Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………
1-бөлім. Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері…………………
1.1. Лексиканы оқытудың мазмұны……………………………………………………….
1.2. Лексиканы оқытудың принциптері………………………………………………..
1.3. Лексиканы оқытудың жүйесі…………………………………………………………
2-бөлім. Жаттығу жұмысының әдістемесі…………………………………………….
2.1. Жаттығу әдісінің мәні, мазмұны мен мақсаты……………………………….
2.2. Жаттығудың мазмұны және түрлері……………………………………………….
2.3. Жаттығу жүргізудің әдіс-тәсілдері…………………………………………………
Қорытынды…………………………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған: „Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру.Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру”. Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байла-нысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдыларды анықтайды. Мәселен, 5-10-сыныптардағы лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді. „Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету” деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді [1]. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал—лексика деп есептейді. [2].Белгілі бір тілді мегеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдк қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.
Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынасдың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы); сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. Мәселен,Н.П.Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі: пішіні (форма); мағынасы (значение); қызметі (назначение).
Н.П.Бехтерева сөздің осы үш ерекшелігінің ішінен адамның ойын, сезімін көрсететін үш белгісі- атқаратын қызметі-негізгі деп есептейді. Автордың айтуынша, сөз сөйлеушінің көзқарасын, көңіл-күйін білдіргендіктен адамдар арасындағы қарым-қатыныстық қызметті атқара алады.
Сөзді қатысымдық тұрғысынан алып қарағанда, сөздің алатын орнынан да, білдіретін сезімдік жағынан да сөйлесу үшін қажеттісі- сөздің байланысу амалы мен қолдана білу заңдылығы. Өйткені өзіндік заңдылықпен қолданылмаған сөз сезімді де білдірмейді, тілдегі орнына сай қызметін де атқара алмайды. Мәселен, белгілі бір тілде сөйлеу үшін, көп сөзді білгенмен,оны дұрыс қолдануды білмесең, ойыңды түсінікті етіп жеткізу мүмкін емес.
Сонмен қатар, сөздің қай жағы (қалпы, мағынасы, қызметі т.б.) жетекші деген көзқарасқа келетін болсақ, қатысымдық тұлғаның сыртқы қалпы да, ішкі мағынасы да, ішкі байланысы мен сыртқы қолданысы да маңызды бола келіп, тілдік қатынаста әрқайсысы өзіндік қажеттілікпен, орнымен көрінеді. Сондықтан қатысымдық негізде сөзді оқыту жеке бірлік ретінде оның өзіндік белгілеріне байланысты. Зерттеуімізде сөзге тән мұндай белгілір мыналар деп есептедік:
— сөз—белгілі бір ұғымдарға қатысты семантикалық мәндерді білдіреді және осы семантикалық қасиеттерді әрі сақтаушы, әрі жинақтаушы ретінде тілдік қатынастың ең қажетті бірлігі болып табылады;
— сөз бір-бірімен байланысу арқылы адамдардың ойын білдіреді де, түсінісу құралы болудың нәтижесінде қатысымдық қызмет атқарады;
— сөз өмір шындығын ғана емес, эмоциялық сезім күйді де білдіреді;
— сөз тілдегі қалыптасқан ережелердің нәтижесінде бір-бірімен тіркесе келіп, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрауға негіз болады және тілдегі ең басты лексикалық бірлік болып табылады.
Осы тұрғыдан келгенде, сөйлеуге жаттықтыру лексиканы меңгерумен тығыз байланысты.“Лексика” деген ұғым лингвистикада көбінесе сөзге қатысты айтылғанмен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лексиканы меңгеру—сөйлеу үдерісіндегі барлық лексикалық бірліктер туралы дағды мен икемділіктерін қалыптастыру деген сөз. Сонымен, қатысымдық қызмет атқаратын лексикалық тұлғалар мыналар: сөз, тұрақты сөз тіркестері. Ал сөйлеуге дағдыландыру үшін сөзді қолдан білу мақсатында мына сияқты икемділіктерді меңгеру қажет:
— сөздердің ішкі мәні мен мағынасын, түрлі семантикалық қасиеттерін игеру;
— тиісті грамматикалық өлшем – бірлік арқылы бұл тұлғаларды айтар ойға сәйкес бір-бірімен тіркестіру, байланыстыру;
— мағыналық байланысқа түскен тіркестерден ойына сәйкес сөйлем құрай білу;
— сөйлемдерді ойдың жүйесіне сай етіп, мәтін құрамына енгізіп, тілдік қолданыста пайдалану;
— орфоэпиялық қалыпты сақтай отырып, осы лексикалық тұлғаларды дұрыс айту.
Оқушы сөзді қарым-қатынаста қолдана білу үшін, алдымен, сөз мағынасын түсінуі, білуі керек. Ал сөздің мағыналық құрамының өте күрделі екені белгілі. Тілдегі сөздердің көпшілігі көп мағыналы және ауыспалы мағынада да жиі қолданылады. Сонымен бірге сөздердің синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналық қасиеттері бар. Қарым-қатынаста сөздер мағыналық, стильдік қолдану жағынан да белсенді (актив) және сирек (пассив) қолданылатын сөздер болып ерекшеленеді. Сондықтан оқушының сөз мағынасын жақсы түсінуге қол жеткізу — өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты – қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға лексиканы оқыту арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудың теориялық негіздері мен практикалық жолдарын анықтап, лексиканы оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
— тілдік қарым-қатынасты қалыптастырудағы лексиканы оқытудың орны және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтау;
— лексиканы оқыту арқылы сөйлеу әрекетін дамыту негізінде оқушылардың қатысымдық білік, дағды, икемділіктерін қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.
Диплом жұмысында мынадай зерттеу әдістері пайдаланылды:
Сипаттау, байқау, салыстыру тиісті әдебиеттер мен қазіргі оқу үдерістерін талдау, статистикалық әдіс (оқушылардың білімі мен дағдыларын, іскерлік деңгейін анықтау үшін) сондай-ақ педагогикалық бақылау, әңгіме жүргізу, сауалнама әдістер пайдаланылды. Зерттеу жұмысының нәтижелілігін анықтау барысында эксперимент әдісі жүргізіледі.
Бірінші кезеңде, оқушылардың ауызша сөйлеу жайы, мұғалімдердің іс-тәжірибесі анықталып, талдау жасалында. Екінші кезеңде оқыту эксперименті ұйымдастырылды: 1) ауызша тіл дамытудың мазмұны, көлемі мен жүйесі анықталып, арнаулы тіл ұстарту сабақтары өткізілді. Тәжірибе-сынақ жұмыстарының кейбір нәтижелерін қайта тексеру мен нақтылау жүргізілді. Зерттеу жұмыстары теориялық жағынан қорытындыланып, тәжірибелік ұсыныстар нақтыланады. Үшінші кезеңде тәжірибе-педагогикалық жұмысымызға талдау мен жинақтау жасалынып, оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдысының жүйелі қалыптасқандығы жөнінде пікір қорытылды.
Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Оқушылардың ауызша сөйлеу икемділігі мен дағдыларын қалыптастырудағы әдістемелік жүйесі қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді. Тыңдап түсіну мен айту әрекеті, мәтінді мәнерлеп оқу, ауызекі жүйелі сөйлеу қабілетін дамыта оқудың жаттығулар жүйесі жасалды. Зерттеу жұмысының нәтижесі бала тілін ғылыми теориялық жағынан зерттеушілерге материал болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелері мектепте қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартуға, танымын арттыруға көмегін тигізеді. Зерттеу жұмысындағы әдістемелік ұсыныстар мен ұтымды әдіс-тәсілдерді мұғалімдер өз тәжірибесінде, сабақ барысында, сабақтан тыс жұмыс пен семинарларда кеңінен қолдануына болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-бөлім . Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері

Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысын түсінуіне, сөйтіп, бүкіл тілдің жүйені тұтас ұғып, оған материалистік көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Лексиканы оқытуда алға қойылатын бұл екі мақсаттың бүгінгі жастарды заманымызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан да лексикалық ұғымдар жоғарыда айтылған 4-5-сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, тәжірибелік маңызы ашыла түсуі керек. Өйткені жеке сөз ешқашан өз бойындағы бар мүмкіншілікті толық таныта алмайды. Ондағы (сөздегі) сан алуан мән-мағына грамматикалық байланыста ашылып, жанды көрінісін, қабілетін таныта алады.
Сонымен мектепте оқытылатын лексика курсын екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі арнайы өтілетін курс та, екіншісі — өзге тіл білімі салалары бойынша берілетін мәліметтер. Әуелі 4-5-сыныптарда өтілетін арнайы курстың лингвистикалық негізін қалай түсіндіруге болады.
Тіліміздегі сөздердің жалпы қызметін бірдей санауға болмайды. Оның үстіне олар қалай болса солай пайда бола салған, шашыранды атаулар емес. Олар – заңды түрде бір-бірімен байланысты, жинала келе тіл жасайтын аса күрделі дүние. Мысалы, сөз (тілдің кішкене бір бөлшегі) затты (парта, үй), құбылысты (жел, аяз), оның белгілерін (қатты, биік), мөлшерін (бір,екі), қимылын (оқы, тұр) білдірумен бірге сөз бен сөздің мағыналық қатысын (үйге дейін, ауыл жаны), әр түрлі сезім-сезікті (аһ, ойбай), кейде белгілі (іңгә, мияу) да аңғартады. Сондықтан тіліміздегі сөздердің жеке түрін дербес мағынаны аңғарту, аңғартпауына қарай атау сөздер, көмекші сөздер және одағай деп үшке бөлеміз. Немесе лексикалық мағыналы сөздер және грамматикалық мағыналы сөздер деп екіге бөлуге болады.
Лексика бөліміне енетін материалдың лингвистикалық негізі де осы айтылғандай принциппен шектеледі. Яғни тек қана лексикалық мағынасы бар сөздер туралы мәлімет беріледі де, грамматикалық мағынаны аңғартатын сөздер ( көмекші есім, шылау, одағай) грамматика аясында ғана сөз болады. Әрине, лексикалық мағынасы бар сөздердің де грамматикалық мағынасы болатынын мұғалімнің естен шығаруына болмайды. Дегенмен бұл жерде лексикалық мағына негізгі белгі ретінде алынуы керек.

І. 1.1. Лексиканы оқытудың мазмұны

Лингвистикалық негізін ажыратып алмай, лексиканы тіліміздегі жалпы сөздердің жиынтығы деп түсіндіре салсақ, оқушылар лексикалық талдау кезінде, жаттығу үстінде шатасады да, сабақтың негізгі мақсаты орындалмайды.
Мұғалімдер көп жағдайда оқулықты өздеріне тірек етеді. Онысы дұрыс та. Алайда оқулық оқушы үшін жазылғанын, онда мұғалім үшін көп нәрсенің жасырын сыр болып қалып қоятынын әр кез есте сақтау керек. Егер мұғалім оқулықтағыны ғана білсе, оқушыға берер білімнің түпкі мақсатын, одан шығар нәтижені өзге (грамматикалық) мағынадан жақсы ажырата алуы керек. Мысалы, лексикалық мағынасы бар сөздердің өзі түрлі қосымшалар жалғану арқылы дыбысталу қауызын өзгертіп отырады: адам, адамдар, адамдары, адамдарымыздың, адамдық, адамсу т.б. Ал олар сол қосымша арқылы грамматикалық мағына қабылдады ма, жоқ лексикалық мағына қабылдады ма деген мәселені ерекше ажырату керек. Өйткені атауыш сөздердің ішінде туынды түбір сөздер өте көп кездеседі. Оларды лексикалық мағынасы сақталып түрлі формаға енген сөздерден (адамдар, адамдармыз) бөле білмей тұрып, лексиканың лингвистикалық негізін де толық түсіну қиын болады. Сондықтан оқушыларға лексикалық мағына дегенді әр түрлі мысалдармен саналы түсіндіру арқылы ғана, оны грамматикалық мағынадан ажырататын болады. Мысалы, дейін, шейін, гөрі, сияқты, туралы т.б. шылаулар мен кітап, қар, аяз, жел, жаңбыр сияқты сөздерді салыстырып, оқушылардың өзіне мағыналарын түсіндір десек, тек кітап, қар, аяз, жел, жаңбыр сөздерінің ғана лексикалық мағынасын түсіндіреді де, шылаулардың лексикалық мағынасының жоқтығына көзі жетеді. Сондай-ақ лексикалық мағынасы бар атауыш сөздердің өзін бір ғана мағынасымен шектеу тағы қиын. Өйткені тіліміздегі сөздердің әрқайсысы сан түрлі мәнге ие. Олар – белгілі бір ұғымды аңғарта отырып, айтушының (не жазушының) көзқарасын, ой-күйін де байқатуы мүмкін. Мысалы, жуас, момақан, көнбіс десек, үш сөздің де лексикалық мағынасы бір немесе жақын болғанымен, қолданушының жақсы немесе жек көріп, әлде сүйсініп айтқанын байқауға болады. Сондықтан сөз мағынасын ашып түсіну оқушылардың лексикалық ұғым туралы білімінің сөйлеу, жазуды қолданып, стилистикадан хабардар болуға мүмкіндік береді. Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы түсінік бергенде олардың (сөздердің) әр түрлі мағынасы контексте, сөйлемде ғана ашылатынын, жеке тұрғанда ондай көп мағынасының аңғарыла бермейтінін ескеріп, жаттығу жұмысын контекспен байланыстыра жүргізу керек. Мысалы, ақиық сөзінің оқушы бүркіт тұқымдас құс маржасын аңғартатынын контекссіз түсінсе де, ауыспалы мағынада шаршамайтын, шалдықпайтын адам деген мәнін ұға бермейді. Көл сөзінің теңізден кіші суды аңғартатынын білгенмен, көп, мол дегенді білдіруі тек мітін ішінде ғана ашылады. Сондай-ақ сөз кейде өз мағынасында да, ауыспалы мағынада да қолданылмай, екі , не одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы басқа мағына беретін кезі де болады. Мұндай тіркестер айтушы немесе жазған кісінің құрастырумен емес, дайын, бұрыннан тіркесіп қалыптасқан күйінде жеке сөз орнына пайдаланылады. Мысалы, ашық ауыз, төбе шашы тік тұрды сияқты тіркестер жеке бір ғана атауыш сөз мағынасын береді. Әрине, мұның бәрін, лексикалық мағынаны түсіндіргенде үйіп-төгіп оқушыға түсіндірем деу әурешілік болары анық. Дегенмен мұғалім өзі есте ұстаса, мәтін ішінде кездесе қалғанда оқушыға ұқтыруына қажет болады.
Сөз сырын, оның лингвистикалық негізін түсіндіруде оқушылар сөздердің бір-бірімен мағыналық жағынан әр түрлі себептермен тығыз байланыста болатынын, белгілі бір жүйеде бағынып, бірін-бірі толықтырып не мағынасын ашып тұратынын ескеру керек.
Мектеп курсында синонимдер, омонимдер, антонимдердің оқылуы осы жағдайға қарай бағытталған. Мысалы, синонимдес сөздер бірін-бірі толықтырып, мағынасын ашуға себеп болады. Айталық, сұлу сөзінің мағынасын аша түсу үшін келбетті, келісті, көркем, әдемі сөздерін пайдаланымыз. Сондықтан да түсіндірме сөздікте белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіру үшін оның синонимін келтіру (егер синонимі болса) тәсілі кездеседі. Мысалы, сызды – ылғалды, дымқыл; сый – құрмет, қошамет; сыйлы құрметті, қадірлі; сымбат – нұсқа, мүсін, тұлға; сынау – тексеру, байқау.
Ал антонимдес сөздер (ұзын – қысқа, ақ — қара) біріне-бірі қарама-қарсы мағынаны аңғарту арқылы мағынаны дәлелдей түседі. Сондықтан біз кейде сөздің мағынасын түсіндіру үшін антонимін табуға, сол арқылы түсіндіруге әрекет жасаймыз. Мысалы, қара – аққа қарама-қарсы түс.
Сондай-ақ сөздің бір-бірімен байланысы тақырыптық топтарға қарай (спорт терминдері: футбол, волейбол; география терминдері: тау, қырат, ойпат т.б.) бүтін мен бөлшектің өзара қатысына қарай (адам – қол, аяқ, көз, мұрын, құлақ т.б.) сондай-ақ түбірлестігіне қарай (ақшыл, ақтау, ақтық; түрлі, түрсіз, түрлілік т.б.) анықталады…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!