, қызмет атқарушылық ролі оған жоғары талап қояды.
Әйелдің кәсіби іс-өрекеті, көпшілікпен қарым-қатынасы, қоғамдық өмірге қатысы оның ой-өрісін кеңітеді, оның интеллектуалдық және эмоционалдық әлемін байытады, балаларының алдындағы беделін арттырады. Сонымен қатар әйелдің қоғамдық өндіріске араласуының зияндық жағы да бар, оның бала тәрбиелеуге, отбасы шаруасына араласуға аз уақыты қалады. Бұл бағыт өмірге бала әкелуге зиянын да тигізбей қоймайды. Дегенмен бұл мәселенің жағымды және жағымсыз жақтары отбасының моралдық-психологиялық климатына, ананың жеке басына, оның білім, мәдени дәрежесіне, бала алдындағы беделіне байланысты. Қайсы бір отбасында бұл жағдай оң әсер етеді, ол қайсы бір отбасында кері әсері де байқалады. ¥лдар мен кыздар ата-анадан темперамент, мінезді ғана қабылдап қоймайды, әрі тәртіп стилін, қарым-қатынас үлгілерін де қабылдайды. (20)
Отбасын құра білу — әйелдің аса зор кабілеті. Қайсы бір зерттеулерге қарағанда әрбір төртінші отбасы барлық уақытта тату өмір сүреді, шатаспайды, бұл жағдай, яғни отбасы татулығы ерлі-зайыптылардың өзара қатынасының мәдениетін қалыптастырады, ол балаларды үйде де мектепте де жақсы деңгейде тәрбиелеуге тікелей жағымды әсер етеді.
Алайда отбасының бейбітшілігі әйелдің принципсіз саясатының арқасында сатып алынбайды. Қайсы уақыттарда әйел өзін кемітумен де келіседі, әсіресе күйеуінің арақ ішуінің нәтижесінде оның арақ ішуінен ана да бала да қайғы-қасірет шегеді.
Зерттеу мынаны анықтады. Көптеген өйелдер отбасы қайшылығының және ажырасудың себептерін күйеулерінің дөрекілігінен көреді. Өскемен қаласында 50 отбасының ажырасуын әйелдер күйеулерінің арақ ішу мен ұру-жазалауларынан көрген. Ажырасудың себебі бір ғана арақ ішу мен дөрекілік емес, кейбір әке мен шешенің психологиялық сәйкессіздігі де зор әсер етеді. Олар сүймей қосылады, бірін-бірі түсінбейді. Ал, бұл жағдай балаларға кері әсерін тигізеді.
Әке мен шешенің татулығы бала тәрбиелеудің үлгісі. Бұл екі адамға да тең сапа отбасының тұрмыстық шаруасымен тең жүргізудің маңызы да жоғары. Зерттеудің нәтижесіне қарағанда қайсы бір отбасы шаруасымен әйелдер ерлерге қарағанда 3-4 есе артық айналысады. Көптеген жас әкелердің езі отбасы шаруасымен айналысуды тек қана әйелдің қызметі деп түсінеді. (21)
Өрине, бұл дұрыс емес. Отбасы шаруасын ұйымдастыру жай ғана мәселе емес. Айталық кір жуу, тамақ дайындау, еденді жуу, түрлі қоқыстарды далаға шығару, дүкенге бару, тамақ әкелу т.б. Бұл сырттай қарағанда жай шаруа сияқты, ол шын мәнінде отбасы татулығын құрайтын шаруа. Халықта нақыл сөз бар: «ұяда не көрсе үшқанда соны іледі» деген. Отбасының шаруашылырын әке мен шеше бірігіп, бөлісіп атқарса бұл балаға үлгі, олар өскенде де соларды айнытпай орындайды.
Бұл мәселеде шешуші тұлға әйел-ана. Оның тәртібі, мінез-құлқы, мәдениеті күйеуінде тәрбиелейді. Әрбір әйел күйеуінің ғана емес отбасының қазығы, ұйымдастырушысы, тіптен каражатты үнемді пайдалануда әйелге байланысты.
Қазіргі мәліметтерге қарағанда республикада 4 миллионға жуық отбасы бар, оның 25 пайызы екі адамнан, 22 пайызы үшеуден, 15 пайызы төртеуден, 8 пайызы бесеуден, 8 пайызы 6 одан да көп адамнан тұрады. Қазақстанда отбасының орташа үлесіне төрт адамнан келеді. 1991 — 2000 жылдарда көп балалы отбасының саны азайды.
Бұл мәліметтерді келтіруіміздің өзіндік себептері бар, 1997 жылғы статистикалык мәлімет бойынша некесіз туған балалардың 22,5 пайызы құрады, бұл әке жоқ, жарты отбасы деген сөз. Әйел- үнемі жұмыста, балаға қарайтын уақыты шектеулі. Біздің пікірімізше, көпшілікте келіседі, мұндай отбасы, анаға әлеуметтік көмекті кеңейту қажет. Тіптен некесіз туған баланың көбеюі бала тууды шектейді. Бұл әлеуметтік мәселе, қамқорлықты қажет етеді. Бала бақшаның жеткілікті болуы кажеттілік. Қиналарлық рол жекешелендіру кезінде мектепке дейінгі балалар мекемелері 80 пайызға жабылды, олардың үйлері кез-келгеннің қолында кетті. Мемлекет басшылары мұнымең уақытында келіскен. Қазір экономика даму сатысына енгеңде оларда опынады, не пайда олар қоғамның даму тенденциясын түсінбеді, енді оларды қалпына келтіру қиынға соғуда. Тіптен 12 жыддык оқуға көшкеннен бастап 6 жасар бала мектепке бала бақша аркылы келуі қажетгілік.
Нарықтық экономика әйелдің бала тәрбиелеуіндегі рөлін төмендетті. Сан мыңдаған әйелдер базарларда, поездарда күннің атуынан батуына дейін жүреді, ал олардың балалары бакылаусыз қалады: олар темекі тартуды, арақ ішуді үйренеді.(23) Бұл шындық. Аналар оған қиналады, ренжиді. Біз Алматы қаласының төрт базарында сауда-саттық жасайтын аналармен социологиялық сұрау жүргіздік, 480 әйеддер қатынасты. Олардың 10 пайызы бала тууға уақытым жок, 20 пайызы бір бала, 52 пайызы бір немесе екі бала тууым мүмкін деп, 10 пайызы білмеймін, күйеуім жоқ деп жауап берді.
Жақсы, үлгілі бала тәрбиелеу толық отбасында іске асады. Сондықтан да оның отбасының олардьщ қалыптасуына қоғамда ынталы болуы керек. Қазақта «әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген нақыл бар. Әйелдің бүл саладағы үлгісі баланы еңбек сүйгіштікке, кәсіпке тәрбиелеуде шешуші орын алады, ал кәсіп дегеніміз адамның өзіыдік сапасы.
Бала тәрбиелеуде, оның әрбір іске ынтасын арттыруда
шешуші орынды бос уақытты тиімді пайдаланудың ролі зор. Бұл
мәселеде де әйел-ана шешуші роль атқарады. Баланы жуынуға,
таза жүруге, уақытында тамақтанып, ұйықтауға қалыптастыруда
әйелдің қызметі шексіз. (22)
Баланы әлеуметтендірудің алғашқы кезеңінде ата-ананың, құрдастардың, көршінің атқарар қызметі шексіз. Бұл проблеманы шешуде шешуші рөлді әйелдің атқаруына күмәнданбауға болады.
Социологгың назарын аударатын мәселенің бірі психологиялық жалғыздық, оның түлғаның қалыптасуына және өмірлік іс-әрекетіне әсері. Баланы балалар үйінде тәрбиелеу қаншалықты кең орын алсада әке мен шешенің отбасының тәрбиесін атқаратын кызметін алмастыра алмайды.
Әйел-ана, әйел-отбасының тірегі, ошағы, ұйымдастырушысы. Әйелдің беделінің артуы ерлерге де көп жағдайда байланысты, Көптеген ер азаматтар әйелді сөз жүзінде жақтайды, іс жүзінде оның дамуына, беделінің артуына өз үлестеріне аз косады. Бұл факторлармен келісуге болмайды. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген накыл сөз бар, сол бірлікті, тірлікті сактайтын да әйел өзін-өзі сыйлауы кем еркектер өзін-өзі барынша сыйлайтын еркектерге қарағанда, көбіне әйелді тек сексуалдық объекті деп қарайды. Нағыз, толық отбасылық қатынас теңдік, отбасы мүшелерінің бірін-бірі құрметтеуі, тұрмыста еңбек ынтымақтығы және өзара көмек, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі бірдей жауапкерпіілігі негізінде қалыптасады.
Әйел-ана ақынның да, жазушының да, драматургтың да шыгармаларының бас такырыбы. Жырауларда әйел деп жырлайды, колде әйел деп толқиды, жел де әйел деп етек жаяды. Олай болса отбасында негізгі тұлға әйел. Әрбір азамат, бүкіл қогам әйелді күрметтеуі қажеттілік. Отбасын үлгілі және ұқыпты үстау әйелдің ерекше қасиеті болып табылады. Біз отбасы туралы тақырыпты аяқтай отырып әйел-ана, оны қүрметтейік, ол баланы омірге әкелін кана коймайды, оны тәрбиелейді, түлға етіп. калыптастырады, қоғамның да бірлігі, тұрақтылығы сол анаға-әйелге байланысты. Отбасының кұрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады.