Дипломдық жұмыс. VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы

0
3
Advertisement

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

VI-XIII ғасырлардағы Түркі тайпаларының Қазақстандағы орналасуы

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………….3

 

1 ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ

1.1. Түріктердің Ашина әулетінің жаулау жорықтары және Қазақстандағы үстемдігі………………………………………………………………………………

1.2. Теле тайпалары Қазақстан жерінде …………………………………………….

1.3. Шығыс түркілердің жаулау жорықтарының Қазақстан аумағындағы этно-саяси үдерістеріне ықпалы……………………………………………..

 

2 ҚАЗАҚСТАНДЫ ТҮРІКТЕНДІРУ ҮРДІСТЕРІНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІТЕРДІҢ ЫҚПАЛЫ

2.1. Қимақ, қыпшақ, оғыздар Қазақстан аумағында ……………………………

2.2. «Он оқ елінің» этно-саяси құрылымы………………………………………..

2.3. Түркеш, қарлық қағанаттарындағы, Қарахан хандығындағы

түркілер……………………………………………………………………………………………..

 

3 ІХ-ХІІІ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА КӨШІП-ҚОНУЛАРЫ

3.1. Моңғол үстіртіндегі тайпалардың Қазақстан аумағына ығысуы…..

3.2. Найман және Керей тайпаларының батысқа жылжуы……………….

3.3. Меркіт, Қоңырат, Жалайыр, Уақ тайпаларының орналасуы………

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………

 

Пайдаланған деректер мен зертеулер тізімі……………………………………

 

Қосымша…………………………………………………………………………………………

 

КІРІСПЕ

 

Өзінің геополитикалық жағдайы жағынан Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында славяндар мен түркі халықтардың, оған қоса оларды қытай әлемімен қосып тұр. Еуразияның осынау кіндігінде ғұндардың, түркілердің, түркі-моңғолдардың мемлекеттері өмір сүріп, қайталанбас дала өркениеті жасалынды.  Онда көшпелі және отырықшы халықтардың басы қосылды. Қазіргі қазақ халқы осы өркениеттің тікелей мұрагері болып отыр.

Қазақстың қалыптасу тарихында түркі дәуірі маңызды орынға ие. Осы кезең тарихын зерттей отырып, біршама кейінгі кезеңді талқылауға, әрі оларға қатысты объективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік аламыз.  VI-XIII ғ.ғ. аралығында өмір сүрген түркі тайпалары (түркеш, оғыз, қимақ, қарлұқ теле және т.б.) аутақтық орналасу тарихын зерттей отырып, біз сол тайпалардың саяси, мәдени тарихын, олардың байланыстарының дамуына, сол кездегі тарих үрдісінің қалай жүргеніне еркін көз сала аламыз. Біз көтеріп отырған мәселе ұзаққа созылған соғыстар мен ішкі талас тартыстарға толы тынышсыз дәуірдегі көші-қон мәселесі, тайпалардың өзара байланыстары, олардың күшеюі және әлсіреуі сынды ауқымды мәселелерді қамтиды.

Тарихқа көз салатын болсақ, орта ғасырлардағы халықтар мен елдердің даму деңгейі біркелкі болмағанын көреміз. Мәселен, бұл кезең Еуропа тарихы үшін халықаралық байланыстардың үзілуімен, сауданың құлдырауымен, қоғамның мәдени кеңістігінің тариылуымен ерекшеленеді  [1].  Ал Отандық тарихнамамызда бұл кезеңдегі даму басқаша сипат алады. Біртұтас түркі қағанатының қол астына біріккен, ұлан-байтақ аумақты алып жатқан түркі халықтары көрші мемлекеттермен тығыз саяси-экономикалық ғана емес, сонымен қатар мәдени-этникалық  дамудың да жаңа кезеңдері басталды. Ал ол өз кезегінде халықтардың орналасуы, көшіп-қонуына әсерін тигізбей қойған жоқ.

Қоғамның дамуына соңғы жылдары орын алған өзгерістер нәтижесінде тарихтың тек соғыстар мен әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселесін зерттеу бағытына әділ сын айтыла басталды. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында Отандық тарихнамамыздың келелі мәселелерін зерттеу және ортағасырлық тайпалардың орналасуы жөніндегі мәліметтер, карталар мен сызбалар, деректі фильмдер, және т.б. кенже қалып отыр.

Осы орайда мәселеге тың зерттеулер жүргізіп, оның зерттелу кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан тұжырымдамалар мен көзқарастар үдерісін көрсете отырып, бүгінде қазақтың құрамындағы түркі тайпалардың байырғы қоныстарын зерттеп, күні бүгінге дейін жетіп отырған аумағын анықтау арқылы  келешек зерттеушілерге  қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде қорытындылар жасау өте өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі.

Жалпы түркі дәуірінің зерттелу деңгейін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.

ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі жазылған шығармаларды жатқызуға болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орыстың әскери тарихшылары Шыңғыс хан мен оның әскер басыларының жорықтарын зерттеп, жан-жақты талдай бастады. М.И.Иванин, И.Бичурин, С.М.Соловьев, И.И.Карамзин сынды тарихшылар Шыңғыс хан мен оның қолбасыларының жасаған жорықтарын әскери тұрғыдан талдап, өз көзқарастарын білдірді. В.Вилямин-Зернов, В.В.Радлов, И.И.Крофин т.б. тарихшылар да қалам тартты.

Кеңес үкіметі тұсындағы ғылыми зерттеулер жатады. Бұл кезде түркі халықтары тарихына үлкен еңбек сіңірген көптеегн зерттеу кітаптарын шығарған тарихшылар /В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев т.б./ көп болды. Түркі тілдес халықтардың көне жєне ортағасырлық тарихын зерттеп зерделеуде де шығыстанушы В.В. Бартольдтың алатын орны ерекше. Оның «Түркістан монғол шапқынышылығы дєуірінде» атты бұл еңбегінде моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы Орталық Азиядағы түркі халықтарының саяси жағдайын баяндай отырып, олардың этнологиясы туралы, єсіресе ислам дінінің жағдайы, халықтардың тұрмыс-тіршілік ерекшеліктері туралы  ортағасырлық дерек мєліметтеріне сүйене отырып құнды мєліметтер береді.

Бартольд В.В., Владирмерцев Б.Я., Иванин М.И., Хара-Даван Э., Гумилев Л.Н.,  т.б. авторлардың барлығы да түркі-монғол тарихына, халықтарына арнап ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Сол еңбектерінде әрқайсысы өзінше қорытынды шығарып отырды.

«Диуани лұғат ат-түрікті» зерттеген белгілі ғалым А.И. Кононов мұндағы материалдарды бес салаға бөліп қарастырған. 1) белгілі бір тайпаға тәндігі көрсетіуін сөздер қоры (лексикасы); 2) түркі тайпаларының орналасу аймағы туралы; 3) түркі тілдерін топтастыру; 4) түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5) түркілердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы, фольклоры туралы мәліметтер. Түрік жерінің аумағы, онда мекендеген ұлт – ұлыстардың сипаты, тарихы соған қатысты тарихи деректер мен аңыз әпсаналар, бірқатар тайпалардың түрік жеріне келуі мен қоныстануы, олардың шежірелері көзі ашылмай келген тарихи көмбе. Кітаптағы осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ.

1990 жылдардан бергі кезеңді жатқызуға болады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен  кейін бұрынғы көзқарастарымыздың көпшілікке ұлттық мүдде тұрғысынан қарауды тарихтың өзі алдымызға тартып отыр. Сондықтан осы тақырып кеңінен қамтылған қазақ тарихшыларының еңбектеріне тоқталып өтейік. Осындай еңбектердің қатарына Қытайдағы қазақ тарихшысы Н.Мыңжанның “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбегі мен қазақстандық тарихшылар Қ.Аманжолов пен К.Рахметов “Түркі халықтарының тарихы” және А.Тасболатов пен Х.Аманжолов жазған “Қазақстанның әскери тарихы” атты зерттеу кітаптарын жатқызуға болады. Атап айтқанда Қазақстандағы тарихшы ғалымдар М.Қозыбев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, С.Жолдасбаев, Ұ.Жұмағұлов, З.Қинаятұлы, Қ.Өскенбаев, С.Сыздықов, К.Хафизова, А.Дулатова, Б.Көмеков,  т.б. осы аталған кезеңдегі көшпенділердің саяси құрылымы, өркениеті, мәдениеті, археологиялық және тарихи ескерткіштері жөнінде толып жатқан ғылыми еңбектер жазды.

Түркілердің тарихын зерттеу орыс және Еуропа зерттеушілері тарапынан жүргізілді. Олардың арасынан деректерді талдау арқылы өзінің еңбегін жариялаған Т.В.Голубовский, Н.А.Аристов, А.Н.Харузин және т.б. авторлардың еңбектері бар.

Кеңес тарихнамасында алғашқылардың бірі болып түркі дәуірін зерттеген В.В.Бартольд болды. Ол көптеген шығыстық деректерге талдау жасай отырып түркілердің этникалық құрамы туралы көзқарастарды талдады. Өкінішке орай Кеңес дәуірінде тарих ғылымында 60-жылдарға дейін В.В.Бартольд еңбегінен кейін түркі тарихына қатысты құнды еңбек болған жоқ. Кеңес медиавистикасының алтын қорына кірген А.Ю Якубовский, В.Д. Греков, В.Я.Владимирцев, В.А.Гордлевский, А.Н.Бернштам, С.П.Толстов, М.И. Артомонов, А.Н.Кононов, Т.А.Жданко, Л.Н. Гумилев сынды жоғарғы буынды зерттеушілері Еуразия даласындағы түркі халқының және Орта Азияның орта ғаысрлық өркениетінің әр түрлі аспектісіне арналған зерттеулерінде түркілер тарихының кейбір тұстарын ескерусіз қалдырмайды.

Б.И.Көмеков IX-XVI ғ.ғ. жататын орта ғаысрлық араб және парсы шығармаларындағы тарихи-географиялық мәліметтерді түбегейлі зерттеудің негізінде қимақ-қыпшақтардың тарихын қарастырды.

Соңғы кездері Қазақстандық түркітанушы ғалымдар бұл мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізуде. Қазақсты құрған түркі тайпаларына қатысты ауқымды еңбек жазған Т.Омарбековтың, З.Қинаятұлының зерттеулері өте құнды. Сонымен қатар Б.Б.Кәрібаев, Ә.Қайдар, М.Ақанов, М.С.Ноғайбаева, С.Базарбаев, Ә.Қайдардың жекелеген түркі тайпаларына байланысты жүзгізген зерттеулерінің орны ерекше. Сонымен бірге, А.Ш.Қадырбаев, А.Горковец, З.С.Ілиясованың еңбектері осы мәселеге қатысты терең зерттеулер жүргізген.

Жұмыстың деректік негізі. Ортағасырлық түркі шығариалардың қатарына Қарахандар мемлекеті дәуірінде Жетісуда жазылған екі түрлі жазбаны Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» мен Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат – түрік» атты сөздігін жатқызуға болады. Мұның екеуі де Жетісу жерін мекендеген түркі тайпаларының тілінде жазылған тұңғыш жазба әдебиет үлгілері. Х –ХІІІ ғасырларда Орта Азия, Жетісі және Қашқария жерінде түркі тайпаларының үстемдігі күшейе түскен еді.

Гардизидің (XI ғ.) «Зайн ал-акбар» еңбегіндегі түркілерге арналған бөлімінде қарлық, яғма, тұғыл, шігіл, түргеш тайпалары туралы мәліметтер сақталған.

Қазақстан тұрғандары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен ат-Табаридің (IX ғ.) туындыларында ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардың орта шенінде араб шапкыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі құнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл-бұлдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбар мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық болатын. Ат-Табари халифаттың әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам – әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл атрак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этнографиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары ұланының түрік гулямдарымен жақын таныс араб оқырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери қасиеттерін, олардың калада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси төңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура келетін еді.

Нақ сол IX ғасырда араб тілді географиялық шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байланыс және хабар беру қызметінің бастығы Ибн Хордарбектің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік-географиялық анықтамалығы сақталып қалған шығармалардың ең ертедегісі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы қашықтықты көрсеткен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан калалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордарбектің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйек сөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, қарлұқтар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордарбектің еңбегіне жақын.

Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы ауқымды тарихи-этнографиялық материал бар. Оның кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыздар, қарлұқтар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кұдама ибн Жафар «Харадж және хатшы өнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санәат әл-китаба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын, Басрада тұрып, почта бастығының жоғары қызметін атқарған. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі қолына түсіре алған ресми құжаттарды кеңінен пайдаланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар, таулар, өзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жолдарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едәуір көңіл бөлген. Онда мұсылман еддерімен көршілес жерлер туралы да кұнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұқтар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, қалалар, қоныстар және олардың ара – қашықтығы туралы нақтылы материал бар.

Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы Ибн әл-Факихтің (IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) да атап өткен жөн. Ол өз кітабын көбінесе өзінен бұрынғы авторлардың (әл-Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани) шығармаларын непзге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тарихи-географиялык материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық онда түрік тайпалары (қарлұқтар, кимектер, қыпшактар, оғыздар, тоғыз-ғұздар және басқалар) туралы, олардың елдері, калалары, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды мәліметтер келтіріледі. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-сын Ибн әл-Факихпен бір мезгілде жазды деуге болады. Бұл еңбектен кли-мат тарихи-географиялық тұрғыдан суреттелетін бір томы ғана сақгалған. Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алқа туралы кітап» (Китаб әл-алак ән-насифа) деген шығармасы түгелдей кітап деректемелеріне негізделген. Автор түрлі саяхатшылар мен географтардың туындыларынан құнды фактілерді ерінбей-жалыкпай көп жинаған. Оның түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы бар.

Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы – X ғасыр. Араб гео-графы әрі саяхатшысы, Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (X ғ.) – сол дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап» деген еңбегі әл-Балхидін неғұрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген географиялық еңбегінің өнделген және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Аравия, Парсы теңізі, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран, Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауараннахр суреттеледі. Әрбір ел жөнінде шекаралары, қалалары, қашықгығы, маршруттары туралы мәліметтер, өнімдері, саудасы, қол өнері туралы жекелеген деректер келтіріледі. Шығыс Европа туралы кызықты мәліметтер бар, хазарлар, бұртастар, орыстар, бұлғарлар өмірі суреттеледі. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі. Онда «Дүние жүзінің картасы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері көрсетілген. Әл-Истахридің еңбегін өз кезегінде X ғасырдың аяғында Ибн Хаукал редакциялап, толықтырды және оны «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әл-масалик уә-л-мамалик) деп атады.

Бағдатта туған араб тарихшысы әрі географ әл-Масудидің (X ғ.) шығармалары бағалы тарихи деректеме болып табылады. Оның білімінің негізгі көзі Үндістаннан Атлант мұхитына, Қызыл теңізден Каспий теңізіне дейінгі барлық елдерді қамтыған саяхаттар мен халықтың мейлінше алуан түрлі топтарының өкімдерімен нақгы қарым-қатынас жасау болды. «Уақыт тарихы» (Ахбар әз-заман) деген 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедиядан бізге жеткені – «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кеніштері» (Мурудж әз-захаб уә мадин әл-джавахир, 943 ж.) мен «Тәлімгерлік және қайта қарау кітабы» (Китаб ат-танбих уә-л-ишраф, 956 ж.). Әл-Масудидің еңбектерінде түрік тайпалары (кимектер, огаздар, қарлұқтар, барысхандар, тоғыз-ғұздар, хазарлар) туралы тарихи-географиялық мәліметтер мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтірілген. IX ғасырдың екінші жартысында Батыс Қазақстанда болған тарихи оқиғалардың қысқаша баяндалуы елеулі ынта-ықылас туғызады.

Әл-Макдисидің (X ғ.) шығармаларында өз көзімен көргендерге негізделген тарихи-географиялық деректер бұдан да маңызды орын алады. Араб географы әрі саяхатшы, Иерусалимде туған ол Шығыстың барлық мұсылман елдерін аралап шықты деуге болады. Оның шамамен 985 жылы жазылған «Климаттарды тануға арналған ең жақсы бөлініс» (Ахсан ат-такасим фи марифат әл-акалим) деген шығармасында елдер мен аймақтардың араб әдебиетіндегі толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан, халықтың тайпалық құрамы, қалалары мен қоныстары, сауда жолдары мен сауда жасайтын заттары, шаруашылығы мен діни көзқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды мәліметтер бар.

Испан-араб географы Исхак ибн әл-Хусейннің (XI ғ.) Андалусияда жазылған «Кез келген жердегі атақты қалалар суреттелетін інжулер үйінділері» деген шығармасында Қазақстанның түркі тілдес тайпалары суреттеледі. Оның түріктер туралы тарауда келтірілген мәліметтеріне Гардизидің (XI ғ.), әл-Бирунидің (XI ғ.) және әл-Марвазидің (XII ғ.) акпараттарында ұқсас сипаттар аңғарылады.

Бітіру жұмысының алға қойған мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдерінің бірі болып отырған орта ғасырлардағы түркі дәуірінде өмір сүрген тайпалардың Қазақстан аумағына орналасуын анықтау.  Тың зерттеулер жүргізіп, оның зерттелу кезеңдерін, бағыттары мен қалыптасқан тұжырымдамалар мен көзқарастар үдерісін көрсете отырып, бүгінде қазақтың құрамындағы түркі тайпалардың байырғы қоныстарын зерттеп, күні бүгінге дейін жетіп отырған аумағын анықтау арқылы  келешек зерттеушілерге  қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде қорытындылар жасау болып табылады. Аталған мақсатқа жету жету үшін төмендегідей міндеттерді алдыға қойдық:

  • VI-XIII ғасырлардағы түркі тайпаларын кезеңдерге бөле отырып тайпалардың мәдени, саяси байланыстарына көңіл бөлу;
  • Түркі тайпаларын зерттеген зерттеушілердің біршама кең көлемі мен ғылыми көзқарастардың сабақтастығын, бағытын анықтау;
  • Ортағасырлардағы қазақты құрған түркі тайпалардың Қазақстан аумағына ығысу картасын салу арқылы, сол кездегі аумақтық орнласу деңгейінің дұрыстығына көз жеткізу;
  • Түркі тайпаларының мәселелерін зерттеудегі тарихи және археологиялық зерттеулерге шолу жасау арқылы оның ерекшеліктері мен кезеңдерені тоқталу;
  • Жалпы тақырыптың зерттелу жағдайы мен ғылыми зерттеулердің деңгейі, сондай-ақ зерттелмеген тұстары туралы ой қорыту.

Зерттеудің методологиялық негізі қажетті деректерді табу немесе оларға сипаттама берудегі тарихи таным, танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасын немесе байланыстары зерттеу еңбегінде анализ, синтез, салыстыру жєне басқа да ємбебаптық зерттеу єдістері барынша пайдаланылды.  Сондай-ақ жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты ғылыми таным принңиптерін негізге алдым.

Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тараудан, әр тарау үш бөлімнен және қорытынды бөлімінен кейін пайдаланған зерттеулер мен әдебиеттер тізімі көрсетілген. Соңынан қосымша карталар мен суреттер келтірілген.

 

  1. ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ

 

1.1. Түріктердің Ашина әулетінің жаулау жорықтары және Қазақстандағы үстемдігі

 

Қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан территориясындағы қола дәуірінен бері үздіксіз болып жатқан этникалық процестердің нәтижиесі болып саналады. Бұл этникалық процестердің бәрі қазақ халқының қалыптасуына әр түрлі дәрежеде алғы шарт бола алады. ХІІІ-XV ғасырлар аралығындағы Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің дамуы Қазақ хандығының құрылу тарихында және де қазақ халқының қалыптасуында салмағы басым, ерекше орын алады.

Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы әлемнің ең ежелгі түрік картасы ретінде белгілі. Осы картада Барсған, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қаш –қардан бастап түрік дүниесінің ежелгі шаһарлары, елді мекендері, жер бедері түгелдей дерлік қағаз бетіне түскен. Әрі сол Х-ХІ ғасырлардағы атауларымен жазылған. Махмұт Қашқари осы картаны назарға ұсынып, сипаттаумен қатар Рим жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрік тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Әрі жер көлемін көрсетеді. Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін айтады. Әрі әр тайпаның тілдік ерекшеліктеріне тоқталады, тілді таза сақтаудың әлеуметтік, географиялық алғышарттарын сөз етеді. Осынау ең көне дәуірдегі түріктің әлемдік картасы, түрік дүниесі жөніндегі егжей – тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымның өлмес мұрасының басты бір қасиеті 1, 122-123 бб..

Жетісу мен Тянь-Шань тайпалары ұзақ уақыттар бойынша көрші ретінде әртүрлі мемлекеттік қүрылымдар аясында өмір сүрді. Мәселен Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаты. Бұл жағдайлардың барлығы б.з. бірінші мың жылдығының алғашқы жартысында Тянь-Шань мен Жетісу тайпаларының ассимиляцияға түсуінің айтылмас шарты болды. Сондықтан бұлар ортағасырлық авторлар туыстас тайпаларды басқарған қарахандар билеушілерінің шығу тегіне баса назар аудармаған [7, 19-20 бб.].  Зерттеуші ғалым қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінде ІХ-Х ғасырларда өмір сүрген қарлұқ, яғма, шігіл, түргеш, оғыз-түркмендер, қыпшақ, қаңлы, арғу, соғды, қырғыз тайпалары туралы ортағасырлық авторлар мен зертеушілердің еңбектеріне талдау жасай келе, қарахан мемлекетінің құрамында қарлұқ, яғма, шігіл, түргештердің маңызды рөл атқарғанын, ал басқа аталған тайпалар екінші дәрежелі болды деп қорытындылайды. Осы негізде автор қарахандар билеушілерінің шығу тегі – шігілдер деген қорытынды ұсынады [7, 32 б.].

 

Скачать

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз