Дипломдық жұмыс. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялау шаралары мен салдарлары

0
7
Advertisement

Дип. жұмыс 51 беттен тұрады

Реферат

 

Бітіру жұмысының тақырыбы “1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялау шаралары мен салдарлары”.

Хронологиялық шеңбері 1937-1938 жылдарды қамтиды.

Өзектілігі. Мұндай мәселені зерттеу қазіргі жаңаша тарих ғылымын қалыптастыруда Қазақстандағы репрессия шаралары тарихына сын көзбен қарауға және мәселеге сәйкес тарих сабақтарын алуға көмектеседі.  Осындай саяси репрессия көрінісіндегі асыра сілтеушіліктер мен тоталитаризм салдарларын, репрессияның жүргізілу себептері, механизмі, ауқымы, жүргізілу әдіс-тәсілдері мен формаларын білмей жатып толық қарастыру мүмкін емес. Әсіресе оның Қазақстандағы жүргізілу тәсілдерін оқып-білу тарихымыздың жаңа беттерін ашып, көптеген бұған дейін беймәлім болып келген көптеген сұрақтарға жауап береді. Әсіресе осы кезеңде қазақтың “қаймақтары” қырылғанын, барлық экономикалық, әлеуметтік сәтсіздіктердің ауыртпалығын қарапайым халық өз мойнымен көтергендігін білеміз. Сондықтан да бұл тақырып тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Бітіру жұмысын жазудағы мақсатым ғылыми айналымда жүрген деректік материалдар мен зерттеулерді пайдалана отырып, көрсетілген кезеңдегі, яғни 1937-1938 жылдардағы орталықта жүргізілген саяси репрессия тарихын зерделей отырып, оның Қазақстандағы жүргізілу ерекшеліктері мен көрінісін, зардаптарының мән-мағынасын тереңірек ашып көрсету болып табылады.

Бұл мақсаттарымды іске асыру үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

  • атақты отандық тарихшылардың ғылыми еңбектері мен қарастыру және меңгеру;
  • Орталық пен Қазақстанндағы жаппай репрессиялау шараларын салыстыра, ерекшеліктерін көрсету;
  • репрессия ауқымы мен саясаттың Қазақстанда жүргізілу әдіс-тәсілдерін талдау;
  • Жаппай репрессиялау зардаптарын әр түрлі салада қарастыру.

Әдістемелік негізі. Салыстырмалы әдістемелік талдаумен қатар, тарихнамалық шолу және нарративті деректерді пайдалану арқылы ғылыми талдау жасалды.

 

 

Жоспар

 

Кіріспе————————————————————————————-

1-тарау. Репрессияның саяси идеологиялық қайнар көздері мен жүргізілу себептері———————————————————–

 

1.1. Репрессияның идеологиялық негіздері мен жүргізілу себептері

1.2. Қазақстандағы репрессияның негізгі толқындары——————–

 

2-тарау. Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессия және оның тарихи салдары——————————————————

 

2.1. Қазақстандағы 1937-1938 жылдардағы репрессия шараларының жүргізілуі, барысы және ерекшеліктері——————————————-

2.2. Репрессияның саяси, әлеуметтік және мәдени зардаптары———

 

Қорытынды——————————————————————–

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі————————-

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның ұлттық бірегейлі және біртұтас болуы үшін оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт.

Кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұстарын ақиқатты тұрғыда зерттеп, парасатпен зерделеу тарихшылардың басты парызы. Себебі, тарих тағылымы жарқын болашақтың негізі. Ұрпақ арасындағы білім мен біліктілікке негізделген тарихи сабақтастықты жалғастыру, дамыту арқылы ұлттың рухы биіктей түседі. Тарих дегеніміздің өзі бір ұрпақтың жасаған құндылығының екінші ұрпаққа ауысуы.

Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Қазақ елінің заңғар ойшылы Әбіш Кекілбаев айтқандай “Адам да қоғам да ешқашан өз тағдырын өзі енжар қарап көрген емес”,/ / Сондай-ақ халық та өз тағдырына өзі ешуақытта немқұрайлы қарай алмаған. Небір ғасырлар өтсе де соның тұла бойында болған тұлғалар мен тарихи құбылыстардың ел санасында мәңгілік сақталуының сыры да осында жатса керек. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: “…20-шы жылдары басталған “Қызыл қудалау науқаны”, 30-шы, 40-шы жылдары, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып, қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып көлсіреген қара ниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді” – деп көрсетті./ / Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан  елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930 жылдар бойына “халық жауларымен ” үзіліссіз күресте жетілдіріліп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдары үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды “жоспарлы” түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930 жылдың ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жерделі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937 жылдары террор тоталдық сипат алды.

Бастауын 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басында алып қарқынды қалыптаса бастаған Кеңес елінің өз халқына қарсы жүргізген бұл саясаты 1937 жылы берік әрі күшті заңдық күшке ие болды. Үкімет қаулылары мен партия директивалары КСРО-ның ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма)/ІІХК (Ішкі Істер Халық Комиссариаты) тікелей бұйрықтарымен бекітіліп отырды. Бұл құжаттар өзінің өте қатаң жазалау шараларымен, шексіз жасандылығымен, кінәләу, кінәсіздерді негізсіз айыптауларымен, контрреволюциялық қылмыстарға қатысты баптардың нақты еместігімен ерекшеленді.

Қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.

Кеңестік тоталитарлық қоғам билік тармақтарын бір-бірімен сабақтастыра байланыстырып, сот билігін саясаттың құралына, партияның қолшоқпарына айналдырды. Сол арқылы репрессиялық шаралар жүргізілді. Қазақтың ойшыл зиялылары қазақ қоғамындағы дәстүрлі сот билігінің отаршылдық саясат салдарынан, түбегейлі өзгеруіне қарсылық білдіргенімен, мемлекеттік деңгейде жүргізілген саяси қуғын-сүргін шараларына қарсы тұра алмады. Сот билігі өзіндік мәртебесінен айрылған тұста өрескел заңсыздықтар етек алып, адам құқықтары аяққа басылды./ / ҰҚК-нің мұрағаттарындағы  құжаттарға қол жеткізу қиындығы, жасалынған қылмыстың ауқымды, әрі қатерлігінде болса керек… Сондықтан да тарихты бұрмалаудың Кеңестік үлгісінің ақиқаты толық ашылмауда. Нағыз шындықты айтқан адамды жау санау Кеңес өкіметінде дәстүрге айналған құбылыс болды. Мысалы, 1920-1930 жылдардағы қазақ қоғамының дәстүрлі әрі табиғи дамуына жат саяси-экономикалық науқандардың қазақ қоғамына үйлесімсіздігін айтқан қазақ зиялылары жаппай қудаланды./ /

1954 жылы ел басшылығы үшін жасалған айрықша баяндамаға сүйенсек, революцияға қарсы қызмет дегенді білдіретін РСФСР қылмысты істер кодексінің 58-ші бабы бойынша Кеңес одағында сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 770 мыңнан астам екен. Содан 642980 адам атылған. Тарихшылардың есебі бойынша 1927 жыл мен 1953 жылдар арасында 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Ал Қазақ елі бойынша бұл сан 103 мыңды құрайды. Соның 25 мыңы атылған.

Адамды шыққан әлеуметтік тегіне қарап соттау үрдіске айналып, нәтижесінде тегі үшін ұялатын ұрпақ тәрбиеленді. Осылайша теңсіздікке жол ашылды. Адам құқығын таптаудың классикалық үлгілерімен әлемге танымал болған кеңес қоғамының жаңаша зерттелетін тұстары жеткілікті.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, тарих ғылымында Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдерін, соның ішінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шараларын қайта қарау маңызды болып табылады. Кең ауқымды репрессиялау шаралары тоталитарлық жүйенің билігін күшейтуге арналған өз халқына қарсы жүргізген саясаты болды. Сондықтан да репрессия ауқымы мен жүргізілу шараларын зерттеу тарихты жаңаша зерттеудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Мұндай мәселені зерттеу қазіргі жаңаша тарих ғылымын қалыптастыруда Қазақстандағы репрессия шаралары тарихына сын көзбен қарауға және мәселеге сәйкес тарих сабақтарын алуға көмектеседі.  Осындай саяси репрессия көрінісіндегі асыра сілтеушіліктер мен тоталитаризм салдарларын, репрессияның жүргізілу себептері, механизмі, ауқымы, жүргізілу әдіс-тәсілдері мен формаларын білмей жатып толық қарастыру мүмкін емес. Әсіресе оның Қазақстандағы жүргізілу тәсілдерін оқып-білу тарихымыздың жаңа беттерін ашып, көптеген бұған дейін беймәлім болып келген көптеген сұрақтарға жауап береді. Әсіресе осы кезеңде қазақтың “қаймақтары” қырылғанын, барлық экономикалық, әлеуметтік сәтсіздіктердің ауыртпалығын қарапайым халық өз мойнымен көтергендігін білеміз. Сондықтан да бұл тақырып тарихымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1937-1938 жылғы репрессиялау шаралары тақырыбын  жаңа көзқараспен зерттелді дегенмен сталиндік қуғын-сүргін саясатының арнайы зерттейтін қыр-сыры көп.

Тақырыптың тарихнамасы. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы мен дамуы туралы зерттеулер КСРО-дағы тоталитарлық тәртіптің орнау процесімен қатар жүрді. Коммунистік идеология үстемдік құрған кезінде 1937-1938 жылдардағы репрессиялау шаралары зерттелінбеді. Яғни, саяси қуғын-сүргінді тарихи тұрғыда зерттеу және оған объективті ғылыми баға беру қолға алынбады. Осыған байланысты ең әуелі батыс зерттеушілерінің еңбектерінде қаралды./ / Осы тұста шетелдік зерттеушілердің тоталитарлық тәртіптің біздің елге тигізген зардаптарын терең қарастырмайтынын ескеру шарт. 1917-21 жылдардағы большевиктік репрессия, “қызыл террор” тарихы публицистер мен эмигрант тарихшылар еңбектерінде көлемді қозғалды. Сондай-ақ ВЧК-ның жариялаған ақпараттары тоталитаризмнің қалыптасу деңгейін ашуға жәрдемдесетін еді. Алайда, азамат соғысы аяқталған соң ВЧК-ның есептері жарияланбады.

Философиялық сөздікте “тоталитаризм” термині зорлық пен зомбылық, қоқан-лоққыға негізделетін саяси үстемдік жүйесі ретінде анықталады. КСРО-да тоталитарлық тәртіп 1920 жылдардың басында қалыптаса бастады. 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тоталитаризмнің орнағандығын дәлелдеді. Халыққа қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін арқылы мемлекет қоғам өмірінің барлық саласын толықтай бақылады. Р.Конквест өзінің “Большой террор” деген еңбегінде КСРО-дағы тоталитарлық тәртіпті зерттеп, репрессияның көлемі туралы пікір таластардың бастамасын жасады. Р.Конквестің пікірінше, Кеңестік тарихшылар дәлелдерге, фактілерге қолы жетпегендіктен ақиқатты жаза алмады. Сондықтан да шетелдік зерттеуші ғана КСРО-дағы репрессия жөніндегі шындықты көрсете алатын еді.

КСРО-да КОКП-ның ХХ съезіне дейін репрессия тарихы зерттелінбегені мәлім. Ал ХХ съезден кейін түрме мен еңбекпен түзету лагерьлерінде болғандар естеліктер, әңгімелер шығара бастады. Алайда сталиндік саясат біржақты сынға ие болды. Сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы еңбектер Л.И.Брежневтің  басқару тұсында кенеттен азайған. КСРО-ның қуғын-сүргін тақырыбы туралы диссиденттер ғана жазған. Олар өз шығармаларын шет елдерде бастырған./ / 1980 жылдардың ортасындағы қайта құру бағытына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында сталинизмнің мәні туралы көптеген мақалалар жарық көрді. Осыған орай 1988-1991 жылдары Кеңестік тарихшылардың сталиндік қуғын-сүргін мен Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіпті терең зерттелуіне жол ашылды. Осы кезеңде жаппай қуғын-сүргін көлемі, заңсыздықтар туралы құнды фактілерге толы монографиялар және мақалалар жинағы көп жарияланды.

 

Скачать

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз