Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері
МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………. | 7 | |
1 | ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ…………………………………………………… | 8-18 |
2 | ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ ………………… | 19-21 |
2.1 | Топырағы …………………………………………………………………………….. | 19-20 |
2.2 | Климаты……………………………………………………………………………….. | 20-21 |
2.3 | Метеорологиялық жағдай……………………………………………………… | 21 |
3 | НЕГІЗГІ БӨЛІМ ………………………………………………………………… | 22- |
3.1 | Өндірістік тәжірибе бағдарламасы мен жүргізу әдістемелері………………………………………………………………………….. | 22-23 |
3.2 | Қазақстанның оңтүстік шығысының шөлді-далалы аймағында жүгеріні сүрлемге өсіру ерекшеліктері, жүгері өсімдігінің вегетация дәуірінде өсіп-дамуы…………………………………………….. |
23-27 |
3.3 | Жүгері танаптарында жүргізілген күтіп-баптау шараларының сүрлем өнімділігіне және оның құрылымына әсері…………………. | 27-30 |
3.4 | Сүрлемдік жүгеріні әртүрлі мерзімде жинаудың өнімділікке малазықтық қасиеттеріне әсері………………………………………………. | 30-33 |
3.5 | Жүгеріні сүрлемге өсірудің экономикалық тиімділігі…………….. | 33-35 |
4 | ЕҢБЕК ҚОРҒАУ…………………………………………………………………. | 36-37 |
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………. | 38 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………………………………… | 39-40 |
КІРІСПЕ
Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.
Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.
Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл – жүгері.
Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу.
Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер.
Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады.
Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты.
Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны – қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Жүгері — әлем егіншілігінде астық дақылдарының арасында жетекші орынға ие дақыл. Ол бидай мен күрішпен бірге жер шарында негізгі өнім түрлерінің біріне жатады, кейбір жеке өңірлерде бірінші орын алады. Мысалы, Американың дүниежүзілік жүгері дәнін өңдіру өндірісіндегі үлесі 39-46% құрайды, бұл дақылдың шаруашылық жүргізудегі маңыздылығын және қажеттілігін айшықтайды [1].
Жүгері – мүмкіндігі жоғары дақыл, себебі өнімділігі жоғары және жан-жақты пайдаланылады. Жүгері өнімділігінің үлкен бағалылығы сонда, ол екі үлкен мақсатты шешуге көмектеседі – дән ресурстарын толықтырады және малдарды нәрлі азықпен қамтамасыз етеді.
Жүгерінің малазықтық бағалығын көк балауса байқатады. Оны витаминдерге және қоректік заттарға бай сүрлем жасауға қолданады. Жүгерінің сабағы мен жапырағынан жасалған сүрлемінің 1 кг -0,16 азықтық өлшем және 13 г қорытылмалы протеин болса, ал собығымен қоса сүттену-қамырлану сатысында сүрленгенде 0,20-0,25 азықтық өлшем және 14-18 г қорытылмалы протеин бар.
Жүгеріден жасалған сүрлем жоғары қорытылғыштығымен және диетикалық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Сүрлемдік жүгеріні республиканың барлық аймақтарында өсіреді, бірақ өнімділігі әртүрлі деңгейде болады.
Жүгері дәні – мал және құстың құрама жемінің бағалы компоненті. 1 кг жүгері дәнінде 1,34 азықтық өлшем және 78 г қорытылмалы протеин болады. Жүгері дәнінде 65-70% көмірсу, 9-12% белок, 4-8% май және минералды тұздар және витаминдер болады [2].
Жүгері өсімдігінде көмірсулардың жоғары мазмұнды болуы жақсы жүгері сүрлемін алуға мүмкіндік жасайды және ол жеңіл бөртеді де, көп мөлшерде сүт қышқылын бөледі.
Жүгері дәні бағалы энергетикалық өнім. Жүгеріден 500 түрлі негізгі және қосымша өнім түрлері даярланады. Жүгеріні пайдалану үш негізгі топқа бөлінеді. Мал шаруашылығы, адамзат және өнеркәсіп. Жүгеріден әзірленетін 554 түрлі өнімдердің 272 түрі тағамға, 100 құрғақ және мақта-мата өнеркәсібінде қолданылады.
Жүгері дәнінің қоректілігі басқа астық дақылдары дәндерінен жоғары. Мысалы 100 г жүгері дәнінде 330 ккал болса, бидай дәнінде -295, арпа – 267, сұлы дәнінде 257 ккал болады.
Сондықтан жүгері өндірісін жоғарылату республиканың азық-түлік және мал азықтық бағаларын тұрақтандырудың маңызды жағдайы болып саналады.
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері. Жүгері жылу сүйгіш өсімдік. Өсімдік экваториальды елдерден шыққан, сондықтан вегетация дәуірінде үнемі температураның жоғарлауын және жарықтың қарқындылығын, әсіресе күн спектрінен қысқа толқынды-күлгін радиацияны қажетсінеді.
Көптеген жүгері сорттары мен буындары 8-100С өне бастайды, ал жаппай өсімдік көгін 10-120С қалыптастырады. Егер температура 10-120С төмен болса, онда жүгері өсімдігі құрамындағы бос су мөлшері азайып, тыныстанушы әлсіреп, зат алмасу үрдісі бұзылады да өсуі тежеледі [3].
Бірақ, бұл температура оның көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыраққа еккенде дәндерінің көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына қолайлы температура 10-12°С, көктеуден сыпыртқыгүл шыққанға дейінгі кезенде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-25°С температура қажет. Ауаның температурасы 12°С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт тежеледі, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ол 3°С-тан төмендесе, жүгерінің көгі өліп қалады.
Жүгері құрғақшылыкқа төзімді өсімдік. Ол ылғалды тиімді пайдаланады. 100 кг құрғақ зат түзуге 17,4-тен 46,6т дейін су жұмсайды (сұлы мен арпа одан да көп ылғал пайдаланады). Жүгерінің транспирациялық коэффициенті 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен көк балауса өнімінің көлемі басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан оған кететін су шығыны да көп болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды аз пайдаланады, әрі қарай оны қажет етуі арта түседі. Ең көп су мөлшерін жұмсайтын кезеңі: сыпыртқыгүл шығаруға 10 күн қалғаннан сыпыртқыгүл кезеңінен кейінгі 20 күнге дейін. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.