Дипломдық жұмыс. Алатау дуандығы құрылуы және билік орындары қызметінің тарихы (1818-1867 жж.)

0

+Дип. Алатау дуандығы құрылуы және билік орындары қызметінің тарихы (1818-1867 жж.)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

“Қазақстан тарихы” кафедрасы

 

Дипломдық жұмыс

 

 

Тақырыбы

 

Алатау дуандығы: құрылуы және билік орындары қызметінің тарихы (1818-1867 жж.)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ  …………………………………………………………………….

 

1     АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ

ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ

  • Ресей империясының Жетісу жерін отарлаудың алғашқы кезеңі

(ХІХ   ғасырдың 20-жылдары) ………………………………………….

  • Ресей билік орындарының араласуымен Жетісу өңірінде жер

дауының шиеленісуі……………………………………………………..

  • Ұлы жүз Приставының құрылуы. Міндеттері мен қызметтері.

Орыс әскери құрылымдарының Жетісу жеріне жасаған жорықтары..

 

  • АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ – ЖЕТІСУ ӨҢІРІН

ОТАРЛАУДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ

  • Алатау дуандығы әкімшілігінің жергілікті басқарушы топпен

ара қатынасы. Отарлау әдістері…………………………………………

  • Жетісу өлкесі үшін Ресей және Қытай арасындағы талас-тартыс …….
  • Патша өкіметінің Қоқан хандығының ықпалын жою жолындағы

айла-әрекеттері ……………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………….

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Отан тарихында методологиялық және  фактілік тұрғыдан жаңа талдауға алуға лайық тақырыптар аз емес. Мұндай қатынасқа әсіресе отарлық тәуелділік кезеңі ерекше мұқтаж. Сондай-ақ бүгінгі зерттеу жұмыстарының ерекшелігі осы уақытқа біршама зерттелген тарихи процестер мен  фактілік материалдарды қайталау емес, мәселенің төменгі, астыңғы қыртыстарына бойлап енуде. Осындай мәселенің бірі Жетісу жеріндегі Ресей империясының отаршыл саясатын жүзеге асырған патша өкіметінің түрлі буындардан тұратын әскери-әкімшілік орындарының қызметінің бастапқы кезеңі, яғни 1817-1867 жж. осы аймаққа орнығу кезінде жүргізген отарлау әдіс-айласын анықтау болып табылады.

ХІХ ғасырдың І жартысында Жетісу өлкесіне басып кірген Ресей империясы бірнеше стратегиялық мақсаттарды көздейді:

біріншіден, Жетісу өлкесін Ресейдің өнеркәсібіне қажет арзан шикізат көзіне айналдыру;

екіншіден, Жетісуға Ресейдің орталық губернияларынан наразы шаруаларды әкеліп қоныстандыру арқылы әлеуметтік мәселелерін шешу;

үшіншіден, Жетісу өлкесі арқылы Азия елдерімен сауданы жандандыру;

төртіншіден, Жетісу өлкесіне әскердің мол шоғырын орналастыру, оны маңызды плацдармға айналдыра отырып, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерін басып алу, сөйтіп Қазақстанды толық жаулап алуды аяқтау;

бесіншіден, болашақта Жетісу өлкесі арқылы империяның сыртқы саясатындағы бәсекелесі Англияның Шығыстағы алып отары Үндістанға қауіп төндіру;

Патша өкіметінің жоғарыда аталған саяси бағыттары жинақтала келіп Жетісу өлкесіндегі отаршылдық пиғылының бет-пердесі мен көздеген мақсатын ашып берді.

Қазақ хандарының билігін жойғаннан кейін Ресей өзіне бағынышты аймақтарында Ресейдің әскери-әкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік алып, оны іске асырады. Яғни, қазақ елінде жаңадан аумақтық құрылыс енгізіліп, соған орайластырып, бүкіл Ресей империясындағы ұқсас басқару мекемелері құрылды.

Соның бірі Жетісу жеріндегі Ресей империясының отаршыл саясатын жүзеге асырған патша өкіметінің түрлі буындардан тұратын әскери-әкімшілік орындары болды. Бұл қызмет орындары патша өкіметінің Батыс Сібір мен Орта жүз қазақтарының жерін өз иелігіне қаратқаннан кейін 1822 жылы М.М.Сперанскийдің “Сібір қырғыздары (қазақтары-автор) туралы Жарғысы” бойынша қазақтарды басқару үшін тағайындалды. Бұлар 1838 жылы Сібір қазақтарының шекаралық басқармасы құрылғанға дейін Омбы облысына бағынып келген сыртқы дуандықтардан құралды.

Дуандық әскери-әкімшілік аумақтық бөлік болып есептелінді. Дуандықты басқаратын дуандық приказдар бір мезгілде құрылып, әскери-әкімшілік басқармасы ретінде қызмет атқарды. Олардың міндетіне қазақ даласындағы әскери-полициялық және азаматтық істерді жүргізу тапсырылып, шексіз биліктің иелеріне айналды. “Қазақстандағы патша әкімшілігі,- деп жазды академик                   С.З. Зиманов,- үлкен дербес саяси билікке ие болды. Бұл мекемелердің іс-әрекеттерін жоғарғы сатыда тұрған билік орындары қолдады немесе үнсіз ғана кесіліп отырды” /1/.

Жаңадан ашылған әкімшілік-аумақтық бөліктері ішкі және сыртқы дуандықтарға бөлінді. Сыртқы дуандықтар ерекше өкілеттіктерді иеленіп, шекара мәселесімен де айналысты. Әсіресе 1848 жылы Жетісу өлкесінде құрылған патша өкіметінің Ұлы жүз Приставы деп аталатын әскери-әкімшілік мекемесіне зор құқықтар берілді. Яғни, Ұлы жүз Приставының қолында азаматтық және әскери билік шоғырланды. Сондай-ақ ол тікелей Омбыдағы Жеке Сібір корпусының командиріне бағынды. Қапалда құрылған жаңа билік Приставтық болғанымен, іс жүзінде ол штат құрамы және атқаратын міндеті бойынша дуандық приказ сипатында құрылып, соның қызметін атқарды.

Жетісу өлкесінде топтастырылған Орыс әскерлерінің сан мыңдаған қолы Орта Азия мен Қытай сияқты мемлекеттерге шабуыл жасауға сақадай сай тұрды. Оларды азық-түлік және жүк көліктерімен жабдықтау жергілікті әскери-әкімшілік орындарына жүктелді. Әскери күшке сүйенген дуан бастықтары өлкедегі тыныштық пен тәртіпті сақтады.

Олар осы мақсатқа жету үшін жергілікті тұрғындарға қарсы қанды жазалаулар жүргізді. “Азиаттардың орыс аты аталғанда үрейі ұшатындығына қол жеткізу оңайға түскен жоқ,- деп жазады.            Е.Марков өзінің “Ресей Орта Азияда” деген еңбегінде,- сәл ғана жасалған орысқа деген қарсылық әрекет үшін бұратаналарды қанға бөктіріп, аяусыз жазалау қажет болды. Жақын маңнан табылған орыстың өлі денесі үшін бүкіл ауылдар тұрғындарымен өртеліп, күлі ғана қалатын” /2/.

Қарап отырсақ, қазақ жеріндегі Ресей үстемдігінің тарихы оның жазалаушы мекемелерінің қасіртті “қанды ерліктеріне” толы болғанын байқаймыз. Жетісудағы әскери-әкімшілік орындары Ресей империясының сыртқы саясатындағы бірнеше стратегиялық маңызы бар күрделі мәселелерді шешкен. Мәселен, біріншіден, Орта және Ұлы жүз қазақтарын көрші жатқан мұсылман мемлекеттерінің ықпалынан айыруға күш салған. Сонымен қатар қазақ жүздірінің арасындағы бірлікті бұзып, руаралық жанжалдарды қоздырып отыруға міндетті болған. Екіншіден, Ресейдің Орта Азия, Шығыс Түркістан және басқа да Орталық Азия елдеріне баратын сауда жолдарының қауіпсіздігіне жауап берген. Үшіншіден, Англияның Үндістанынан бастап, Қытай және Орта Азия мемлекеттеріндегі саяси және әскери хал-ахуал туралы мәліметтер жинайтын барлау орталығына айналған. Төртіншіден, Ресей империясының Қытаймен арадағы шекараны белгілеуде барлық жұмыстарды атқарған.

Диссертация тақырыбының өзектілігі сонда, осыған дейін Жетісу өлкесіндегі әскери-әкімшілік қызмет орындарының тарихы арнайы түрде зерттелмеген. Бұл мекеменің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің билігіне бағындыру кезінде жүзеге асырған іс-қимылдары мен айла-әрекеттері тарихта мүлдем ашылмай, ғылыми тұрғыдан өз бағасын әлі күнге дейін алмаған… Сол себептен де зерттеліп отырған патша өкіметінің Жетісудағы әскери-әкімішілік мекемесінің отаршылдық жүйедегі ерекше орнын және оның қазақ даласындағы әскери-қимылдарының өзгешелігін деректер негізінде ашып көрсету өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ресей империясының Жетісу өлкесіндегі әскери-әкімшілік орындарының 1856 жылдан 1867 жылға дейінгі аралығындағы қызметі мен тарихын тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оның жұмыс істеу тәсілдерін ашып көрсету жұмысының басты мақсаты. Осыған байланысты  төмендегідей  мынадай міндеттер қойылды:

— ХІХ ғасырдың І жартысында қаруы күшті, әскері мол патша өкіметінің Жетісуды жаулап алудағы отарлық саясатының мақсаты мен мүддесін түп негізін айқындау;

— Жетісу өлкесін иелену жолындағы Ресей, Қытай және Қоқан хандығының арасындағы өзара тайталасы мен күрес жолдарын ашу;

— Жетісудағы патшалық әскери-әкімшілік орындарының құрылу нәтижесінде өлкенің толық бақылауға алынғандығын, жазалау шараларының күшейгенін анықтау;

— патшалық Ресейдің билігі Жетісу өлкесіне орнаған кезден бастап жер дауының күрт шиеленіскенін ашу;

— отаршылдық мүддені жүзеге асырудағы Жетісу жеріндегі әскери-әкімшілік орындарының айла-шараларының түрлері мен оның әдіс-тәсілдерін көрсету;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда патшалық Ресейдің Жетісу өлкесіндегі отаршылдық саясатына қатысты зерттеулер біршама бар болғанымен, оның әскери-әкімшілік орындарының қызметіне көп көңіл бөлінбеген. Оның басты себебі әскери-әкімшілік мекемелерін құрал ретінде пайдаланған патша өкіметі өзінің империялық саясатының “көлеңкелі” тұстарын көпшілікке жария етпеуге тырысып бақты. Отарлауға байланысты жазылған еңбектер революцияға дейінгі кезеңдерде жарық көрді. Қазақ елінің Ресей империясының қол астына өтуінің тарихнамасы өзінің даму барысында ұзақ және күрделі жолдардан өтті. Соған қарамастан, осы күрделі мәселеге қызығушылық пен ықылас білдіру Қазақстан азаттық алғаннан бері күшейе түсті.

Революцияға дейінгі деректердің өз алдына құндылығы сонда, осы заманғы тарихшылар үшін аса маңызды  актілерді, көзқарастарды тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден тасада қалған нақты оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы мүмкін.

Өлкені зерттеуде Ресей саяхатшыларының рөлі ерекше. Себебі қазақ даласының Ресейдің құрамына енуі, оның өткен тарихын зерттеп, табиғи ресурстары мен өндіргіш күштерін анықтауды қажет етті. Әсіресе, 1861 жылғы ре ормадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық даму тез қарқынмен алға басып, жаңа рыноктық қатынаста тез және сеніммен күш алып, жедел дамып келе жатқан өнеркәсібі мен саудасы үшін барған сайын арзан шикізат көздерін талап ете бастады.

Сондықтан күн тәртібіне отарлық шет аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын анықтау және түбегейлі зерттеу мәселелері қойылды. Мұнда Орыс географиялық қоғамына едәуір мән берілді. Отаршылдық пиғылды көздеген патша өкіметі ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдарының алдарына бодан болған елдерге ғылыми экспедицияларды жарақтандырып, олар туралы географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс – тарихи материалдар жинап, оларды өңдеу және тарату міндеттерін қояды.

Олар өз еңбектерінде өлкеде жағрапиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар ХІХ ғасырдың І жартысында орын алған саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне жалпылама түрде сипаттама береді. Мәселен, сол ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап-ақ өлкеде ғылыми және әскери мақсаттармен зерттеу жұмыстарын жүргізген П.П.Семенов Тянь-Шаньский, Ш.Уәлиханов, М.Венюков, Н.Северцов, А.И.Макшеев және тағы басқалары болды /3/.

Олардың арасында қазақтың аса көрнекті ғалым және ағартушысы Ш.Уәлиханов мазмұнға бай және өте құнды еңбектер қалдырған. Ол шовинизмді мейлінше жан сала қорғаушылар Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттілік пен державашылдыққа таңдаулылардың құқығы туралы еуроцентршіл идеясымен қаруланғандарға қарсы шыға отырып, қазақтардың дүниезүзілік өркениет тарихындағы орнын анықтай келіп, орыс идеологтарының қазақтар “мал сияқты тұрпайы варварлар” деген түсініктерін үзілді-кесілді жоққа шығарды. Өзінің тым қысқа өмірінің ішінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, жағрапиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық-саяси тақырыпқа да толып жатқан шығармаларын жазып қалдырды. Соның ішінде Жетісудың тарихына көңіл бөліп, Іле өлкесіне жағрапиялық сипаттама және Ұлы жүз қазақтарын басқару тәртібін ашып көрсетіп, Жетісу үшін тайталасқан Ресей, Қытай және Қоқан мемлекеттерінің іс-әрекеттеріне талдау жасаған /4/.

Сонымен қатар, Жетісу өңіріндегі патша өкіметінің отарлық билік орындарының қызметі мен міндеттері жөнінде В.А. Васильев /5/, В.Е. Недзвецкий /6/, А.И. Макшеев /7/, Т. Седельников /8/ өз еңбектерінде атап көрсетеді. Бұл еңбектерде олар билік орындарының құрылуы мен қалыптасу тарихын баяндап, отарлау тәсілдерін айқындап берді. Жалпы алғанда революцияға дейін шыққан еңбектердің басым көпшілігі патшалық Ресейдің өлкеде жүргізген отаршылдық саясатын ақтау, ұлы державалық көзқарастарды білдіретін сарында жазылды.

Ресей империясының қазақ даласындағы отарлық билік орындарының қызметіне ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары да өз бағасын беріп, олардың жүргізген саясатын өткір сынға алады. Ол авторлар патшалық әкімшілік жүргізген отаршылдық саясатын ашық талқыға салған және қазақ халқына әділетсіздік қысым көрсетілгеніне көп көңіл аударған. Сондықтан да қазақ зиялыларының шығармашылық еңбектеріне оралуымыз төл тарихнамамызға айтарлықтай үлес қосуда. Мәселен, Алаш жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың “Қазақ” газетінің 1914 жылы №78 санында Ресей үкіметінің жүргізген отаршылдық саясатын ашықтан-ашық сынаған мақалалары жарық көреді /9/.

Патша өкіметінің отарлық саясатына және оның жергілікті әкімшілік орындарының қызметіне байланысты жазылған еңбектерге тоқталар болсақ, олар Г.Сафаров /10/, П.Г. Галузо /11/, А.Сұлтан-Заде /12/, С. Асфендияровтардың /13/ зерттеулері болды. Бұлардың ғылыми еңбектерінде өлкедегі отарлаудың көлеңкелі тұстары, орыс езгісінің пәрменділігі, әскери-әкімшілік орындарының құрылымы мен қызметіне шолу жасап, әрекеттерін ащы шындықпен көрсетеді. Солардың бірі Г.Сафаров өз еңбегінде өлкедегі отарлау алғашқы кезде әскери басқыншылық түрінде болып, содан кейін барып Ресейден дайын күйінде әкімшілік-полицейлік құралдың әкелініп танылғаны туралы қорытынды жасайды.

Қазақ даласындағы патша әкімшілігінің қызметіне жөнінде және ондағы халықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне байланысты зерттеулер көптеген кеңестік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде орын алып, зерттеу нысандарына айналды. Мәселен Н.А.Халфин /14/ және Е.Бекмаханов /15/ өз еңбектерінде ХІХ ғасырдың І жартысындағы Қазақстанныңсаяси дамуына назар аударса, Б.С.Сүлейменов пен В.П.Басин /16/,        С.М.Мәшімбаев /17/, С.Е.Толыбеков /18/, Г.С.Сапаргалиев /19/, К.А.Жиреншин /20/ сияқты ғалымдар патша өкіметінің қазақ даласында жүзеге асырылған жазалау шаралары мен әкімшілік-саяси жүйесінің құрылымдарына талдау жасаған. Яғни, Б.С. Сүлейменов пен В.П. Басиннің еңбектерінде патша өкіметінің реформалық отарлық билікті нығайтуға бағытталған деген ой орын алса, ал Г.С.Сапарғалиев пен С.М. Мәшімбаевтің еңбектері болса патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген жазалау шаралары мен әкімшілік-басқару жүйесінің құрылымдарын көрсетеді. К.А.Жиреншиннің зерттеуінде ХІХ ғасырдағы қазақ даласының саяси даму барысына баға беріледі.

1990 жылдардың басында қазақ елінің Ресей империясының қол астына өту мәселесінің тарихнамасында екі түрлі көзқарас қалыптасады: тек қана жаулап алу және бастапқы бодандықты ерікті түрде қабылдау, одан соң әскери күштің көмегімен қосып алу. Ресей империясының Жетісу өлкесін отарлаудағы басқару және табиғи байлығын игеру мақсатында іске асырылған шараларын талдауда М.Қ. Қойгелдиевтің “Жетісудағы Ресей билігі” атты монографиялық зерттеуі кеңестік тарихнаманың тұжырымдарын қайталамайды. Жарты ғасыр мерзімге созылған патшалық билік Жетісу өңіріне, оның халқының өміріне қандай жаңалықтар алып келді, монографиялық зерттеудің сарыны осы тақырып ауқымында өрбиді. “Түпкі стратегиялық мақсаты Орталық Азияны өзіне қарату болған Ресейдің бұл бағыттағы әрекеті,- дейді профессор М.Қ. Қойгелдиев,-әрине, тек Жетісу арқылы ғана өріс алатын еді. Ал бұл кезде Жетісуды жара ағатын Іле өзенінің шығыс жақ бетнде қытайлықтардың ықпалы байқалса, батыс бетін Қоқан хандығы билеп төстеді. Жетісу үшін талас барысында бұл екі мемлекеттің де мүмкіндіктерін жақсы түсінген Ресей үкіметі, түптеп келгенде мәселенің толық шешімін табуы жергілікті халықтың көңіл-күйіне тәуелді екендігін дәл бағалай білді” /21/.

Отарлаудың ащы шындығы К. Нұрпейісовтың еңбегінде жан-жақты көрсетілген. Өз зерттеуінде автор қазақтармен көшіп келген келімсектердің арасында қалыптасқан күрделі қарым-қатынастарға тоқтала келіп, Ресей мемлекетінің тарапынан жасалынған қатыгездік пен озбырлыққа, жергілікті халықты ата қонысынан ығыстыру шараларына тоқталады /22/.

Отарлау мәселесінің бағыттары мен қадамдары, ұлт зиялыларының қоныстандыруға қатысты ой-пікірлері мен ұстанымдары Е.Ж.Валиханов /23/ пен В.З.Галиевтің /24/, С.Рүстемовтің /25/ еңбектерінде қарастырылған.

Ресей империясының Қазақстан мен Орта Азиядағы отарлық саясаты және жергілікті билік орындарының қызметі шетел зерттеушілерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Шетел зерттеушілерінің еңбектерін қарастырғанда Гарвард университетінің профессоры Ричард Пайпстің еңбегі ерекше /26/. Себебі бұл еңбекте тоталитарлық жүйеге қатысты құнды пікірлер айтылған. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында патша өкіметі, тәжірибе ретінде бірнеше шараларды қабылдап, нәтижесінде полиция тәртібінен асып түсіп, тоталитаризмнің қара түнегін орнатқан еді деп, монографиялық еңбегінің үшінші тарауында революционерлердің пайдаланғандығы көрсетіледі.

Ал Вена университетінің профессоры Андрес Каппелердің зерттеуінде Ресейдің мұсылман елдеріне қатысты жүргізген отаршылдық саясаты кеңінен қозғалған /27/. Патшалық Ресейдің Түркістан өлкесіндегі мұсылмандарға қатысты жүргізген саясатының негізгі екі жолы болды. Оның біріншісі агрессивтік (зорлық-зомбылық, күш көрсету) болса, екіншісі прогматикалық (жұмсақ, майысқақ) болды деп көрсетеді.

Осы аталған тарихнамалық зерттеулер Ресей империясының өлкедегі билігінің тарихына объективтік тұрғыдан баға беру қажеттілігін және ғылыми жағынан құндылығын аңғартса керек.

Диплом жұмысының деректік көзі ретінде алынған материалдарды бірнеше топтарға жіктеуге болады. Солардың бірі Ресей империясының қазақ даласына, соның ішінде Жетісу өлкесін мекендеген Ұлы жүз қазақтарын отарлауға қатысты шығарылған әр түрлі заңдық жинақтар және құқықтық актілер мен ережелер, әскери-әкімшілік мекемелердің құрылуы, міндеті мен әрекет ету жөніндегі мәліметтер.

Бұл деректерді “Сборник узаконений о киргизах степных областей” /28/, “Ресей сыртқы саясатының тарихы” /29/ құрады. Сонымен қатар Жетісу өлкесі бойынша жүргізілген шолуларда әлеуметтік, шаруашылық, мәдени және қоғамдық қатынастар туралы жыл сайын мәліметтер беріліп тұрды /30/.

Зерттеу барысында жергілікті әкімшілік мекемелерінің әскери және азаматтық шенеуніктерінің ресми іс-қағаздары мен жазбалары, Бас штабтың о ицерлері мен саяхатшылардың естеліктері мен күнделіктері және хаттары ғылыми айналымға тартылды. Атап көрсетсек, А.Янушкевичтің күнделіктері мен хаттары /31/, П.П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің саяхаты кезіндегі еңбектері /32/, И. Бабковтың Батыс Сібірдегі қызметі жайлы естеліктері /33/, М. Венюковтың жазбалары /34/, Н. Северцовтың зерттеу жұмыстары /35/ және тағы басқалары.

Сонымен қатар көптеген мәліметтерді мерзімді басылым беттерінен кездестіреміз. Мысалға: “Военный сборник”, “Ветник Европы”, “Русская старина”, “Русский архив”, “Туркестанские ведомости”, “Вопросы колонизаций” сияқты баспасөз басылымдарында Жетісу өлкесі жайлы аса маңызды деректер келтірілген. Бұлардан басқа ХІХ ғасырда орыс мерзімдік басылымдарындағы деректердің “Царское колонизация в Казахстане” атты еңбекте біршама жинақталған түрі келтірілген. Онда “Русский вестник”, “Отечественные записки” және басқа да журналдар Ресей империясының қазақ даласындағы жаулау жорықтары мен оған қатысқандардың естеліктері және мұрағаттық деректер бар /36/.

Міне, бұл тарихнамалық шолулар Жетісу өлкесіндегі патшалық Ресей билігінің тарихын қарастырудың қажеттілігі мен маңыздылығын аңғартса керек.

Жоғарыда баяндалған мазмұндағы материалдар бойынша қорытқанда Жетісу өңірінде патшалық билік жүйесінің қалыптасу, даму және дағдарыс кезеңдерін терең талдауға мүмкіндік берді.

Кеңестік тарихнама орыс билігінің Қазақстанға келіп орнығуын прогрестік құбылыс ретінде мойындады. Ал Ресейлік отарлау саясатына қарсы шыққан саяси күштер күні өткен, ескіні көксеген  еодалдық қатынастарды жақтайтын қорғаушылар есебінде көрсетілді. Империялық жаулап алу саясатын ашықтан-ашық ақтауды көздейтін бұл көзқарас келмеске кетті.

Біз диссертациямызды орыстардың әскери-әкімішілік орындарының Жетісу жеріне келіп жүргізген басқыншылық саясатын сыни тұрғыдан қарап, олардың Жетісу өлкесінде мекендеген байырғы халықтарға жасаған зорлық-зомбылығы мен оларды бағындыру жолындағы “құйтырқы” іс-әрекеттерін ғылыми негізде талдаймыз.

Ал Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан жергілікті саяси күштердің ресейлік отаршылдыққа қарсылығын мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы күресі есебінде бағалаймыз. Сол сияқты Жетісу жерінде орын тепкен ресейлік билік жүйесінің көздеген мақсаты да, көтерген жүгі де империялық мүддеден туындады. Сондықтан да біз Қазақстанға келіп орын тепкен ресейлік билік “күні өткен хандық биліктен” жоғары болды, қазақ қоғамының жаңа даму сапасына көтерілуіне жол ашты деген мазмұндағы тұжырыммен мүлдем келісе алмаймыз. Біздің пікірімізше, патшалық билік тұсында Жетісу жерінде орыналған саяси өзгерістер қазақ халқын ұлт ретінде жоятын жолға түсірді. Тек тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана бұл қауіптен құтылуға мүмкіндік алдық.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері мен территориялық қамту аймағы. Негізгі әскери-әкімшілік тәртіптің Жетісу өлкесіне енгізілуін 1818 жылғы Сүйік Абылайхановтың Ресей билігін мойындау жөнінде өтініші нәтижесінде нақтылай түсуін анықтай отырып, оның 1867 жылдың 11 шілдесіне дейінгі даму барысын көрсеттік.

Тақырыпқа негіз болған мәселенің территориялық қамту аймағы – Батыс Сібір генерал-губернаторлығына күшпен қосылған Жетісу өлкесі.

Жұмыстың методологиялық негізі мен әдістері. Зерттеу жұмысын талдауда біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңалықтар мен түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Бұған дейін патшалық Ресейдің Жетісудағы жергілікті әскери-әкімшілік басқару билігінің қызметі мен тарихы арнайы өз деңгейінде зерттеу көзіне айналмай тіпті назардан тыс қалып келгенін айта кеткен жөн.

Отаршылдық жүйедегі өзіндік орны бар бұл мекеменің қызметтері Кеңестік кезеңдегі тарихы тар таптық-партиялық ұстанымдар тұрғысынан баяндалып келген. Міне, сондықтан зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан қазылған зерттеулер басшылыққа алынды.

Диссертациялық зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық тарихи даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалылық, талдау, жинақтау және қорқыту, жүйелілік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи ұстанымдар мен концептуалдық ережелер, танымдық теория негіздері алынды.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, әрқайсысы үш бөлімнен құралған, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. 1. АЛАТАУ ДУАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ

 

  • Ресей империясының Жетісу жерін отарлаудың алғашқы кезеңі (ХІХ ғасырдың 20-жылдары)

 

ХІХ ғасырдың І жартысында Ресей экономикасының жаңа капиталистік жолға түсуі, өнеркәсібі мен саудасының өрлеуі жаңа өнім өткізетін рынокқа және шикізат көзі болып табылатын аймақтарға қажеттілікті туғызды. Бұл мәселені патша өкіметі Қазақстан мен Шығыс елдерін отарлау арқылы шешпек болды. “Ресей үшін қазақ елін өз отарына айналдыруға басты мақсат елдің табиғи байлықтарын, арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қажетіне пайдалану, неғұрлым мол пайда табу болды” /   /.

Әсіресе, патша өкіметі мен орыс буржуазиясын табиғат байлықтры мен мал өнімдерінің шикізатына өте бай Жетісу өлкесі аса қызықтырды. Ондағы мал және мал өнімдері Ресей мануфактурасының ең қажетті көздерін беретін еді.

 

Скачать