Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақстан мен Ресейдегі көші қон мәселесінің БАҚ тағы көрінісі
Мазмұны
КІРІСПЕ 5 -7
І ТАРАУ Қазақстан мен Ресей арасындағы көші-қон мәселелері 8- 28
І.1 Қазақстандағы көші- қон мәселесінің туындау салдары 8- 17
І.2 Қазақстан мен Ресей: тарихы терең тамырластыққа жаңа көзқарас 18- 28
І І ТАРАУ БАҚ- тағы көші- қон мәселесі 29- 52
2.1 Қазақстандық БАҚ-тағы көші- қон мәселесінің көрініс табуы 29-44
2. 2 Ресейлік БАҚ-тағы ақиқат пен аңыздың арасы 45- 52
ҚОРЫТЫНДЫ 53- 54
Сілтемелер тізімі 55
Пайдаланылған әдебиеттер 56
Электрондық басылымдардағы материалдар 57
Адамзат баласының өмір сүру дағдыларының өзгеруіне байланысты көші- қон мәселесі өз кезегінде өте маңызды қырлы рөл атқарады.
Тұрғындар дың көші –қон мәселесі қай кезде, қай дәуірде болмасын өзектілі- гі өте жоғары. Әлемдік деңгейде немесе бір мемлекеттің аймағында болсын көші- қон мәселесі, сол елдің гео-саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайы ның көрсеткіші тәрізді бет- бедерін жасап беретін маңызды құбылыс.
Бұл еңбектегі басты мақсаттар -бүкіл дүние жүзіндегі, Орта Азиядағы көші- қонның қазіргі таңдағы хал- ахуалын, даму және құлдырау себептеріне шолу жасай отырып, негізгі тақырыбымыз Ресей мен Қазақстандағы көші- қонның тарихи кезеңдерінен жалпы мағлұматтар беріп, БАҚ жүзіндегі көрініс іне мән береміз.
Ежелгі екі алып ел, көршілес Ресей мен Қазақстан мемлекеті арасындағы гео-саяси, әскери-стратегиялық, байланыстардың тарихы терең.
Тарихы өзектес ғасырлар бойы жалғасқан көршілес Ресей мен Қазақстан- ның әлемдік деңгейде мәні зор. Сондықтанда осы екі елдің мемлекетаралық қарым-қатынасы да көші- қон мәселесі де ең өзекті тақырыпқа айналуы заңды.
Бүкіл әлемдік деңгейде шет елдердегі қандастарын өз тарихи отанына шақырып жатқан екі мемлекет Израиль мен Қазақстан болса, соңғы жылдары Ресей де осы мәселеге жіті назар аударып келеді.
Қазіргі таңда Абай Құнанбаев атамыздың сөзіменен айтсақ «орыс теріс айтпайды» дейтін орыс халқымен де дипломатиялық қатынастардың заманалардың саяси өзгерістеріне сәйкес бұрмаланып отырғаны белгілі бола- ды [1].
Өз заманында Қазақстан тарихын зерттеген ұлт жанашырлары алғашқы Қазақстан тарихы туралы жазған ғалым Санжар Аспендияров және Кеңес дәуіріндегі Ермұқан Бекмаханов осы заманғы т.б тарихшылардың жазбаларына сүйенсек, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші-қон мәселесінің туындауы сонау «отарлау саясатынан» басталғанын аңғару қиын емес. «Отарлау саясатының» негізгі астары бүкіл бір халықтың «санасын отарлау» болып табылды.
XVІІІ- XXI ғасыр аралығында екі ел арасында ірілі- ұсақты тарихи маңызы зор талай уақиға өтті.
ТМД елдері арасында әлеуметтік әлеуеті, хал- ахуалы анағұрлым дамып келе жатқан зайырлы Қазақстан мемлекетінің гео-саяси саясатында көші- қон мәселесі өзекті тақырыпқа айналып отыр. Бұл орайда, Ресей мен Қазақстан арасындағы көші- қон мәселесіндегі бірнеше факторлар ғасырлар бойы жал- ғасқан екі елдің шешілуі қиын түйінге айналғаны шындық.
Екі ел арасындағы саяси байланыстарды XVІІІ ғасырдан бастап осы замандағы уақытты бес кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең XVІІІ ғасырдан 1950 жылдар аралығы болса, екінші кезең 1950 жылдан 1980 жылдар аралығы, үшінші кезең 1980 жылдан 1991 жылдар аралығы, төртінші кезең 1991 жылдан 2001 жыл аралығы, бесінші кезең 2001 жылдан 2009 жыл аралығы.
Тек қана ТМД елдері арасындағы емес Орта Азия «барысына» айнал- ғалы отырған әні- міне дегенше азуын айға білеген азулы мемлекеттермен терезе теңестіргелі отырған Қазақстанның саяси имиджі үшін де көші- қон мәселесінің ретке келтіріліп, бақылауда болуы өте маңызды.
Жалпы Ресей Федерациясына қоныс аударып жатқан славян этносының жаппай үдере көшу көрсеткіштері 1990-2001 жылдар аралығында жоғары болды. Бұл мәселе еліміздегі қалыптасқан әлеуметтік- экономикалық, саяси реформаларға байланысты туындады. Бұл жөнінде Е. Ю.Садовская «Внешняя миграция в республике Казахстан в 1990 годы: причины, последствия, прогноз» атты еңбегінде былайша ой түйіндейді: «ТМД елдерінде соның ішінде Қазақстанға тән болғандай көші- қон мәселесінің 1990 жылдары тез арада өзектілігі арта түсті. Соныменен қатар, Кеңестер Одағының бұрынғы құрамындағы елдерге қарағанда Қазақстаннан қоныс аударушы эмигранттар саны анағұрлым жоғары болды [2].
1987 жылы Қазақстаннан 7,1 мың адам, 1988 жылы- 23,6 мың (108,2мың), 1989 жылы 53 мың адам (235 мың сәйкес) қоныс аударды.
1990 жылдары көшіп –қонушылардың ағымы жедел өсе түсті 6 жыл ішінде (1991- 1996ж) республикамыздан 2 млн адам қоныс аударды. Нәтижесінде Қазақстан 1991 жылы- 22,2 % ал 1992 жылы -89,3 % халық табиғи өсімін жоғалтты. 1993- 1994 жылдары көші –қондағы шығын табиғи өсімді жаныштап қана қоймай, оны 1,4 және 2,8 есеге асрып жіберді.
1994 жылы көші –қон «шыңына» жетті яғни республикамызға 480 мың адам көшіп келді. 1995 жылы тұрғындардың қоныс аударуы көшіп келгендерден 4,4 есе асып кеткендігін жазады автор.
Ал, А. И. Қаржаубаева «Фронтерьские миграции» [3] атты еңбегінде 1991 -2001 жылдары аралығында Батыс Қазақстан мен Ресейдің облыстары ара сында көші –қон алмасуында 327, 9 мың адам қатынасты оның ішінде 227 мың адам қоныс аударса, 187,7 мың біржолаға кетті. Бұл дегеніңіз тұрғындар дың 8 %-ін құрайды.
1991- 2001 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облыстарының ішіндегі Ресеймен көші –қон алмасуын, атап айтқанда Ақтөбе облысында 20 821 адам көшіп келсе, Ресейге 86 963 адам қоныс аударды. Көші қон өсімі- 66 142 мың теріс сальдо болды деп түйіндейді зерттеуін.
1990 жылдары еліміздегі ауқымды саяси реформалардың бұл мәселені асқындырып жібергені рас. Себебі, Кеңестік Одақтан ыдыраған мемлекеттер- де дербестік пайда болғанының оң және теріс әсері білініп қалды.
Елді жайлаған жаппай жұмыссыздық, инфляция, саяси стратегиялық бағыттардың барлығы Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың үдере көшуіне мол себептер туғызды.
Қазақстанды мекен еткен әр түрлі ұлт өкілдерінің кейбір жылдары үдере көшуін БАҚ сан- саққа жүгіртіп, қоғамда қарама – қайшы пікір тудыр- ды. Бұл мәселеде БАҚ- тың өзі екі топқа бөлінді. Бірінші топ – мемлекеттік БАҚ, олар елдегі тыныштықты көздеп, көші- қон мәселесінің тек оң жақтарын жазып, шешілуі қиын мәселелерді «жабулы қазан жабулы» күйінде қалдырса, оппозияциялық бағыттағы БАҚ бұл жүйенің тиімсіздігін, демографиялық көрсеткіштердің төмендегенін, ұлт араздық тудырумен болды.
Бірақ, халық үшін бұл мәселенің ақ қарасының анық болғаны маңызды. Мемлекеттік деңгейде шешілетін гео- саяси, стратегиялық мәні зор қадамға жататын шет елдегі қазақтардың тарихи отанына оралуының өзі бірнеше кері- тартпа факторларға жол ашты.
БАҚ қандай бағыт, ұстанымына қарамастан халыққа көші- қон мәселесі туралы объективті түрде ақпарат беруге тиіс. Шындық пен ақиқаттың арқа- сында қазіргі таңдағы көші- қон мәселесінде туындап отырған мәселелерді шешуге мүмкін болады. Керісінше бұрмаланған ақпарат елді адастырып, саяси сыртқы күштердің идеологиялық ықпалын арттырып жібереді.
І. ТАРАУ Қазақста н мен Ресей арасындағы көші- қон мәселелері
1. 1 Қазақстандағы көші- қон мәселесінің туындау салдары
Қазақстандағы көші-қон мәселесі туралы сөз қозғамас бұрын жалпы «миграция» яғни «көші- қон» мәселесіне түсінік бере кетейік.
Тұрғындардың көші- қоны яғни миграциясы (латын сөзі «migratio» яғни қоныс аудару), мағынасы ерікті немес еріксіз түрде адамдардың «мигрант-тар» белгілі бір жер аумағының шекарасынан тұрақты түрде немесе уақытша тұру үшін екінші бір келесі жер аумағына қоныс аударуы. «Тұрғындардың көші-қоны» деген термин «тұрғындардың механикалық қозғалысы» деген ұғымға жақын.
Еріксіз түрдегі эмиграция негізінен экономикалық- қаржы (қаржы дағдарыс т.б); саяси (саяси қудалау); діни; экологиялық және басқа да жеке себептердің пайда болуымен туындайды. Жалпы, аумақтық миграция, сыртқы көші- қон (эмиграция және иммиграция) мемлекет шекарасынан тыс. Ал, ішкі көші- қон дегеніміз- бір мемлекет ішіндегі көші- қон. Эмиграция мен иммиграция жалпы қайтарымсыз болуы да мүмкін.
Эмиграция мен иммиграцияның айырмашылығы қандай?
Иммиграция (лат. сөзі «immigro», «қоныстанамын» деген сөзінен шыққан) дегеніміз- өзге мемлекеттердің азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың белгілі бір мемлекетке тұрақты қоныстануы үшін, жаңа азаматтық алып қоныс аударуы[4].
Эмиграция (лат. сөзі «қоныс аударамын» дегеніміз- бір мемлекеттің азаматтарының өзге мемлекетке уақытша немесе тұрақты қоныстану үшін азаматтығын өзгертіп немесе өзгертпей қоныс аударып кетуі.
Иммгирация дегеніміз- шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың белгілі бір мемлекетке уақытша әлде тұрақты тұру үшін қоныс аударуы [5].
Көші-қон мәселесі қоғамның әлеуметтік, жекелеген аймақтарды өн- діріс орындарының орналасуына да тығыз байланысты.
Тұрғындар көші- қонынының ең маңызды әлеуметтік- экономикалық қызметі ол –халықтың аумақтық қайта бөлінісіне қарай өндіріс ошақтарына шоғырлануына байланысты еңбек күшін және өндірістің дамуына үлес қосады. Алайда көші-қон мәселесінің нәтижесі бірнеше қарама- қайшылықтар да тудырады.
Тұрғындардың көші- қоны еңбек нарығында тепе- теңділікке алып келіп, халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайын өзгертуі де заңды. Әрине, бұл орайда тұрғындарды оқу- ағарту, кәсіби дайындықты және көші- қонға қаты-
сушы адамдардың қажеттілігін кеңейте түседі. Бір жағынан мигранттардың үдере көшіп келуі, жұмыссыздық деңгейін асырып жібереді. Соныменен қа- тар, әлеуметтік инфрақұрылымдарға айтарлықтай салмақ түсіреді (тұрғын үй, денсаулық сақтау т.б).
Көші қон жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Тұрғындардың көшіп- қонуы аймақтардың бірінде халық саны азайып, келесі бірінде көбейіп кетуіне ықпал етеді. Жоғарыда айтылып өткен жайттардың бәрі мемлекеттік көші-қон саясатының құзырындағы іс болып табылады.
Тұрғындардың көшіп-қонуы елдің демографиялық құрылымна зор әсер етеді.
Халық құрамының жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарай мигрант- тардың кетіп немесе қоныс аударған аймақтарындағы тұрғындардың өсу қарқындылығының көлемінің әртүрлі болып, әсер етуші күшінің деңгейіне байланысты, «жедел» және «ұзақ уақытқа созылатын әсер» деп ажыратуға болады.
Ұзақ уақытқа созылатын әсер етуші күші- тұрғындардың өсу үрдісін- дегі рөліне байланысты.
Халықтың көші- қонының бір бөлігі аумақтық көші- қонға жатады.
Көші- қонның бірыңғай негізгі талаптары- өзге ел шекарасынан өту немесе аудан, облысқа қоныс аудару болып табылады. Бұл орайда, ішкі және сыртқы көші- қон деп екіге бөлінеді.
Сыртқы көші-қон (халықаралық) мемлекеттік шекрадан өту болып табылады. Ол құрылықаралық және құрылықішілік болып екіге бөлінеді.
Ішкі көші- қонға белгілі бір мемлекет көлеміндегі әкімшілік- басқару, әлеуметтік- географиялық аудандар, елді мекендер жатады.
Бір мекен, қаланың көлеміндегі тұрақты тұрғын жайды өзгерту, тұрғын- дар көші- қоны болып есептелмейді. Сонымен қатар, ауылдан қалаға, ауыл- дан ауылға, қаладан- қалаға (қаларалық көші- қон), қала тұрғындарының ауылға қоныс аударуы деп жіктеледі. Маңызды болып саналатыны «ауыл- қала» көші- қоны, урбанизация деңгейі өсуіне байланысты «қала- қала» болып дамып отыр.
Жер аумағының көлемділігіне байланысты облыс ішіндегі, облысара- лық, ауданішілік, ауданаралық болып саналады.
Көші қонның теориясы: тұрғындардың көшуін үш үрдіс деп алып қарайды. Бастапқы кезең- тұрғындардың аумақтық қозғалысы, негізгісі- жеке қозғалыс, соңғы кезең мигранттардың жаңа қонысқа жерсініп кетуі.
Осы тұжырымдама негізінде көші- қон процессінің әр кезеңіне сәйкес туын дап отырған мәселелерге шешім табуға болады [6].
Әлемдегі көші-қон мәселесі бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналып отыр. Көші- қонға біреулер әлеуметтік жағдай деп қараса, біреулер гео- саяси жағдаймен байланастырады. Алайда көші- қон әлеуметтік, гео- саяси, эконом-икалық, стартегиялық маңызы бар күрделі механизмді құбылыс.
Көші- қонды популистік бағытта ұстанып, жалаң энтузиазммен саясат етіп жасауға құмар жеке тұлғалар да, елдер де табылады.
Түптеп келгенде бұл мәселенің бүкіл бір мемлекеттің күре тамырына айналып отырған инфрақұрылымдарға айтарлықтай әсерін тигізіп отырғаны шындық.
Оксфорд Университетінің профессоры, ағылшын демографы Дэвид Коулмэн «Третий демографический переход» атты кітабында жалпы әлемдегі көші- қон туралы, кеңінен таратып жазады [7].
Д. Коулмэн XXI ғасырда көші- қонның өсімі Еуропадағы халық саны ның өсіміне ықпалын тигізіп отырған бірден- бір тетікке айналғанын атап өтеді.
Германия және Италия елдеріндегідей халықтың туылуынан өлім саны артып тұрған мемлекеттерде тұрғындардың азаюына байланысты көші-қон тосқауыл болуда.
Иммиграция егер көші- қон ағымына үлкен отбасылар, туыстық қарым- қатынасы тығыз байланыстағы және бала туу көрсеткіштері жоғары тұрғын дар қатысса қабылдаушы жергілікті тұрғындардың этникалық құрамына айт арлықтай өзгерістер кіргізеді.
Осы ғасырдың орта тұсына қарай белең алып отырған жағдайларға бай ланысты Батыс Еуропа мен АҚШ-тың 20- 30% бірінші, екінші ұрпағы өзге мемлекеттердің азаматтары болған тұрғындардан құралатын болады.
Біз қазіргі таңдағы тұрғындардың көші- қонының бойынан көші- қоны ның барша формаларын таба алмаймыз. Себебі, оның бірнеше жаңа түрлері пайда болды. Ал, адамдардың бөлек кетуіндегі себептерінің ескі, дөрекі із қал дырғандары, жоғалып отырды.
Егер де тұрғындар ұрпақтар ауысуын толық қамти алмаса, қорытынды туу коофициенті: бір әйелге 2.1- 2.2 – ге жетпей және сол кезде (халық саны нын бір деңгейде сақтап тұратын, керісінше сақтап тұра алмайтын) көші- қон ағымы жүріп жатса, мигранттар және олардың ұрпақтары, аралас некеден туғандар қазіргі кездегі тұрғындардың орнын басуы тиіс. Батыс Еуропа және қазіргі заманауи мемлекеттер де бұл бағытта қозғалыс басталып та кеткен болатын.
1960 жылмен 2004 жылдар аралығындағы салыстыруға келмейтін екі ағым: АҚШ-тағы мигранттар ағымы мен Еуро Одақтың (15 мемлекетіндегі) ағым жылына 1 млн адамнан астам көрсеткіштер көрсетеді. Соныменен қатар, миграцияда туу және өлім үрдістерін қарапайым сараптауға болмайды.
Дейтұрғанмен де туу коофициенті жергілікті халық пен эмигранттар ара- сында әр түрлі. Батыс Еуропа елдерінде атап айтсақ, Франция, Голландия, Ирландия, Швеция, Англия, Уэльсте жергілікті халықтың өсу көрсеткіші, им мигранттардан 2. 2 — 3 деңгейге жетеді. Бірақ, бұл орайды Еуропа елдерінде өмір сүретін шетелдіктердің туу көрсеткіштері өте жоғары деп есептеуге бол майды. Еуропалық тектес тұрғындарда ғана төмен, ал африкалық, Сомали, Пәкістандықтардың туу көрсеткіштері өте жоғары.
Көші- қонның жаңа толқыны туу көрсеткіші жоғары елдердің мигрант- тарын әкелуде. Бірақ қалыптасқан жағдайға туу көрсеткіштеріндегі айырма- шылықтар емес миграция әсер етеді.
1950 жылдары АҚШ-тың ақ нәсілді тұрғындары, ел тұрғындарының 87 % құрайтын еді. Қазіргі кезде оның үлесі 71- 72 %- ға азайып отыр. АҚШ-тың ценз Бюросының болжамынша ғасырдың ортасына қарай олар тұрғындардың 50 %-ын ғана құрайтын болады….