Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәні мен қажеттігі
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………6
1 НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕГІ РОЛІ…………..8
1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы……………8
1.2 Коммерциялық банк ұсынатын несие формалары мен түрлері…………….20
2 ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІГІ
МЕН МӘНІ……………………………………………………………………………………………..36
2.1 Коммерциялық банкте несие алу операцияларын ұйымдастыру
үрдісі………………………………………………………………………………………………………36
2.2 Коммерциялық банктің несиелік операцияларын талдау…………………42
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА НЕСИЕЛЕУДІ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………………………………..54
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………69
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде ақша – несие жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан ел экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс үрдісінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз алушылар арасындағы қарым–қатынасын білдіреді.
Несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы.
Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай ақшаны бөлу және xалықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттарының жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы.
Несие заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен беріледі. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез-келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез-келген бағытта жүре алады.
Осының барлығы бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы маңыздылығын анықтайды.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәнін ашу және оның экономикада алатын ролін қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:
— несиенің қажеттілігін және несие қатынастарының пайда болуын
қарастыру;
— коммерциялық банк ұсынатын несие формалары мен түрлерін қарастыру;
— коммерциялық банкте несие алу операцияларын ұйымдастыру
үрдісін талдау;
— «ТұранӘлем Банк» АҚ мысалында банктің операциялары мен
қаржылық жағдайын талдау;
— нарықтық экономика жағдайында несиелеуді жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Осы жұмысты орындаудың әдістемелік, теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының заңды және нормативті актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды. Тәжірибелік бөлімі «ТұранӘлем Банк» АҚ есеп беру негізінде қолданылды.
1 НЕСИЕНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕГІ РОЛІ
1.1 Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несие – ақша сияқты тариxи экономикалық дәреже болып табылады. «Несие», «қарыз», деген сөздер «kredo»– сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формалаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және тағы басқа) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар – ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақшаға деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет үрдісінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін – өндірістік, тауарлы және ақшалай, ал айналым саласы үшін – тауарлы және ақшалай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының үрдісінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал – жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда қосымша ақша тарту қажеттілігі туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.
Мысалы, дайын өнімді өкізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбек ақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымның уақыты сәйкес келмеуінен және тағы басқа жағдайларда туындауы мүмкін.
Капитал айналымында және ауыспалы айналым үрдісінде ақшалай қаражаттың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады (Сурет 1).
Қаражаттың босатылуы және оларға деген қосымша қажеттілік
Cурет 1
Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалысы үрдісінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезінде) мен қайтуы (босатылу кезінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болуы мүмкін.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама–қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын несиелік капитал айналымы мен өндіріс капиталы айналымының бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.
Банктік несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары – несие беруші мен қарыз алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер келісімі негізінде алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф.Энгельс: “Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек”,-деп жазды.
Банктік несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда несиелік қарым–қатынастар туындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын, төлем қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жеке назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эмиссиясының үрдісі формаға тәуелді емес (қолма–қол ақша және қолма–қол ақшасыз), несие капиталының бір көзі болып табылатын несие операцияларының нәтижесі бар.
Түрліше несие қарым–қатынастарындағы несиенің мән–маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.
Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін, бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір–біріне қарсы тұра алатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан–қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу — несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде несиелік капитал айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.
Қарыз алушы несиені кедей болғандығынан алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, банктік несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:
— жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналым) қорлар
айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес
келмеуі;
— несие беруші мен қарыз алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
— несиелік қатынасқа несие беруші мен қарыз алушының мүдделік танытуы.
Банктік несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс үрдісінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз алушылар арасындағы қарым–қатынасын білдіреді.
Банктік несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
— несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
— несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін карастырған жөн.
Оның көмегімен мемлекеттің, xалықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен еркін ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.
Банктік несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір–бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтерден тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай–ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұларға несие беруші мен қарыз алушылар жатады. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады (Сызба 1).
Несие беруші – несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдар мен xалықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарыз алушы ғана емес, сондай–ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, xалыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда қарыз алушы болып көрінеді.
Қарыз алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар – кәсіпорындар, кәсіпкерлер, xалық, мемлекет пен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарыз алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарыз алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен xалық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарыз алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама–қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар қарама–қарсы жақтарда тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесін іздестіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс–берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құны – несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс үрдісін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарыз алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеті жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілестерді жояды.
Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар, өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Несиенің құрылымы
Сызба 1
есиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:
Ho – Қан – Нп … Рб… Нк – Бк , (1)
Мұндағы, Но — несиені орналастыру;
Қан – қарыз алушының несиені алуы;
Нп – несиенің пайдаланылуы;
Рб – ресурстарды босату;
Нк — несиенің қайтарылуы;
Бк — банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (Но) — несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қан) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді. …