Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстандағы коммерциялық банктерді басқару мәселелерін жетілдіру жолдары » ZHARAR

0

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Коммерциялық банктерді басқарудың мәні, түрлері және негізгі бағыттары
1.2. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру — коммерциялық банктерді басқарудың негізгі мақсаты

2. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

2.1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесін
сипаттау
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның мысалында коммерциялық банкті басқаруды талдау

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Коммерциялық банктерді басқарудың кейбір аспектілері
3.2. Business Unit Management технологиясының көмегімен банктегі жұмыстың тиімділігін жоғарлату

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес¬керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті [1].
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін эсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктердегі басқару мәселелері бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік басқару мәселелері өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың басқарушылық, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, «Басқару» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік басқару деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты әлементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан банктік басқару мәселелерін ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банк басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес — жоспарларды нарықтық механизммен несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банктік басқарусыз болуы мүмкін емес.
1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ, революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл — әміршіл басқару негізінде экономикаға пара-пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.
18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.
«Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш — қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта — теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды.
Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша-несие операцияларында, банктік жүйесінде тиімді банктік басқарудың қажеттілігі артты.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банктік басқарудың дамуын көрсету болып табылады. Жұмыстың объектісі -«Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Ал диплом жұмысының тапсырмалары — банктік басқарудың түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банктік басқаруды ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банктік басқаруды талдау ретінде қойылған.
Бірінші бөлімде банктік басқарудың мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші бөлімде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның басқару жүйесі мен банктік басқарудың ұйымдастырылуы туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде банктік басқарудың шетелдік тәжірибесі зерттеледі. Сонымен қатар банктік басқаруды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар да бар.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Коммерциялық банктерді басқарудың мәні, түрлері және негізгі бағыттары

Менеджмент ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым. Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерінің ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады. Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды
Менеджментің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті , нақты жағдайда тез бағалай білетін , алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсібі басқарушы болып табылып табылады. Осыған байланысы менеджер жоғары біліктілік , ой өрісі кең , тәукелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру , ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелерін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке сонғы жылдары ерекше мән беріліп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу.
Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен қатаң бәсекелістік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты . Жетістікке жету үшін немесе істі дамыту үшін, оңтайлы алғышарттарға ие болу үшін басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру , теория мен практика жиналған білімді тез менгеру , өзгермелі жағдайда жаңа ерекше шешім табу қажет.
Пайда табуға ұмтылу – менеджменттің бір ғана мақсаты емес. Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағатандыру факторы менеджмент қызметінде басты орындағы әлуметтік этикасын сарам олжаға, пайданы өсіруге ұмтылу , емес , қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды . сонғы жылдары менеджмент мақсатында адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы әлеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіретін болады .
Менеджмент ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына пинциптерді сипаттайды:
1. басқару субъектісі әрекеттің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.
2. олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының ортақтығын
3. Құрамына жоспарлау, талдау , реттеу және бақылау енетін басқару процесінің кешенділігін.
4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.
5. Оларды іске асырудағы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды .
6. Ұжымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылық белселділігін, табыстылығы мен жетістігін материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру.
7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты .
8. жұмысшылардың кәсіптік денгейін көтеруге , үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын менгеруге мүдделілікті .
9 Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлауды.
10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі
Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым кооператив) банктің клиенті болып табылатын немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті денгейін бағалай білуі қажет.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындарда қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа ұшырады. Соңдықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық әлементтерінің бірі болып табылады.
Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік) қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.
Мәселен, 1 балл — барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3 балл — жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл — орташа біліктілік; 7 балл — жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл — төмен деңгей.
Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің білдіреді, ең көп шамадағы балда фирмамен несиелік қатынас орнату проблемалы болып саналады.
Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайыда жұмыс істейтін банк үшін міндетгерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.
Банк менеджментінің ерекшеліктері менеджментінің қоғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.
Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналасатын өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға ұйымдарға, кооперативке, халыққа, мемлекетке төлем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.
Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жұмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктің жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.
Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.
Банк қызметінде серіктестік сипатқа ие келісім шарттық катынас маңызды орын алады. Серіктестік қатынасқа сенім, өзара пайда, шешімнің бірауыздылығы және әрекеттің бір жерден шығуы секілді белгілер тән. Несие мәмілесі өзара пайдалы болуы үшін тараптар оның шарттарын бірігіп талдайды, келіспей калған жағдайда ымыраға келеді.
Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің ментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсатгардың өзіндік анықтайды:
1) ақшалай нарық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектісі ретінде банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;
2) банк сенімділігінің кепілдігі ретінде банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету;
3) іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін тигізетін банк қызметіның ауқымы, құрылымы және сапасы арқылы клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру
4) ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметгік проблемаларының сәтті шешілуін ұштастыру;
5) әлеуметті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді жүйесін құру. Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, салалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады. Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды: — банк клиентгері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің, несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;
-банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.
Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш. Осы көрсеткіштің көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады.
2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының көрсеткіші, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші. …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com