Дилом жұмысы. Араб халифатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (VII-XIII ғғ.)

0

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

ЕРТЕ ДҮНИЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Араб халифатының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (VII-XIII ғғ.)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………..

 

I-ТАРАУ Халифатқа дейінгі Арабия және Халифаттың құрылуы.

1.1. Ислам дінінің қалыптасуы………………………….

1.2. Халифаттың құрылуы және халық жағдайы……………

 

II-ТАРАУ Халифат территориясының кеңейуі.

2.1. Омейядтар билігінің орнауы……………………….

2.2. Аббасидтер кезеңі…………………………….

2.3. Салық салу жүйесі мен жерге жеке меншіктің түрлері

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………..

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы «Қазақстан-2030» деген халыққа арнаған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси-экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, IV-V ғасыр бойы дүниенің үш бөлігіне -Азия, Африка, Европа материктеріне үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі — Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін бағындырып, басын біріктіріп, сонан соң Кіші және Орта Азияны, Солтүстік Африка-ны, Пиреней жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы бұл тек арабтар мен Аравия жартыаралының ғана емес, сондай-ақ оның құрамына кірген Иран, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан, т. б. халықтары мен елдерінің тарихы.

Араб халифатының экономикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы — Аббасидтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. VII ғасырдың 30 жылдарында құрылған араб халифаты XI гасырдың ортасындағы селжүқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық-мәдени даму жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар және т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың, халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік апараты болды. Ол дүниежүзілік сауда жүргізді. Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым-салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыс  яғни Халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шарғат заңдарымен реттеліп отырды.

Халифатта орта ғасырларға тән құнды мәдени ескерткіштер, әдебиет, ғылым-білім өмірге келді. Қоғам ішіндегі әртүрлі элеуметтік топтардың ынтымағын қамтамасыз ете білу де үш материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің 4 ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің бір себебі болды. Араб халифатының әлеуметтік-экономикалың қатынастарды шешу тәжірибесін үйрену қазіргі кездегі мәселенің бірі.

Халифат жағдайының әлеуметтік экономикалық жағынан зерттеу халық жағдайының әл ауқатын бүгінгі күнге жеткізу.Халифаттың көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап аулының, оларды өз қол астында тапжылтпай ұстап ұстап отыруының мәселелерін зерттеу.Халифат территориясының кеңейуі және даму дәрежесі, басқа ұлттармен араласу барысындағы қарым – қатынасының сақталуы тақырыптың өзектілігі болып табылады.Қандай да болмасын мемлекеттің өркендеу аясы экономикалық қатынастардан көрінетіні сөзсіз. Сол себепті араб халифатындағы әлеуметтік экономикалық мәселесі бүгінгі күні өзекті деп айтуға тұрарлық. Себебі бүгінгі еліміз үшін, кешегі өркен жайған халифат тарихы болашақта сабақ болмақ демекпін.

Арабия – азиядағы ең үлкен түбек.Ол үш жағынан бірдей теңіздермен қоршалып жатыр. Түбектің батыс жағын биіктіктегі таулар алып жатыр. Түбектің басым бөлігін құмды шөлдер мен шөлейттер алып жатыр. Арабияда тұрақты ағатын,өзен көл жоқ. Түбектің көп бөлігі тек жайылымға ғана жарамды.Игерілген жерлер оңтүстік жағалаулар мен солтүстік оазистерде ғана.Оның өзі қолмен суарылады.

Халықтың негізі екі топқа бөлінді,көшпенділер және отырықшы. Көшпенді бедуиндер шөлдер мен шөлейтті аудандарда көшіп – қонып өмір сүрсе,отырықшы арабтар оңтүстік жағалаулар мен солтүстіктегі оазистерде қоныс тепті. Бедуиндердің басты байлығы түие болды.Одан басқа қой,ешкі жылқы да өсірді. Бірақ бұлар шөлге шыдамсыз болғандықтан,көп мөлшерде өсірілмеді. «Бедуин» сөзінің өзі арабша бадови — «шөл тұрғындары» деген мағына береді.Араб тұрғындарын өмірін түиесіз елестету мүмкін емес.Олар түиенің еті мен сүтін тағам ретінде қолданса,жүнінен киім және лашықтарының үстіне жабатын жабын тоқыды.Ал терісінен су құятын зат салатын,ыдыс кебіс жасады.Оның үстіне түие 4-5 күнге дейін сусыз өмір сүре алады.Яғни ол шөлді жердің тұрғындары үшін өте қолайлы.

Осындай жайттар халық жағдайының әл-ауқатына үлкен көмегін тигізіп отырған. Бұл өз кезегіндегі ішкі эканомиканың тұрақтылығына көмегін тигізді.

Арабия территориясында өмір сүрген байырғы халықтар өте көнеден ақ арабтар деп аталынған.Араб этнонимі туралы бір мағыналы түсінік жоқ,бірақ олардың ертедегі оремей-семит тайпаларының ұрпақтары екені дәлелденген.

Жалпы халифаттың әлеуметтік-эканомикалық мәселесін зерттеу барысында, дінге тоқталмау мүмкін емес. Діннің эканомикаға әсері сол кездегі халық тұрмысының жағдайымен тығыз байланысты.

Көне қоғам негіздерінің ыдырауы күллі қоғамдық қарама-қайшылықтарды ушықтырып байырғы әлеуметтік байланыстардың жігін ажыратуға әкеп соқты. Қоғамның түрлі топтарының тайпаларының көшпенділер мен отырықшылардың, арасындағы жан-жалды күшейтті. Бұның бәрі тұрмыстық бейберекеттігін тудырған көңіл-күй қобалжуының шиеленісуінен исламға дейінгі араб поэзиясынан байқалатын фанатизмнен көрініс тапты. Осының бәрі құдай деп есептеген ескі пұттарға деген көңіл-күйдің суынуына, халықтың рухани ізденістер жасауына себепші болды.

V-VI ғасырларда арабтардың жаңаша тыныс-тіршілігі өмірге келді. Отырықшы және көшпенділердің ара қатынасының өсуіне байланысты құрылған жаңа мемлекеттер пайда бола бастады. Бұлардың ішінде көшпенділер негізгі билікке ие болды. Көшпелі тайпалар мен қала тұрғындары арасындағы жаңа одақтар дүниеге келді. Арабиялық жәрмеңкелік жүйеге иек артқан ішкі сауда байланысы күшейіп жаңа саяси сауда орталықтары, қорықты жерлер ерекше маңызға ие болды./8-214/

Көптеген пұтқа табынатын діни наным-сенімдер мәнін жойды. Жергілікті және тайпалық тәңірлердің ішінен Алла әл-Лат, Манат, әл-Узза есімдері жалпы арабиялық мәнге ие болды. Бұлардың барлығының өзінің жеке ғибадатханалары болды. Бірақ сонда да олардың барлығы қасиетті ғибадатхана ретінде «Қахбаны» мойындады. Әл-Лат, Манат, әл-Узза Алланың қыздары деп есептелінді. Бұл наным-сенімдер бойынша адам мен жаратушы арасында жүріп адам өміріне күшті әсер ететін күштер «жын» мен «шайтан» деген ұғымға қатты сенген.

Екі ортаны байланыстырушы күшті өзара «жақсы» және «жаман» күштер деп аталынған. Арабтар адамдардың арасындағы қолайлы, қолайсыз жағдайларды осы күштердің не жақсы, не жаман ықпалына түскендер деп түсінген.

Бұл кездегі Арабияға Иран және Жерорта теңізі мемлекеттерінің мәдениетінің ықпалы болды. Араб-мұсылман әдебиеттерінде бұл кезеңдегі мәдениет «джахилия» яғни жабайылық, түк білмеушілік деп аталады.

Араб мәдениетіне ең басты айта кететін нәрсе бұл, ескі араб немесе исламға дейінгі араб поэзиясының жетістіктері. Бұл кездегі араб поэзиясының антикалық Жерорта теңіздері халықтары поэзиясымен салыстыруға болады.Араб ақындарының шығармалары халық арасында тек ауызша ғана тарады. Ол шығармалар қағазға тек VII ғасырдан бастап қана түсіріле бастаған. Негізінен арабтар жазуды IV ғасырдан бастап білген. Бұл жазу кейін орта ғасырлық дамыған араб жазбасының негізі болды.

Яғни, осы бір табиғаты қатаң түбектің көшпенді тұрғындарының өзгелерден ерекше өздеріне ғана тән салт-дәстүрдің, дүние-танымының, наным-сенімінің, мәдениетінің болғандығын айта аламыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі Жалпы “араб халифатының әлеуметтік — экономикалық” жағдайы туралы зерттелген десе де болады. Себебі бүгінгі күні бұл жайында жазылған еңбектер жоқ емес. Алайда ол еңбектердің барлығы дерлік орысша тілде жазылған. Негізінен зерттеушілер орыс тарихшылары болып табылады.

Басты дерек көзі, Құран Медина, 1991 /3/ болып табылады. Халифат туралы Құраннан көп мәліметтер алуға болады. Оның ішінен негізінен мәдени жағынан көп мағұлматтар аламыз. Сонымен қатар Ибн – Хостров Сафар –Намэ – Христоматия по истории средних веков. Под.ред. Н.П. Грацианского и С.Д. Сказина. М, 1963 /1/ дерегінен Арабтар туралы жан – жақты мәселелерге көз жеткізе аламыз. Ибн – Хостров еңбегі араб тарихының көптеген қоғамдық жағынан ашып көрсетеді. Халифат тарихын қарастыруда үлкен көмегі тиген деректердің бірі.

Е.А.Беляев. Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневековье. М, 1966 /7/ тақырыпты қарастыруда осы еңбектің көмегі зор. Е.А. Беляев еңбегі халифат тарихының бастан өткізген оқиғаларын баяндай келіп, сол уақыттағы араб елінің қоғамдық жағдайына кеңінен тоқталады. Сонымен қатар, халифат соғыстарының барысын жазады.

Тақырыпты қарастыруда Большаков. О.Г. История халифата в 4- х том /22/. В.В. Бартольд. Ислам. Пг., 1918 /5/. Т.А. Чистякова. Арабский халифат. (7-10в) М, 1962 еңбектері пайдаланылды. Және де араб халифатының экономикалық жағынан қарастыруда, Л.И.Надирадзе. вопросы общественно – экономического строя государства рабов и халифата VI-VIII вв М, 1969 /12/, Н.В.Пигулевская. зарождение феодальных отношений на Ближайшем Востоке М, 1958 /15/ пайдаланылды. Сонымен қатар тақырыпты қарастыруда тағыда басқа көптеген халифат туралы еңбектер қолданылды.

Тақырыпты зерттеуге көп ғалымдардың үлесі тиген. Мұхаммедтің өмірі мен қызметіне байланысты уақиғалар шындыққа толық үйлесе қоймайтын лақап аңыздар мен таңғажайып құбылыстарға толы. Тек Мұхаммет қайтыс болғаннан кейінгі оқиғалар ешқандай әсіресіз, қиял-ғажайып құбылыстарсыз баяндалады. Хижра жылынан бастап ат-Табаридың «жалпы тарихындағы» әскери және саяси оқиғалар мұсылман жыл санауы бойынша реттелген жылнама түрінде жазылған.

Неғұрлым көбірек мәліметтер қамту үшін ол бір оқиға туралы тіпті бірін-бірі жоққа шығаратын хабарларды да тізе берген.Мұндай анық-қанығы қайсы екені белгісіз жерінде автор;»Қайсысы шындық екені бір Алланың өзі біледі» деп сілтеме жасаған.

Араб тарихшыларының XX ғасырдағы жұмыстарының методологиялық негізін араб-мұсылмандық салт-дәстүрлердің құрайтындығы төмендетіп жазған

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты жазудағы мақсатым халифат экономикасы мен әлеуметтік жағдайын халық қозғалысын анықтау салдарынан туындады. Жалпы тақырып обьективті түрде зерттелген деседе болады.

Ислам әлеуметтік-идеологиялық құбылыс ретінде арабия қоғамы дамуының тарихы нәтижесі болды. Ол көне заманнан бастап, орта ғасырға өтпелі кезеңдегі бүкіл Таяу Шығысқа тән жалпы өзгерістерді алып келді. Оның дүниеге келуі таза діни жағынан алып қарағанда өзіне дейінгі байырғы діндердің өркендеуі және әсер етуіне яхуди сон сондай-ақ синкретикалық монетейзмнің  өзіндік арабтық үлгісін бойына сіңірген араб халқының діни сана-сезімінің дамуына байланысты болды.

V-VI ғасырларға таман арабияның солтүстігі мен оңтүстік аудандарындағы таптық көне мемлекеттер ыдырады Көбінесе осы мемлекеттердің эканомикалық ахуалының негізі болған керуен саудасы әлсіреді,көптеген қала орталықтары азып кетті.Мал баққан көшпенділердің өріс аударуға жиілеп,олардың әскери күш қуаты артты, соның нәтижесінде олар отырықшылардың мекен жайына басып кіре бастады шөл дала мен көгалды, құнарлы жерлерін басып алып өздеріне қаратты. Байырғы егіншілік аймақтары мал жайылымына айналдырылды. Арабияның солтүстігі, шығысы, оңтүстігіндегі кейбір жерлер бірте-бірте Иран, Византия,Эфиопия секілді көршілес мемлекеттерінің тікелей билігіне көшті. Сонымен қатар Иран мен Византияның өзара қырқысуы арабтардың осынау алып империясының осал жерін байқауына мүмкіндік береді.

Көне қоғам негіздерінің ыдырауы күллі қоғамдық қарама-қайшылықтарды ушықтырып, байырғы әлеуметтік байланыстардың жігін ажыратуға әкеп соқты. Қоғамның түрлі топтарының, тайпаларының, көшпенділер мен отырықшылардың арасындағы жанжалды күшейтті.Мұның бәрі тұрмыстық бей-берекеттігі тудырған көңіл күй қобалжуының шиелінісуінен ,исламға дейінгі араб поэзиясынан байқалатын фаташизмнен көрініс тапты.Осының өзі, құдай деп есептеген ескі пұттарға деген көңілдің суынуы, арабиялықтардың рухани ізденістер жасауына себепші болды.

Саяси эканомикалық және әлеуметтік өзгерістерді иделогиялық жағынан негіздеу, оларды дамыту үшін Арабияның түпкір-түпкірінде тайпалар мен қалаларды біріктіріп, сыртқы жауға қарсы тұруды ұйымдастырған саяси қозғалыстар жүріп жатты.

Алайда діннің идяология болып тарауының негізінде халифат қоғамында етек жайуы белең алды, осы жағынан қарастыру тақырыптың негізгі мақсаты болып табылады. Жоғарыдағыдай күрделі де,маңызды мәселелерін қарастыру негізгі тақырыптың басты міндеті.

Бітіру жұмысы екі тараудан, бес тармақтан тұрады. Бірінші тарауда Халифатқа дейінгі Арабия және тарауда Халифаттың құрылуы жайында тоқталса, екінші тарауда Халифат территориясының кеңейуі және Омейядтар билігі мен, Аббасилер кезеңі, салық салу жүйесіне жерге меншіктің мәселелеріне тоқталады және қорытынды әдебиеттер тізімімен аяқталады.

 

1. ХАЛИФАТҚА ДЕЙІНГІ АРАБИЯ ЖӘНЕ ХАЛИФАТТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

 

1.1. Ислам дінінің қалыптасуы

 

Ислам Меккеде өмірге келді. Мекке-Хиджаздың ең үлкен елді мекені төңірегі құлазыған шөл дала, өсімдік өте аз: түйе жейтін жантақ, қой-ешкіге жетерлік шағын жайылым ғана болды. Жері егін егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ түйе, ешкі, қой сияқты түлік түрі аяғынан тозып, азық айырады демесең, мал ұстауға да мейлінше қолайсыз. Кұдықтар суы өте тереңнен шығады. Сондықтан да Меккенің тұрғындары не мал өсірумен, не егіншілікпен айналыса алмады, Мекке сауда керуенінің жадындағы зәмзәм бұлағының бойында өмірге келген. Зәмзәм суының шипалы қасиеті бар. Сондықтан да Мекке бірден қасиетті мекенге айналды. Зәмзәм бұлағында Каһба Храмы араб бәдәуилерінің атамзманнан табынатын орны болған. Ол храмды Абрам (Ибрахим) мен оның египеттік күңі Ажардан туған баласы Исмайл салғызған деген аңыз сақталған. Ибрахим Египеттен Палестинаға келгеннен кейін, пұшпағы қанамаған бедеу әйелі Сара өз қонасынан бала болмайды деп ойлаған соң, Египет перғауыны ханымына тік тұрып қызмет қылсын деп жанына қосып берген күңі Ажарды құдай қосқан қосағы Ибраһимге тоқалдыққа алып береді. Кешікпей Ажар Ибраһимге Исмайлдай ұл тауып береді. Жасы жетіп, үміті үзіле бастаған егде шағында Сара құдіреті күштінің желеп-жебеуімен жүкті болып, Исхак деген ұл туды. Сара Ибраһимді Ажарды қуып жіберуге көндірді. Ибраһим сүйікті ұлы, тұла бойы тұңғышы Исмайлды қуып жіберуге қимады. Бірақ жаратқан Сараның талабына құлақ асты да, Ажар мен Исмайлды құдіреті күшті ишара еткен Арабияның бір түпкіріне апарып салуға Ибраһимді мәжбүр етті. Жалғыз қалған Исмайл шырылдап жылап, жер тепкілей бастады.

Баланың тепкілеген жерінен тұп-тұщы ауыз судың көзі ашылып, бұрқ ете қалды. Пайда болған зәмзәм қайнарының жанында кейін Исмайлдан тараған арабтар Қаһба аталған «құдай үйін» салды.

 

Скачать