Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциялын бағалау жолдарын үйрету

0

Мазмұны

1 Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциалын қалыптастыру мәселелерін түсіндіру
11
1.1 Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстар базасының экономикалық мәні мен маңызын түсіндіру 11
1.2 Мектеп оқушыларына коммерциялық банктердің сырттан тартылған каражаттарының мінездемесі және құрылымын түсіндіру 19
1.3 Мектеп оқушыларына Банктік депозиттік ресурстық потенциялын бағалау жолдарын үйрету 25
1.4 Мектеп оқушыларына шетел тәжірибелеріндегі депозиттерді сақтандырудың жүйелерін үйрету
35
Мектеп оқушыларына «Цесна Банк» АҚ –ның мәліметтері арқылы депозиттік ресурстарының потенциялын талдауды үйрету
41
2.1 Мектеп оқушыларына «Цесна Банк» АҚ ЖФ – ның қызметінің дамуын түсіндіру 41
2.2 Мектеп оқушыларына «Цесна Банк» АҚ-ның балансының құрамы мен құрылымын талдатуды үйрету 49
2.3 Мектеп оқушыларына «Цесна Банк» АҚ-ның қаржылық нәтижелерін талдауды үйрету 55
2.4 Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциялын талдауды үйрету 59
2.5 Мектеп оқушыларына «Цесна Банк» АҚ-ның өтімділігін, қаржылық тұрақтылығын және тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерін талдауды үйрету
57
3 Мектеп оқушыларына банктің ресурстық потенциялын арттыру жолдарын үйрету 80
3.1 Мектеп оқушыларына банктің халықаралық рейтингі тұрақтылығы — депозит нарығындағы сенімділігінің кепілін үйрету 80
3.2 Мектеп оқушыларына банктің депозиттік операцияларын жетілдірудің негізгі бағыттары
85
Қорытынды 88
Қолданылған әдебиеттер тізімі 89

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары).
Банктік саясаттың маңыздысы болып ресурс базасын қалыптастыру табылады. Банкпен пассивтік операцияларды жүргізу процесіндегі ресурстық базаны қалыптастыру оның активтік операцияларға қатынасы бойынша тарихи маңызды және айқындаушы рольді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларды жүргізу барысында қалыптасады, несиелік ұйымның қызметтерінің тұрақтылығы осы операцияларды тиімді және дұрыс ұйымдастырудың нәтижесіне байланысты. Осыған байланысты ресурстық потенциалды өсіру және оның тұрақтылығын пассивтарды тиімді басқару арқылы қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Салымдар банктер үшін ең негізгі өндіріс факторы болып табылады, себебі, олар банктердің несиелерін қаржыландыру мен бағалы қағаздарды сатып алуға қажетті қаражат көзін құрайды. Ал, банктер тарапынан жүргізілетін операциялар, яғни несие беру мен бағалы қағаздарды сатып алу банктің ұзақ мерзімді жұмысын қаржыландыруға қажетті пайда алуға көмектеседі.
Бұл жүйені өзара байланысты үзіліссіз механизм ретінде қарастыруға болады. Ашып айтсақ; банктер тарапынан берілетін несие кіші және орта бизнестің, жалпы өндірістің дамуына әсерін тигізеді, яғни өндірістің өсуі – ол экономиканың өсуі, нәтижесінде экономикасы тұрақталған елдің халқының жағдайы түзеліп, банктерге өз артық қаражаттарын салып, банктің ресурстарының көлемін арттыруға себепші болады.
Міне, депозиттік саясаттың еліміздің экономикасына тигізетін әсерінің зор екенін ескере отырып, мен дипломдық жұмысымда осы мәселе төңірегінде қарастыруды жөн көрдім. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері болып — депозиттік операциялармен депозиттік саясат және де келесі мәселелер табылады;
— банктік ресурстардың жіктелуі қарастырылған;
— Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының жіктемесі берілген және олардың ерекшеліктері қарастырылған;
— Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері зерттелінген, оның негізі және қалыптастыру принциптері, мақсаты мен бағыттары ашып қарастырылған;
— Депозиттік нарыққа республикалық және жергілікті деңгейде зерттеу жүргізілген;
— Банктік жүйеде субъектінің қызметіне заңды және жеке тұлғалардан қаражаттарды тарту сферасында зерттеу жүргізілген;
Дипломдық жұмыстың мақсаты – депозит ұғымының мәнін ашып, депозиттік саясатты жүргізудің қажеттілігін көрсетіп, коммерциялық банктер тарапынан жүргізілетін депозиттік саясатты дамытудың, оны тиімді түрде жүзеге асырудың жолдарын, әрине, депозиттік нарық басқа нарық сияқты қиындықсыз болмайды, сол қиындықтардан шығудың тиімді бағыттарын іздестіріп, мүмкіншігінше ашып қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті – депозиттік саясаттың даму дәрежесін көрсету, және де қазіргі жағдайды жақсарту жолдарын, банктің депозиттік қызмет сегменттерінің өсу факторларын және жаңа ойларды іздеу болып табылады. Міндеттерге жету үшін келесілерді орындау қажет, дәлірек айтсақ:
1. Депозиттік операциялар жіктелуіне байланысты сұрақтарды қарастыру, депозиттік операцияларға бағабелгілеу әдістері, сонымен қатар салымшыларды қорғау құралы ретінде депозиттерді сақтандырудың негізгі әдістері;
2. Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың жағдайымен, сонымен қатар «Цесна Банк» АҚ — ның жүргізіп отырған депозиттік тәжірибесімен танысу;
Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып, коммерциялық банктің ресурстық потенциалын жоғарлату және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету табылады.
Зерттеу нысаны отандық коммерциялық банктердің депозиттік саясатын ұйымдастыру және жүзеге асыру процесінде қалыптасатын, экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі болып табылады.
Зерттеу объектісі «Цесна Банк» АҚ ТФ- ның қызметтері болып табылады.

1 Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциалын қалыптастыру мәселелерін түсіндіру

1.1 Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстар базасының экономикалық мәні мен маңызын түсіндіру

Коммерциялық банктердің өздерінің қызметін іске асыру үшін өздерінің қол астында негізгі ресурстары болуы керек. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасында банктердегі ресурстық базаға онша көңіл бөлінбеген. Оның көолемі және құрлымы банк үшін маңаызды емес болған. Соңында өздерінің шотына еркін ақша құжаттарын тарту үшін қызығушылық жоқ болды. Бұл банктердің ресурстарға деген мемлекеттік монополиялардың әкімшілдік командалық экиономикасының болуымен түсіндіріледі және ол банктер арасындағы клиентураның қатаңк бөлінуімен нақты банктерде кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттарын сақтауда және өзінің есептерін солар арқылы жүргізеде, банктердің активті операцияларының көлемін анықтайтын несиелік салымдардың лимиддтік нақтылығымен түсіндіріледі. Нарықтық шаруашылыққа өтуде коммерциялық банктердің және кәсіпорындардың экономикалық жекелілігінің пайда болуы банктердің ресурстары нарығының пайда болуына алып келеді. Бәсекелестердің болуы банктер арасындағы тартып алынған ресурстар күресін күшейтті.
Нарықтық экономикадағы комерциялық банктердің ресурстарының бірінші деңагейлі мәні бар. Олар банктік қызметіне қажетті активті элементтепрі ретінде қызмет атқарады. Коммерциялық бір жағынан өзініңк ресурстарының базасын қалыптастыра отырып, заңды жәцне жеке тұлғалардың еркін ақша қаражаттарын тартса, екінші жағынан – оны өздерінің атынан қайтарымды, жедел және төлем шарттарты бойынша орналастырады. Осыдан кейін коммерциялық банктердің өзінің опеирацияларының өзінде боллған ресурстардың көлемімен анықталлады. Бұл операциялардың сипаттамасы банктердің ресурстарының базалық құрамының сапасына тәуелді. Коммепрциялық банктегі ресурстардың қысқа мерзімді сипатта болғандықтан олар ұзақ мерзімді несие салу мүмкіншілігінен айырлған нарықтық жағдайда коммерциялық банк арқылы орналастыратын қаражаттардың көлемі және сапалы құрамы, оның қызметінің бағыты және масштабтарын анықтайды. Осыған байланысты ресурстардың базалы қалыптастыру, оның құрлымын оптимизациялау және тұрақты қамтамасыз ету, банк жұмысында өте өзекті болып табылады.
Коммерциялық банктердің ресурстары — бұл оның жеке капиталы және заңды және жеке тұлғаларының ақша қаражаттарының қайтарымды негізінде тартылатын, активті операцияларды іске асыру үшін қолданылатын пассивті операцияларды жүргізу нәтижесінде банк арқылы қалыптастыру. Осылайша, коммерциялық банктердің ресурстарын 2 негізгі топқа бөлуге болады: жеке капитал және тартылған қаражаттар. Жеке капитал коммерциялық банктер арқылы қызметі кезеңінде оған жататын қаражаттарды көрсетеді.
Тартылған қаражаттар — банк үшін уақытша сипаттаманы көрсетеді. Банктердің жеке қаражаттары ретінде күтілмеген шығындар жағдайында сақтандыру ретінде элементтер қызмет атқарады. Бұл, біріншіден жарғылық капитал, резервтік қорлар, бөлінбейтін пайда (табыс) және 1- ші деңгейдегі капиталды немесе негізгі капиталды құратын басқа да жеке қайнар көздері, сонымен қатар 2 — ші деңгейдегі капиталдың элементтері немесе қосымша капиталдың элементтері. Олар тұрақты сипаттамада болады және күтілмеген шығындарды жабу үшін қолданылады. Тартылған қаражаттардың арасында олардың аккумуляция әдісі бойынша депозиттерді және басқа да тартылған қаражаттарды бөледі.
Депозиттер — бұл клиенттердің шоттарын ашу енгізу бойынша, салымдарды қабылдау қарыз міндеттемелер түрінде жеке құнды қағаздарды шығару (депозиттік және жинақтау сертификаттары, векселдер, облигациялар) бойынша банк арқылы жүргізілген операциялардың нәтижесінде тартылған заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын қарыз түрінде жүргізіледі, өйткені банк арқылы оның жеке инциативасы бойынша қабылданғандықтан негізінен банктер арасындағы нарықта жүргізіледі, (Қазақстан Республикасының Орталық банктерінде сирек жүргізіледі). Барлық коммерциалық банктердің ресурстарының құрамында тартылған ресурстар үлкен үлесіне иемденеді. Осыдан коммерциалық банктер экономикадағы басқа субьектілерінен ерекшелінеді. Банктердің жеке капиталының үлесіне 20% — 5а дей3н болса, ал комерциалық кәсіпорындар 50-60% деңгейінде болады. Бұл айырмашылықты банктерінің бизнестерінің ерекшелігі ретінде түсіндіруге болады – қаржы делдалдары рөлі ретінде қызмет ету. Уақытша еркін ақша қаражаттарын тарту банктің жеке капиталын жоғарылату бойынша операцияға қарағанда комерциалық банкке арзанға түседі.
Нақты коммерциалық банктердің ресурстарының құрлымы өзінің сапасы және санды құрамы бойынша басқа коммерциалық банктердің ресурстарының құрамынан маңызды түрде ерекшеленеді. Бұл көптеген факторларға тәуелді, мысалға банкті қалыптастыру кезеңінде, оның жарғылық капиталының өсуінен, банктердің қызметінің ерекшелігі, операциялардың құрамы, банктердің лицензияларды қарау, клиеннтердің саны және сапасы, несиелендіру саласындағы банктердң саясаты, қаржы нарығына қатысу және банктік ресурстың нарықтың жағдайы.
Коммерциялық банкке ресурстардың базасын қалыптастыру мақсатында әр-түрлі қайнар көздерден тартылған ақша қаражаттар күніге және күнара жүргізіледі. Осыдан банк ресурстарының абсолюттілік өлшемі күн қортындысы бойынша өзгерілмейді немесе азаймайды, өйткені банктің міндеттемелерін жүргізу бір уақытта жүргізіледі. Ол төлем мерзімі келгендіктен немесе олардың иелерінің ақша – қаражаттарын қажеттілігі пайда болғандықтан, олардың төлем құжаттарын не басқа да ағымды операцияларды төлеуде шаруа субьектісінің шотынан ақша қаражаттарын алу банктің пасивінің қысқаруына әкеп соғады. Дегенмен, ресурстарының өлшеміне қарамастан ресурстар – бұл тұрақты емес, күнделікті құбылмалықтар есептік айда толығымен жабылады және соңында тұрақты деңгейге алып келеді.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уакытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Қоммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. «Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің уйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленеді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатады. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы- материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді.
Ұлттык Банкі «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады. Демек, коммерциялык банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары- бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары қіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы- материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады: [2,12]
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль ойнайды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат,құрал-жабдықтар, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады.Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі.Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиты бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді.. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы- банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
— жарғылық капитал
— резервтік капитал
— қосымша капиталдар
— банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер)
— бөлінбеген банк пайдасы
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
— акционерлік банк формасында
— пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құрылып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың санының өсуі себебіненжүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі- акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы- банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын күәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнеміделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады
ә) бактік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидедтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары)
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады: [9,45]
1. бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу
2. бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу
3. банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу
4. шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:
— банкті акционерлік формада құру
— банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражаттарының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор- банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қорлардың шамасы заңдыф түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, 25 мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қор мен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар – негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com