Диплом жұмысы. Дешті Қыпшақтың Мысыр Мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Дешті Қыпшақтың Мысыр Мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….. 3

 

1 ТАРИХНАМА

1.1 XX ғ. ТАРИХНАМАСЫ………………………………………………………………………..9

1.2 МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІНІҢ ДЕШТІ-ҚЫПШАҚПЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ ЖАЙЫНДА ХАБАРЛАЙТЫН МЫСЫР ЖӘНЕ АРАБ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ МЕН ТАРИХШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ……………………………15

 

2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН МЫСЫР МАМЛҮК МЕМЛЕКЕТІ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ЭТНО-МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАРЫ

2.1 САРАЙ МЕН ҚАЙЫР АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЕЛШІЛІКТЕР……………………………………………………………………………………………18

2.2 ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫ МЕН МАМЛҮК СҰЛТАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰДАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР…………………………………………28

2.3 СҰЛТАН БАЙБАРЫС: ДІН ЖӘНЕ САУДА, ЭТНИКАЛЫҚ, МӘДЕНИ, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТЫҚ, САЛТ-ДӘСТҮРЛІК, ТІЛДІК ЖӘНЕ АНТРОПОНИМДІК  БАЙЛАНЫСТАР………………………………………………………………………………………..35

 

ҚОРЫТЫНДЫ.………………………………………………………………………………………..48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………..50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендігін алғаннан бері Қазақстанның геосаяси жағдайы күрт өзгерген кезде тарихымызды зерттеу саласында үлкен бетбұрыстар болды. Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы өзінің он бес жылдығын атап отырған уақытта қазақ халқының рухани өрлеуі мен тарихи санасының қалыптасуы заманында өзінің көршілес және алыс халықтармен және мемлекеттермен ғасырлар бойындағы болған қарым-қатынастары мен байланыстарына деген қызығушылығы едәуір артып отыр. Осы орйда, халықаралық аспектіге ие қыпшақ факторының белгілі ғылыми мағынаға бөленуі кездейсоқтық құбылыс емес. Өйткені, қыпшақтар ортағасырдың ең ірі этникалық топтарының  бірі ретінде бірқатар түркі халықтарының, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының қалыптасуында елеулі рөл атқарумен қоса, Еуразия мен Жерорта теңізі аймағындағы бірсыпыра шетел этностары мен мемелекеттерінің тарихында өздерінің өшпес іздерін қалдырды. Олардың ішінде, Мысыр мен Шам елін ерекше атауға болады.

Жоғарыда айтылғандардың тұрғысынан шығып Дешті Қыпшақ мемелекеті мен Мысыр Мамлүк мемелекетінің өзара байланыстары тақырыбын таңдап алдық. Өз заманының ең ірі саяси құрылымдары болған бұл екі мемелекеттің іргелері көп жағдайларда қыпшақ этносы, оның дәстүрлері мен мәдениетіне негізделген.

Мәселенің тарихнамасында Мамлүк мемлекетінің және және сондай-ақ Берке мемелекетінің зерттелу тарихында қалыптасқан белгілі дәстүрлер бар. Сонымен қоса, олардың екеуінің өзара байланыстары аспектісі едәуір аз зерттелген. Бұл екі ірі мемелекеттің өзара байланыстары туралы хабарлайтын негізгі дерек көздері XIII-XVI ғғ. жататын ортағасыр араб тарихи шығармалары болып табылады.

XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Қазақ халқының Ресейдің отарлауына душар болып едәуір саяси, экономикалық және рухани дағдарыстарды басынан кешірді. Қазақ даласында хандық жүйені жою арқылы тәуелсіздігіне тоқтау қойылды. Әсіресе, XX ғ. бірінші жартысында тоталитарлық кеңес үкіметі жылдары төл тарихын зерттеу мүмкіндігінен айрып, тілі, салты мен ата-дәстүрін ұмыт қалдырту арқылы мәңгі отарлықты көздеген Мәскеу қазақ зиялылары мен әлауқаттыларын репрессиялар мен қудалаулаоға ұшыратып, елі емес, жеріне қызыққан большевиктік саясат бүкіл қазақ халқын геноцидке ұшыратуы оның тарихындағы теңдесі жоқ үлкен қасіретті кезеңдердің бірі болып тарихқа жазылды. Осы жылдары халқымыздың жартысына жуығы қырылып, қалғаны жаппай орыстандыру саясатын бастан кешіріп, рухани тоқыраулыққа әкеліп соқтырса, екінші жағынан тарихымызды бұрмалау арқылы ұлттық сананың орнына  «интернационализм»,  «халықтар достығын» бүркемеленіп құлдық сананы енгізуінің зардаптарының ауырлығы бүгінгі таңда едәуір сезілуде. Осыншама қасіретті көрген халық үшін тәуелсіздіктің орны мен мазмұны ерекше биік. Отарлық пен тоталитаризм жүйесі тарихымызды шынайылық тұрғысынан зерттеу ісінде төл зерттеушілерімізге жол бермеумен қоса, өзінің отарлық саясатына сәйкес оны барынша бұрмалап және сол бұрмаланған күйінде ғылыми айналымға енгізуі бүгінгі таңдағы халқымыздың басына түскен ең үлкен рухани  зардаптарының бірі болып табылады.

Жалпы ислам тарихында орны ерекше, мәртебесі биік болған мамлүк кезеңінен мұра болып қалған өте бай қолжазбаларында Дешті Қыпшақты мекен еткен, салты мен дәстүрі бір, тілі мен мәдени тамыры ортақ көшпелі халықтың  тарихын зерттеуде түркі, қыпшақ, моңғол және түркі-моңғол халықтарының байланысы арақатынасы және ерекшеліктері туралы мол құнды деректер сақталған.

Аталған мемелекеттің кіндігі қазіргі Қазақстан жерінде орналасып, тарихи дамуы жағынан қазақ халқы олардң этникалық және мәдени мұрагері болып табылуы себепті, Дешті Қыпшақ мемелекетінің тарихын зерттеу ісі төл ғылымымыз үшін ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Өткенімізді сараламай болашағымызды болжау қиын. Елдігіміз бен мемлекетіміздің бүгіні мен болашағын оның ішкі саяси бағытымен қоса, әлемдік қауымдастықтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастарының қандай деңгей мен сапада болуы белгілейді. Тарихымызды зерттеу ісінің ғылыми, әлеуметтік қоғамдық және ұлттық-танымдық қызметтерімен қоса, бүгінгі күнгі сыртқы саясатымыздағы басқа елдермен қарым-қатынасымыздың тарихи тамырлары мен негіздерін ашып көрсетудегі маңызы өте зор. Осы диплом жұмысының тақырыбы мен мазмұнын қамтитын Дешті Қыпшақтың Мамлүк мемелекетімен ғасырларға созылған жан-жақты қарым-қатынастары мен байланыстарын ашу арқылы алғашқысының діңгегін құраған бүгінгі егемен Қазақ мемлекетінің орта ғасырлардағы араб ислам әлемімен саяси, дипломатиялық және рухани байланыстарының терең тамырлары бар екенін көрсетіп, бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы орны мен маңыздылығы ерекше мәртебелі араб және ислам елдерімен қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейде жаңғырту үшін маңызды негіз бола отырып, қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы Батыс және Шығыс елдерімен дипломатия саласында ғасырларға кеткен терең тарихи байланыстардың тамырлары мен бай дәстүрлерін көрсетуде маңызды фактор бола алады.

Әдебиетте кеңінен тараған «Алтын Орда» атауы орыс жылнамалары бойынша кеш пайда болған, оның алғаш рет жазылуын XVI ғ. жатқызады. Мұсылман дерек көздерінде бұл мемлекеттік құрылым көптеген атаулармен белгілі және олардың ішіндегі кең тарғаны Дешті Қыпшақ болған. Моңғол жаулаушылығына дейін Ұлы даланың Ертістен бастап Дунайға дейін созылғанұланғайыр жерлері XI ғ. аяғынан XIII ғ. басына дейін қыпшақ хандарының қолында болған. бірінші жартысында қыпшақтардың билігі астында болған жерлердің бәрі Моңғол империясының құрамына кіргізіліп, осы ғасырдың 60-шы жылдарынын бастап саяси биліктің барлығын өз қолдарына алған моңғол ақсүйектері қыпшақтармен туыстасып, олардың арасына бірте-бірте сіңісу арқылы ассимиляцияға ұшарайды. Қыпшақ және моңғол мәдениетінің өзара күресінің нәтижесінде дамуы жағынан жоғары тұрған қыпшақ мәдениеті басымдылыққа ие болып, көп ұзамай жеңіп шығады. Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа алып Алтын Орда мемлекетінің синонимі ретіндегі «Дешті Қыпшақ» терминін зерттеуіміздің тақырыбына енгізіп, XIII ғ. ортасынан ХV ғ. басына дейінгі аралықтағы Дешті Қыпшақ пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық, құдалық, этикалық байланыстарын қарастырдық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХVII-ХVIII ғғ. Батыс Еуропа мен ресейде басталған Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихын зерттеуде бірқатар зерттеулердің өзіндік тарихнамасы мен деректік негізі қалыптасқан.

Батыс Еуропа елдерінде Дешті Қыпшақ тақырыбына қатысты зерттеулер өзінің бастауын ХVII-ХVIII ғғ. алады және бастапқы кезеңде бұл зерттеулердің ғылыми ауқымы тар болды. Және еуропалықтар тарпынан өзінің мұсылман көршілері туралы жалпы қызығушылық шеңберінен аспады және тақырыптық жағынан да шектеулі сипатта болды. Бұл салада зерттеулер жүргізген алғашқылардың арасында д′Эрбело, Ж. Дегинь, И. Хаммер-Пургштальді атауға болады.

Ресей зерттеушілері тарпынан Дешті Қыпшақ тақырыбына деген қызығушылық XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың аяғын қамтитын кезеңде басталып, ол негізінен Алтын Орданың тарихын зерттеумен байланыста қарастырылады. Бұл саладағы жүргізілген алғашқы зерттеулерді Х.М. Френ, П. Савельев, И. Березин, Г.С. Саблуков, С.д′Оссон, Х. Ховорстың аттарымен байланыструға болады. П. Савельев пен Г.С. Саблуков зерттеуші өздерінің зерттеулерінде нарративті жазба деректермен қоса, Алтын Орданың нумизматикалық материалдарын кеңінен пайдаланған [1].

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ортасына дейін Батыс Еуропа және Ресей зерттеушілерін Алтын Орда тақырыбының ішінде негізінен оның саяси тарихы, мемлекеттік құрылымы және батыс елдерімен қарым-қатынасы қызықтырды. Бұл кезеңде араб және парсы тілдеріндегі нарративті деректермен қоса, Алтын Орданың ірі қалаларының қалдықтарында жүргізілген қазба жұмыстары кезенде табылған материалдық деректер, оның ішінде нумизиматикалық материалдар кеңінен пайдаланылды. Бұл салада зерттеу жүргізгендердің ішінде В.Г. Тизенгаузен, С. Лэн-Пуль, Н.И. Веселовский, Г. Алтуниан, М.Д. Писелков, Ф.В. Баллод, В.В. Бартольд, Г.В. Вернадский, П. Пеллио, Б. Спулердің аттарын атауға болады. Олардың ішінде В.Г. Тизенгаузен Алтын Орда тарихына қатысты ортағасыр араб  [2], парсы және түркі жазба деректерінен үзінділерінен құралған жинағы бұл салада бүгінгі күнге дейін құнды дерек көздері ретінде өзінің ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ. С. Лэн-Пуль нумизматикалық материалдарды пайдаланса, Ф.В. Баллод археологиялық қазба материалдарын кеңінен пайдалануға тырысады.

Дешті Қыпшақ тақырыбы 50-ші жылдардан басталып жазылған зерттеулер негізінен маркстік тұрғыдан, жауланып алынған халықтар мен мемлекеттерге қатысты Алтын орданың керітартпалық рөлі баса қарастырылады. Кеңес үкіметі кезінде зерттеулер жүргізген Б.Г. Греков, А.Ю. Якубовский, М.Г. Сафаргалиев [3] Алтын Орданың саяси және мемлекеттік жүйесін көрсетуге тырысса, ал Г. А. Федоров-Давыдов [4] археологиялық қазба материалдарының негізінде Алтын Орданың мәдени өміріндегі Хорезм, Византия сияқты елдердің ықпалын ашуды көздейді. Сондай-ақ, бұл салада зерттеулер жүргізген зерттеушілердің ішінде А. Али-заде, И.П. Петрушевский, Н.М. Булатов, В.П. Юдин, К.А. Пищулина және В.Л. Егоровтың  [5] аттарын атауға болады. Осы кезеңде бірқатар өзекті зерттеулер жүргізген төл тарихымыздың аттарын атауға тұрарлық. Бұл саладағы елеулі зерттеулердің ішінде төл зерттеушілеріміздің орны үлкен. Академик Ә. Марғұлан [6] өз зерттеулерін Қазақстанның орта ғасырлар тарихындағы, атап айтсақ, Ұлы даланың жоғарғы мәдениетін көрсетуге арнаса, академик Б.Е. Көмеков  [7]  ортағасыр араб және парсы жазба деректерінің негізінде дешті Қыпшақ мемлекетінің тарихи географиясын, саяси және мәдени өмірін, оның этникалық құрылымын ашып көрсетуге арналған зерттеулері бұл тақырыпқа үлкен үлесін қосты.

Соңғы жылдары дешті Қыпшақтың тарихи орны мен рөліне баға беруде ғылыми көзқарас түбегейлі өзгеріп, бұрынғыдай біржақты емес, екі жақты сипатқа ие болды.

Мысыр Мамлүк мемлекетінің тарихына арналған зерттеулер батыс Еуропада XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басынан бастауын алады және алғашқы зерттеушілердің назары Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихы, сыртқы саясаты, батыс христиан елдерімен қарым-қатынастары мен мемлекеттік құрылымы сияқты салаларын ашуға бағытталған зерттеушілерінің арасында Г. Уейль, Дж. Саувагет, С. Лэн-Пуль, М. Уильямның еңбектері бар [8].

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Мысыр Мамлүк мемлекетінің саяси тарихын зерттеуде елеулі үлес қосқан зерттеушілердің ішінде М. Гаудефре-Демомбинес, А. Поляк, Е. Комбе, А. Атия, М. Канардтың, ал Мамлүк мемлекетінің әскери жүйесіне байланысты Д. Айалонның зерттеулерін атауға болады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Мысыр мамлүк мемелекетінің тарихын зерттеуде Батыс Еуропа зерттеушілерінің тарапынан үлкен белсенділік байқалмады. 60-70 жылдары бұл салада араб, әсіресе мысыр зерттеушілерінің үлесі көбейіп, оның тақырыптық ауқымы да едәуір кеңейіп, бірқатар арнайы және жалпы зерттеулер жарық көрді. Алғашқы араб зерттеушілерінің ішінде Амин әл-Холи, махмуд Ризақ Салим, Абд әл-Фаттах Ашур, Саад Маһирдың аттарымен байланысты болса, 80-ші жылдары мамлүктер тақырыбында зерттеулер жүргізген тағы бірқатар араб зерттеушілері белгілі болады, атап айтсақ Абд әл-Азиз Махмуд Абд ад-Дайм, Али ас-Саййд Али зерттеулері бұл саланың өзекті тақырыптарын ашуға аранады [8].

Жалпы айтқанда, бұл саланы зерттеуде бастапқы кезеңдерде белсенділік танытқан батыс Еуропа зерттеушілерінің орнына ХХ ғасырдың екінші жапртысынан бастап араб, әсіресе мысыр зерттеушілері Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясаты, дипломатия, соғыстары, сауда мамлүктердің әлеуметтік жағдайы, экономика, мәдениет, әдебиет салаларындағы дамушылық, дін және ішкі саясатындағы реформалары сияқты көптеген қырлары мен сырларын ашуға бағытталған зерттеулерді жүзеге асырды.

Алайда, мамлүк мемлекетінің дешті Қыпшақпен қарым-қатынастары, этникалық байланысы және соңғысының араб ислам мәдениетіне әсері мен үлесін көрсетуге, оның тарихи рөлі мен орнын анықтауға бағытталған зерттеулерге талпыныс байқалмады. Соның салдарынан, бұл тақырып бүгінгі күнге дейін араб және мысыр зерттеушілері үшін тың тақырыптардың бірі болып қалып отыр.

Мысыр Мамлүк мемлекетінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастары тақырыбы батыс еуропа елдерінің ішінде Е. Катреме, Е. Блоше, Г.В. Вернадский, А. Поляк, М. Канард сияқты ғалымдардың тарпынан біршама зерттелді.

Дешті Қыпшақ пен мамлүк мемлекетінің қарым-қатынастары мен байланыстарының кейбір жақтары мен қырларын ашуға бағытталған бірқатар зерттеулер тек ХХ ғ. басында қолға алынып, оның тарихнамасындағы алғашқы зерттеушілері Г.В. Вернадский және А. Поляк болды. Г.В. Вернадский Мамлүк мемлекеті, Алтын Орда және Византия арасындағы қарым-қатынастарға арналған мақаласында негізгі назарын Мамлүк мемлекеті мен Византия арасындағы қарым-қатынастарға аударады. Оған қарағанда, А. Поляктың зерттеуі Мамлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы қарым-қатынастарды ашуға жақынырақ тұрды және автор Алтын Орданың мамлүк мемлекетіне әлеуметтік, экономикалық және мәдени әсеріне көңіл бөлді.

Алтын Орда мен Мысыр Мамлүк мемлекетінің дипломатиялық байланыстарын ашуға арналған С. Закировтың зерттеуі [3] бұл тақырыпты жан-жақты баяндайды. Закиров өз зерттеуінің негізгі оъектісі етіп екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды және Мамлүк мемлекетіндегі дипломатия саласындағы сұлтан кеңесінің құрылымы мен қызметін көрсетуге арнайды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты  Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеті арасындағы ХІІІ-ХVI ғғ. өзара байланыстарының тарихын зерттеу.

Алға қойған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

 

  • Дешті Қыпшақ және Мамлүк мемлекеттері зерттелу тарихнамасына қатысты бұрын-соңды жүргізілген зерттеулерге шолу жасау;
  • XIII ғ. ортасынан XV ғ. басына дейінгі аралықтағы Дешті Қыпшақ пен Мамлүк мемлекеті арасындағы саяси, мәдени, дипломатиялық, құдалық, этникалық байланыстарын қарастыру;
  • Зерттеу барысында Дешті Қыпшақ пен Мысыр Мамлүк мемлекеті арасындағы әскери-саяси және дипломатиялық жақындасудың негізгі алғышарттары мен себептерін және оның нәтижелері мен салдарын көрсету;
  • Дешті Қыпшақ пен мамлүктер арасындағы мәдени, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік, тілдік, этникалық және антропонимикалық байланыстарын анықтау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАРИХНАМА

 

1.1 XX ғ. тарихнамасы

 

XX ғ. бірінші жартысындағы Кеңес үкіметіне дейінгі және кейінгі орыс зерттеуші-шығыстанушыларының негізгі зерттеу оъектісі Алтын Орда мемлекетінің саяси тарихы мен мемлекеттік жүйесі болды. Бұл тақырыпты зерттеу тәсілдері мен пайдаланған деректерінің түріне қарай, зерттеушілердің саяси көзқарасы мен зерттеудің түпкілікті нәтьижесінен байланыссыз, оларды негізгі екі топқа топтастырдық. Біріншісінің қатарына В.В. Бартольд, И.Ю. Крачковский сияқты араб жазба деректерін пайдаланған зерттеушілерді айтсақ, екінші тобын құрайтындар Ф.В. Баллод, Б.Д. Греков, Г.А. Якубовский, А.Ю. Федоров-Давыдов [4; 9] сияқты зерттеушілер өздерінің ғылыми еңбектерін археологиялық материалдарды зерттеудің нәтижелерін пайдаланған. Мысыр Мамлүк мемлекетінің тақырыбы, оның барлық салаларында да орыс зерттеушілері үшін мүлдем қызығушылық тудырмаған. Қазан төңкерісіне дейін ззерттелмеген бұл тақырып кеңес кезеңінде де, ислам діні мен мемлекеттерінің тарихы тақырыбы зерттеушілердің назарынан тыс қалды.

1917 ж. бастап Кеңес үкіметі кезеңінде Дешті Қыпшақ тақырыбының ауқымы біраз кеңігендігі байқалады. Бұл кезеңге дейінгі орыс шығыстанушы мен арабистикасында басталған дәстүрдің үрдісімен оның назары негізінен өзінің «шығыс аймақтарының» тарихын зерттеуге бағытталады. Кеңес кезеңінің алғашқы жылдары жұмыс істеген ірі зерттеушілердің қатарында академик В.В. Бартольд, И.Ю. Крачковский [10] сияқты өзекті зерттеулердің авторларының аттарымен байланысты. Бұл кезеңдегі зерттеушілердің назары негізінен Шыңғыс ханның құрған империясы және оның ішінде Ресейді үш ғасырдан астам уақыт өз бұғауында ұстаған Алтын Орда мемлекетінің тарихы қызықтырды. Кеңес кезеңінің алғашқы кезеңіндегі зерттеуші ориенталистердің өздерінен кейінгі келген зерттеушілерден негізгі айырмашылығы, өз заманының саяси жағдайына байланысты артықшылығы болды, атап айтсақ ол – кеңес үкіметінің 30-шы жылдары өзінің шыңына жеткен таптық жіктеушілік саясатының қысымшылдығының әсері мен ықпалы әлі әлсіз болды. Дегенмен, кеңес кезеңінде орыс ориенталистерінің арасында әлі де болса отаршыл патшалы Ресейдің империалистік және шовинистік көзқарастарынан мүлдем арылды деп айтуға болмайды.

 

 

Скачать