Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
Мазмұны
КІРІСПЕ 6
Әдебиеттерге шолу 9
Ауылдық округ туралы жалпы мағлұмат 14
Топырақ-климат жағдайлары 15
Климат 16
Жер бедері 22
Топырақ түзуші тау жыныстары 22
Үстіңгі жер асты сулары 23
Өсімдік жамылғысы 23
ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, «Ақтөбе» ауылдық округінің топырақ жамылғысының негізгі қасиеттеріне сипаттама
24
Ашық түсті сұр топырақ 26
Ашық түсті суармалы саздақ сұр топырақ 28
Шалғынды-суарылмалы сұр топырақ 29
Топырақтарды агроөндірістік топтастыру және оларды ауылшаруашылығында тиімді пайдалану
33
Жер қыртыстарының тұздандырылу картограммасы бойынша анықтамасы
36
Еңбекті қорғау 39
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 51
ҚОСЫМШАЛАР 5
Сарыағаш ауданының «Ақтөбе» ауылдық округы аумағында, бұрынғы Келес ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы кеңшарда алғаш рет ірі көлемдегі топырақ зерттеуі 1967 жылы өткізілді.
Топырақ түсірілімінің негізгі мақсаты топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, сондай-ақ топырақ құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылық мақсатта жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға бағытталған іс-шаралардағы қажеттіліктерді анықтау болып табылады.
Топырақ материалдарының ескіруіне байланысты 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының инженер – топырақтанушысы Г.Қамбаровтың басшылығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Ақтөбе» ауылдық округы аумағындағы үлгілерді паспорттандыру және іріктеу мақсатында топырақ материалдарын жаңарту үшін топырақ зерттеуі жүргізілді.
Топырақты зерттеу 1:25000 масштабында жүргізілді, ал оның жоспарлы негізі ретінде алдыңғы жылдардағыдай, дәл сол масштабтағы топырақ контурлары жүргізілген лито бедерлері мен 2016 жылғы 1:10000 М фотопланшеттер және 2015 жылғы дешифровкалар қызмет етті.
Зерттеу ауданы 14506,7 гектарды құрайды.
Ауылдық округ аумағында барлығы 223 нүкте қазылған , соның ішінде : 23 – негізгі, 82 – жартылай шұңқырлар, 118 – прикопкалар. 37 тіліктен химиялық талдаулар жүргізуге арналған үлгілер іріктелініп алынды. Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнының зерханасымен мынадай талдау түрлері орындалды:
1. Тюрин бойынша қара шірінді әдісі;
2. Качинскийдің әдісі бойынша механикалық талдау;
3. Су сүзіндісін талдау;
4. Гингзбург әдісі бойынша жалпы азот және фосфор құрамы;
5. Мачигин әдісі бойынша жылжымалы фосфор;
6. Протасов әдісі бойынша жылжымалы калий;
7. Сіңіскен кальций және магний;
8. Сіңіскен(поглащенный) натрий.
Топырақ материалдары мен зертханалық талдауларды өңдеу нәтижесінде топырақтық карта, тұздану картограммасы құрылды және оларға нағыз топырақ очеркі жазылды.
Далалық және камеральдық кезеңдерде Ғылыми-Техникалық Кеңесінің 2017 ж. 23 қаңтардан басталған № 1 хаттамасымен және ҚР Агенттігінің жер ресурстарын басқару жөніндегі Ғылыми-Техникалық Кеңесінің 2017ж. 11 наурыздан басталатын № 1 хаттамасы бойынша мақұлданған «Қазақстан Республикасындағы топырақ зерттеулері мен егістіктің жыртылуына байланысты материалдарды түзету бойынша уақытша нұсқаулықтары», сондай-ақ 2015 жылғы «Қазақстан Республикасының жерінде ірі масштабты топырақ зерттеулерін жүргізудегі нұсқаулықтарына» сәйкес қадағаланып отырды.
Топырақ өндіріс құралы ретінде – жер қыртысының жоғарғы қабатында кездесетін ұзақ табиғи-тарихи үдерістің өнімі болып табылады, ол табиғи жағдайда әр түрлі құнарлылық деңгейіне ие және басқаруға қабілетті.
Жердің агроэкологиялық жағдайын және ауыл шаруашылығының ғылыми негізделген жүйелерін ескерместен, топырақ жамылғысын ұзақ және қарқынды пайдалану кезінде топырақтың құнарлылығы бірте-бірте төмендейді.Зерттеудің мақсаты жерді мемлекеттік тіркеуге, жерді бағалауға және қорғауға, жер мониторингін ұйымдастыру мен өткізуге, топырақ сипаттамаларын білуді талап ететін топырақ-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, ауыл шаруашылығының мәдениетін көтеру, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін агротехникалық шаралардың сараланған жүйесін әзірлеу болып табылады.
1. Әдебиеттерге шолу
Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады [1].
Оңтүстік-Қазақстан облысындағы топырақ жамылғысын зерттеудің далалық және лабораториялық нәтижелері «Шымкент облысының топырақтары» жинағы мен басқа ғылыми басылымдарда көрсетілген, бұл жерлерде тау, тау аралық аңғарлардың, тау алды және еңіс жазықтардың топырақтары бөлінеді; ашық cұр, кәдімгі оңтүстік және солтүстік, соның ішінде қалыпты, бұзылған, аз дамыған сұр топырақтарды бөледі. Қалыпты сұр топырақтың ішіндегі суарылмайтын және суарылатын түрін бөліп қарайды [2].
Ғалымдардың зерттеулері азотты тыңайтқыштардың тиімділігі ашық сұр топырақтардың тектік қасиеттерімен және барлық кешенді агротехникалық шаралармен тығыз байланысты болатындығын дәлелдеді [3]. Азотты және фосфор қорегінің өзара байланысын зерттеу кезінде, азот пен фосфор өсімдік құрамында бір қосылыстың құрамында болатындығын анықтаған. Өсімдікке сіңірілу жағдайлары да тығыз байланысты болады, яғни азотты тыңайтқыштарды қажет ету факторларын және фосфорлы қорек жағдайларын бір-бірінен бөлуге болмайды.
Топырақтардың әртүрлілігіне қарай фосфорды сіңірулері де әртүрлі жүреді, бірақ барлық топырақтарда тыңайтқыштың топырақпен әсерлесу уақытының артуынан топырақта сіңірілген фосфор мөлшерінің жоғарылайтындығын нақтылы дәлелдеген [4].
Орталық Азияның территориясы кең және топырақ жамылғысының сипаты күрделі. Алғаш рет ашық сұр топырақтардың табиғи қалыптасуы, сипаты туралы нақты мәліметтерді Ғалымдардың зерттеулері өңір топырақтарының аймақтарда таралу заңдылықтары мен эволюциясы ерекшеліктерін айқындауға зор үлестерін қосты [5-8] .
Тау бөктері етегі жазықтарының екі жақты қасиетін бір жағынан таулармен генетикалық байланысымен, екіншіден биіктік өскен сайын климаттың өзгеруімен түсіндіруге болады, сол себептен ендік – тіктік аймақтарды жеке бөліп қарауды қажет етеді. Бедерін, жасы мен даму тарихын есепке алмағанда климаттық факторларға басты көңіл аударылуы керек.
Климаттық жағдайлардың өзгеруіне қарай сұр топырақтардың орналасуына сәйкес климаттық жағдайлар мен сұр топырақтардың таралуы арасындағы байланысты анық көруге болады. Топырақ пен гидротермиялық факторалар арасындағы бұл сәйкессіздік типтерін сипаттауға үлгі бола алмайды. Алғашқыда сипатталған топырақтар, кең ауқымды территорияға таралуға ұмтылды. Батыс Тянь-Шанның лөсті тау етегіндегі топырақтарды бөліп қарастырса, кейінен олардың шекарасын Тұраннан Памирге дейін кеңейтті. Бұл топырақтарды ыстық тау бөктері шөлдерінде, сондай-ақ суық биік тауларда сипаттауға мүмкіндік берді [9].
Ұзақ уақыт жырту антропогенді қабаттардың түзілетіндігін, қоректі элементтер мөлшері артып немесе азаятынын, ал дренаж, құрғату мен суару топырақтүзілу үрдістерін өзгертетіндігін анықтаған. Тұщылану үрдісі мен әктеу жұмыстары топырақ тұзы құрамының және өсімдік жамылғысының өзгеруіне соқтырады. Топырақты тыңайту олардың құнарлығын арттырады. Бұл ерекшеліктер мәдениелендірілген дұрыс топырақтарды жіктеудің негізін құрайды [10] .
Техникалық прогресс адамға тек материалды ғана қолайлылық емес және сонымен қатар биосфераға үнемі артатын техногенді жүктеме туғызады — топырақ, суқоймалары, өзендер, атмосфераға, тірі ағзаларға. Оларды туғызатын факторларға ауыл шаруашылығын химиялауды жатқызады. Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшері, өсімдікті қорғауда қолданылатын көптеген химиялық заттармен өңдеу, оларды қолдану технологиясының бұзылуы, терең өңдеу тұтас кері экологиялық салдар кешеніне әкелді [1-8].
Химиялау тірі табиғатта өз-өзін реттеуін бұзады, топырақтың, өсімдіктің, жануарлардың және адамның қорғаныштық қасиетін әлсіретеді [9]. Ескі, сыналған агротехнологиялар бұл мәселелерді шешуге дәрменсіз. Адамзат алдында егіншіліктің одан әрі дамыту жолдары, оның жоғары өнімділігінің альтернативтік жолдары мен экологиялық қауіпсіздігін қолдау мәселесі туындады.
Ескі технологияларды алмастыруға биотехнологиялар келеді, қазіргі кезеңде тек оның көмегімен адамзат алдында тұрған экологиялық, энергетикалық және азық-түліктік мәселелерді шешуге болады. Топырақ биоэнергетикасы мен биогеохимиясы мәселелерінің кеңдігі мен тереңдігін кешенді түрде зерттеудің қажеттілігі топырақтану мен микробиологияның тоғысында жаңа синтетикалық бағыт — топырақ биотехнологиясының пайда болуына себеп болды. Бұл ғылым биологиялық процестердің және ауыл шаруашылығы өндірісі жүйесінде қолдану туралы [10].
Мәдениелендірілген топырақтарды жіктеу топырақтүзілу үрдістерінің ерекшеліктерін негізделуі қажет деп санайды, себебі топырақ кескінінің төменгі қабаты табиғи топырақ типтерінің белгілерін сипаттайды [11]. …