ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ. Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі тарихи аспектісі (1991-2020 жж.)

0

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2020жж.)

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………………3  

 

1    РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ  ДАМУЫ

     (1991-2007 жж) ……………………………………………………………………………………….. 7

 

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму тарихы

(1991-2007жж) ……………………………………………………………………………………….7  

1.2  Тәуелсіздік жағдайында мұнайгаз саласындағы орын алған  қиыншылықтар

……………………………………………………………………………………………………………. 23

 

2   МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ            ЕТІЛУІ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ КҮНІ ………………………………………… 29

 

  • Мәселенің Кеңес үкіметі тұсындағы жағдайы ………………………………………. 29
  • Егеменді еліміздегі мұнайгаз саласының мамандармен қамтылуы ………… 36

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ   ………………………………………………………………………………………. 50

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………. 53

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі.  Жер көлемі жөнінде әлемдегі ең ірі мемлекеттің бірі саналатын Қазақстан сондай – ақ орасан зор табиғат байлығы мен адам ресурстарына да ие. Еліміздің басшылығы осы ресурстарды тұрғындардың әлауқаты деңгейін көтеру бағытында пайдалану үшін табанды жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда мұнай өндіру тарихы 1899  жылдан бастау алады. Ең алдымен, Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі бастауында мұнай және газ жобалары экономикаға құйылар инвестицияның өсуіне ықпал ететін өз мәніндегі катализаторға айналады. Арада жүз жыл өткен соң, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “..мұнай ұлттық индустрияның тек маңызды саласына айналған жоқ, ол мемлекет тәуелсіздігінің символына, жарқын болашаққа деген үмітке айналады. Бүгінде Қазақстан мұнайы Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуде ” деген тарихи мәні бар сөзін айтты [1]. Шынында да тәуелзіздік жылдарында мұнайгаз саласы өз дамуында таңқаларлық прогреске ие болды. Бұл табыс ең алдымен еліміз басшылығының тұрақты да белсенді, әрі дәйекті саясатының , оның ішінде шетелдік инвестиция тартуға жұмсаған күш – жігерінің арқасында мүмкін болды.

Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар. Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..

Мұнайгаз және энергетика кешені Қазақстандық экономика дамуының басты стратегиялық ресурсы болып табылады және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл атқарады. Білікті мамандар мен сарапшылардың пікірінше, еліміздің мұнай-химия саласын дамыту дегеніміз – экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз. Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнай-газ секторының арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін қолға алатын уақыт жетті.

Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, қарастырып отырған Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі  мәселесі көп жылдар бойынан бергі енді ғалымдардың назарына ілініп, оның тарихи аспектісі ашыла бастады, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық және еліміздің экономикасын көтеруде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, автор нақты тарихи материалдар негізінде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өнеркәсібі мәселесін  ашып көрсету, жоспар бойынша алынған мәселелерге қатысты жекелеген авторлар еңбегін, ондағы негізгі мәселеміздің бейнелену дәрежесін талдап баға беру мен зерттеуді диплом жұмысының басты мақсаты етіп алды. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленген:

  • Ең бастысы әрине, қарастырып отырған мәселеміздің пайда болуына түрткі болған Қазақстан Республикасында мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы мен сол тұстардағы тарихи жағдайға баға беру:
  • Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз саласының мамандармен қамтылуы немесе осы жайындағы негізігі өзекті мәселелердегі орын алған олқылықтар мен оларды жеңу жолдары
  • Тәуелсіздік жылдарындағы егеменді еліміздің осы мұнай-газ саласының мамандарының негізгі идеяларын талдау
  • Қазіргі таңдағы кейбір олқылықтар немесе қазір таңдағы айтылуы тиіс мәселелерді көрсетіп беру.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу 1991-2007 жылдар аралығын қамтиды. Осы аралықта ұзақ жылдық үрдіс нәтижесінде Қазақстан Республкасының құрылуы мен мемлекеттілігінің қалыптасуы басты себепкері ретінде қарастырыла келе, осындай мемлекеттің экономикалық секторында өзекті мәселеге айналған мұнай-газ саласының дамуы мен ондағы негізгі мәселелер талданады. Осы мәселеге қатысты өз зерттеу жұмыстарын жүргізген Тәуелсіз Қазақстан Республикасының зерттеушілерінің еңбегін көрсетеді және барынша талданады. Әрине, әр еңбектің табиғатына жете мән беріліп, зерттеудің пайда болған уақытымен санасады. Сол тұстағы тарихи жағдай мен еңбектің құндылығы толықтай ашылып көрсетілген.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Жалпы, Қазақстан Республикасының мұнайгаз мәселесі Отандық тарихнамада толығымен талданған деп айту асығыстық болар. Себебі, қазіргі таңдағы тарихшылардан гөрі аталған мәселе көлемінде осы саланың мамандары, яғни экономистер мен тағы да басқалары айналысуда.  Аталған мәселе Отандық тарихнамадан бұрын, Кеңестік кезеңде де өз зерттеушілерін тауып отырған. Алайда, Кеңес  үкіметі тұсында ғылым мен қоғамдық өмір комунисттік партияның қатаң бақылауында болғаны белгілі. Аз ұлттардың тарихы, соның ішінде тамыры тереңнен бастау алатын қазақ халқының тарихы барынша бұрмаланып, батырлық еңбектерін жасыруға тырысқаны бүгінгі күні анықталып отыр. Қарастырып отырған мәселеміздің Кеңестік кезеңіндегі зерттеушілерінің қатарында мынандай авторларды атауға болады. Мысалы: Г.Чулановтың «Промышленность дореволюционного Казахстана (Историко – экономический очерк.)» [2], Т. Шаукенбаевтың «Экономика нефтяной промышленности Казахстана» [3], К.Е Темиргалиевтың «Борьба за нефть Казахстана. Партийное руководство  развитием нефтяной промышленности» [4], М. Козыбаевтың «Казахстан – арсенал фронта» [5] және тағы да басқа еңбектер.

Аталған авторлар еңбектерінде қарастырып отырған мәселеміз туралы едәуір стаистикалық мәліметтер мен Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мұнай-газ саласының даму тарихы жөнінде мол мәлімет келтірген.

Ал, тәуелсіздік тұсындағы еңбектерде біршама шынайы жазушылық байқалады. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей қазіргі таңда тарих ғылымы ешбір идеолгияға тәуелді немесе қандай бір топ өкілдерінің мүддесіне қарай жазылып жатқан жоқ. Алайда, барлығымыз байқап жүргеніміздей бүгінде  Қазақстан  тарих ғылымы үлкен бір өтпелі дағдарысты бастан өткізуде. Тарихи зерттеулерде компелятивті зерттеулер көбейіп бара жатқаны шындық. Дегенмен, аталған мәселеміз туралы М.М Есалиеваның «Рабочие кадры нефтяной промышленности Казахстана» [6], И.Кожыбай мен К.Джакиевтің «Ембі мұнайы 100 жылда (1899-1999)» [7], А.Ш Алтаев «Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана  (1970-1990гг)» [8], М.Ж Ташеневтың «Рабочий класс Казахстана в 1960-1985 гг. (на примере промышленности)» [9], Т.С. Садыков «Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасу және даму тарихы (XIX ғ. ортасы-XXғ)» [10] және  М.Х Асылбеков пен В.В Козинаның «Казахи (Демографические тенденции 80-90-х гг.)» [11] атты еңбектерін атап өтуге болады.

Аталған авторлар еңбегінде қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының шешуші секторына айналған мұнайгаз саласының қарастырып отырған кезеңдегі жай-күйі мен орын алған күрделі мәселелері жөнінде қарастырып өткен.

Сонымен қатар, аталған мәселеміздің басқа да зерттеулері бар. Осы да және де басқа да зерттеулер диплом жұмысы барысында барынша қолданылды.

Жоғарыда аталған зерттеулер мен мақалалар диплом жұмысы барысында кеңінен әрі, барынша қолданылды.

Ғылыми жұмыстың методологиялық негізі. Зерттеудің методологиялық негізін тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері құрады: қажетті деректерді табу  және оларға сипаттама берудегі тарихи таным; оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтілік, нақтылық; қоғамдық құбылыстардың дамуын және өзгеруін зертеудегі нақтылы-тарихи әрекет; танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасы және  байланыстары.

Ғылыми жұмыста қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілердің еңбектері және ондағы көтерілген концептуалдық мәселелер өткен және қазіргі кезеңдегі  байланыстық мағына дәрежесінде пайдаланылды.

Қойылған міндеттерді орындау барысында жалпыға мәлім зерттеу әдістері қолданылды. Ғылыми әдістің жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып,еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқада әмбебаптық зерттеу әдістері барынша пайдаланылды.

Диплом жұмысының деректік негізі. Қарастырып отырған мәселеміздің деректік негізін осы кезеңдегі мәселемізге қатысты Үкіметтің қаулылары мен елбасының Жарлықтары және түрлі статистикалық мәлімет сақтаған құжаттар құрайды. Мысалы: Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығы [12] және  «Казахстан в цифрах» [13] атты құжаттар жинағын атауға болады. Аталған деректер диплом жұмысы барысында толығымен қолданылып, өзіндік тұжырым жасауға пайдаланылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін  төмендегідей  жаңалықтар жасадым. Мысалы:

  • ғылыми жұмыста мәселеміздің пайда болуына әсер еткен негізгі мәселеге барынша талдау жасалынады.
  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы жайлы өз зерттеуін жүргізген авторлардың еңбектерін тарихилық принцип тұрғысынан заңдастырдық, яғни еңбектің пайда болу уақытымен санастық
  • қолда бар, яғни табылған деректер мен зерттеулер негізінде авторлардың еңбектерін, ондағы мәселеміздің бейнелену дәрежесін барынша  шынайы көрсеттік және ең бастысы мұнайгаз саласының осы жылдар аралығындағы дамуына жете тоқталдық:
  • Экономикамызда шешуші факторға ие болып отырған осы бір салада мамандардың қамтылуы жайлы толық мәлімет келтіріп, ондағы орын алған олқылықарға тоқталдық:
  • Егеменді еліміздің мамандар зерттеулеріндегі қазақ мемлекетінің мұнай-газ мәселесінің жазылу шамасына да өзімізше талдау жасадық.

Диплом жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диплом жұмысының құрлымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

        1    РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ  ДАМУЫ

              (1991-2007 жж.)

 

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму

              тарихы (1991-2007 жж.)

 

Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай    өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар.

Адам мұнайды өте ертеден білген. Оны жарық, жылыту, дәрі дайындау үшін пайдалануға болатынын Геродот пен Плутарх та айтқан. ХІХ ғасырда алдымен керосин шамның, одан соң іштен жанатын двигательдің ойлап табылуы оны өндіруді арттыруға түрткі болды. ХХ ғасырда бастапқы энергетика байлықтарының басқа бірде-бір түрі адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуына мұнай секілді үлкен ықпал ете алмады.

Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде өндіреді. Бірақ бұл саланың географиясын “бірінші одаққа” жаятын елдер анықтайды. Олардың көпшілігі үшін мұнай өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды, кейде бірден-бір саласы болды.

 

 

Скачать