Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері

0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

  Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері 

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

 

МАЗМҰНЫ

 

  КІРІСПЕ………………………………………………………………………………… 7
  ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ……………………………………………………………. 8-23
1.1 Бидайдың маңызы, таралуы…………………………………………………….. 8-18
1.2 Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі……………………………. 15-16
1.3 Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі 16-23
2 Топырақ-климат жағдайлары………………………………………………. 24-28
2.1 Зерттеу жүргізілген жылдарының ауа-райы жағдайы……………….. 28
  НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………………………. 29-43
3.1 Зерттеу жұмысы……………………………………………………………………… 29
3.2 Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемесі……………… 29-30
3.3 Күздік бидайдың «Стекловидная 24» сортының алдыңғы дақылға байланысты ерекшелігі………………………………………………  

30-35

3.4 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дән өнімділігі және оның құрылымы…………………….  

36-38

3.5 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дәндерінің технологиячлық сапа көрсеткіштері…….  

38-41

3.6 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты экономикалық тиімділігі………………………………………  

41-43

  Еңбек қорғау…………………………………………………………………………. 44-51
  ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………….. 52
  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ………………………… 53-54

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының біріөсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріледі.

Нан өнімдерінен азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орын күздік бидайдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда астық өндірісін қарқындатудағы басты резервтердің бірікүздік бидайды инновациялық технологиямен өсіру арқылы дән өнімділігін және оның сапасын жоғарылату.

Сондықтан аталған мақсатты жүзеге асырудың бірденбір жолы, күздік бидайдың жергілікті жағдайға бейімделген жаңа сорттарын аудандастыру және олардың сорттық технологияларын жасау.

Соңғы жылдары республика танаптарында жиырмадан астам күздік бидай сорттары себіліп жүр, солардың 50% жергілікті селекция сорттары. Сондықтан, перспективалы күздік бидай сорттарын әртараптандыру аясында өндіріске кеңінен енгізу арқылы стратегиялық маңызды азықтүлік түрінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында нан өнімдерінен азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабы.

Осындай өзекті мәселені жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, күздік бидайдың перспективалы жергілікті сорттары шаруашылықтық құнды белгілері бойынша өзара сыналды. Өндірістік тәжірибенің мақсаты күздік бидай сорттарын өсіру арқылы өңірде астық өнідірісін қарқындату. Тәжірибе жүргізілген Қордай ауданы облыстың егіншілікпен айналысатын ірі өңірі. Ауданның топырақклимат жағдайлары және су ресурстары ауылшаруашылығы дақылдарын тәлімі және суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы. Осыған байланысты, аудан шаруашылықтары жылмажыл екпе дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыруда.

Егер ауданда бүгінгі таңда күздік бидайдың 2-3 сорты өсіріліп жүрсе, оларды перспективалы сорттармен толықтыру арқылы дән өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бар. Жоғары өнімді қарқынды күздік бидай сорттары қатарына Жетісу, Стекловидная 24, Южная 12 және Алмалы сорттарын жатқызуға болады.

Сорттардың потенциалды өнімділігі жоғары 70 ц/га дейін сапалы дән қалыптастыра алады. Сондықтан, перспективалы сорттарды өндіріске енгізу және олардың прогрессивтік технологияларын жасау арқылы астық өндірісін қарқындатуға үлес қосу болып табылады.

 

 

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Бидайдың маңызы, таралуы

 

Бидай – азық-түліктік дәнді дақыл. Бидай наны ақуызбен көмірсулардың көптігімен және жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Бидай дәні сонымен қатар жарма, макарон және кондитер өнеркәсібінде де қолданылады. Бидай сапасының маңызды көрсеткіші – дәніндегі ақуыздың мөлшері мен оның сапасы. Халықаралық стандарт бойынша, бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері 13,5% [1].

Дәндегі ақуыздың мөлшеріне климат пен топырақ жағдайлары және енгізілген тыңайтқыштар әсерін тигізеді.

Бидай нанындағы ақуыздың сапасы өте жоғары және олар жақсы сіңіріледі. Бидай ұнының нандық қасиетін бағалағанда, оның маңызының (клейковинасы) мөлшері мен сапасының рөлі зор. Маңыз құрамында негізінен ақуыздық заттар – глиадин мен глютеин кіреді. Оның сапасы мен мөлшерімен нанның көлемдік шығымы мен жұмсағының қуыстылығы анықталады. Нанның жоғары көлемдік шығымы, маңыздың иленгіштілігі (созылмалы, иілген, майысқақ) пен қамырдың газ ұстағыш қабілетіне байланысты. Маңызды созылғыштығы 30 см-ден жоғары және 20 см-ден төмен болмауы керек. Нанның жайылу көлемі, оның биіктігінің диаметріне қатысымен анықталады, осындай қатынас жартысынан төмен болмағанда өте жақсы бағаланады. Жұмсағының жоғары бағалануы біркелкі, жұқа қабырғалы ұсақ дәнді қуыстылықта анықталады [2].

Дәнді астықтар ішінде күздік бидай өте құнды тағамдық дақылдардың бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық күздіктерден асып түседі. Бидай наны ақуыз (14%) бен көмірсулардың (80%) көптігімен ерекшеленеді. Дәнінде ақуыздың көп болуына ауа райы мен топырақтың, сондай-ақ берілетін тыңайтқыштардың әсері мол. Күздік бидай күздік және көктемдік ылғалдарды жақсы пайдаланады. Ол топыраққа терең енетін мықты тамыр жүйесін түзу арқасында қоректік заттарды жақсы сіңіреді және құрғақшылықтан аз зардап шегеді. Құрғақшылық пен аңызақтан оның өте ерте пісуі де сақтап қалады. Күздік бидай өнімі жоғары агротехникада және аймақта дұрыс орналасса жаздық бидайдан жоғары, ал күздік қарабидайдан үнемі көп болады. Күздік бидайдың жаздықпен азық-түліктік маңызы бірдей бола тұра, ұйымдастыру — шаруашылық құндылығы одан жоғары. Күздегі егіс және жаздық бидаймен салыстырғанда ете ерте жинау (7-10 күндей), ендіріс құралдары мен адам еңбегін толық және біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді.,

 

 

 

СКАЧАТЬ