Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының экономикадағы атқаратын рөлі

0

Мазмұны

І. Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау
1.3.Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру .

II. Тарау. ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
2.1Қаржы және бюджеттік құқық негіздері
2.2.Салық ұғымы,жүйесі түрлері
2.3.Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

III. Тарау. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
3.1.Қаржы нарығының жалпы түсінігі
3.2.Бағалы қағаздар нарығының механизімі,эмитенттері , кәіби мамандары, басқа қатысушылар мен қалыптасуы.
3.3.Өнеркәсіп қаржысы, міндеттері , кәсіпорындағы қаржы қатынастары,

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр.
Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу — сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының және сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шелетдік валютаны және шетелдік валютадағы сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйсі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақтсанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауна жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта тулары заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы бақылауы – қоғамдық жиынтық өнімнің белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын тиісті қаражат қорларының құндық бөлісінің дәлелдігін тексеруге бағытталған арнайы қызмет түрі.
Бақылау (контроль) термині «контра рутулс» деген латын сөзінен шыққан. Оның мағынасы «қарсы қою».
Қаржыға экономикалық категория ретінде бақылау қызметі тән болғандықтан, қаржылық бақылау объективті қажеттілік болып табылады.Осы қызмет арқылы қаржы қорлардың арақатынасы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы туралы, бөлудің қалыптасқан пропорциялары туралы алдын ала хабардар етеді. Қаржының бақылау қызметі қоғам тарапынан, ең алдымен, мемлекет тарапынан өндіріс, айырбас, материалдық игіліктерді бөлу және тұтыну процесіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады, бірақ мүмкінідік қоғамдық қатынастарға адамдар қатысқанда, белгілі бір жағдай туғанда ғана іске асады:
1) айрықша бақылау органдарын құру;
2) оларға білікті мамандар алу;
3) бұл органдардың құқықтарын реттеу;
Сөйтіп, бақылау қызметі қаржыны бақылау құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы қолдану қоғамдық өндірістегі қаржы қызметі барысында іске асырылады.Егер қаржы экономикалық қатынастың базисі, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігі болса, онда қаржылық бақылау оны басқарудың бірден-бір элементі ретінде (жоспарлау, еспке алу, талдаумен қоса) қондырмалық категория болып табылады.
Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: — жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.
Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Мыналар бақылауды жүргізудің негізгі принциптері болып табылады:
1)бақылаудың дүркінділігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы; бақылаудың алдын алушылық сипаты;
2)пәрменділігі, нақтылығы, жариялылығы; бұларға бақылау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, терең негізделген әдістер қолданылып, іс мұқият тексеріліп, нақты ұсыныстар жасалса ғана қол жеткізілуі мүмкін;
Бақылаудың әділдігі;
Бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;
Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашатын негізгі міндеттері:
1 Мемлекет ұйымдар мен халық алдындағы қаржы міндеттерінің орындалуының тексеру;
2 Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың өздерінің қарамағындағы ақша ресурстарының ( бюджеттік және меншікті ресурстардың банкі ссудаларының бюджеттен тыс қаражаттарының) дұрыс пайдалану тексеруі;
3 Кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің қаражаттарын сақтау, қаржы операцияларын, есептерін жетілдіріп, ережелерін тексеру;
4 Өндірістің ішкі резервтерін анықтау – шаруашылықтың рентабелділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, айналым қаражаттарының, айналымдылығын тездету, материалдық және ақшалай қаражатты үнемді және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау;
5 Қаржы тәртібін бұзуды болдырмау және алдын алу. Мұндай жағдайда ұйымдарға,лауазымды адамдарға белгіленген тәртіппен шаралар қолданылып, мемлекет пен ұйымдар шығындарының өтелуі қамтамасыз етіледі;
Қаржы тәртібі – бұл мемлекеттің, кәсіпорындармен ұйымдардың ақша қорларын құру, бөлу және пайдаланудың белгіленген тәртібін айқын сақтау деген сөз.
Нарықтық қатынасқа көшу барысында қаржылық бақылау елеулі өзгерістерге ұшырауда .Жаңа экономикалық қатынастар ұдайы бақылауды қажет етпейді.Үздіксіз бақылау нарықтық қатынасты тежейді, меншік формалары өзгереді,баға ырықтандырылып экономикалық жағдай дағдарысқа ұшыраған өтпелі кезеңде қаржылық бақылауды басқару мейлінше қиын. Мұндай жағдайда қаржы тәртіптері, заңдары бұзылып, мемлекеттік меншікті талан – таражға салу сияқты келеңсіз құбылыстар белең алады. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қоюы тиіс.Қоғамдық мүдделерді қорғап, мемлекет ұдайы өндіріс процессіне араласады.Мұнда қаржының бақылау қызметі пайдаланылып, формалары мен әдістері жетілдіріліп отырады.

1. Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ
БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі

Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың брлуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.Қаржылық бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтары реттелмегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырлады.Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: эконмикалық заңдадың талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресустарға қаражаттарды жұмылдытудың уақыттылғы мен толымдылығын тексеру;
3) сееп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру;
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
А) бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы;
Б) бақылаудың првентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
С) әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
Д) бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
Е) бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макро деңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етіуін бақылау.Оның міндеттері мыналар болып табылады:
1.Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету;
2. Қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
3. Қаржы ресустарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажетттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сфераларының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумуқтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары;
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады.Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Билікті заң шығарушы органдар мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
1. Кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
3. Қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
4. Ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу;
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады.Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады.Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Қаржылық бақылау жүргізу тәсілдеріне, уақытына, субъектілеріне қарай жіктеледі.Осыларға байланысты қаржылық бақылау мынадай үш бағыт бойынша: түрлері, формалары, оны іске асыру әдістері бойынша бөлінеді.Субъектілерге (органдарға немесе бақылауды жүзеге асыршы ұйымдарға) байланысты қаржылық бақылаудың мына түрлері ажыратылды.

Қаржылық бақылау

Мемлекеттік бақылау Қоғамдық бақылау

Жалпы мемлекеттік бақылау Ведомствалық бақылау
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақ, жастар ұйымдарының, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорт, шығармашылық, ардагерлер ұйымдарының, әртүрлі қорлардың бақылауы

Парламент(депудаттық) бақылауы
Ішкі шаруашылық бақылау
Аудиторлық бақылау
Жалпы мемлекттік бақылау ведомствалық бағыныштылығы мен меншік формасына байланыссыз кез келген объектіге жасалынады.Оны мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Барлық өкілді органдар өздерінің сессияларында тиісті бюджеттің жобасын, оның орындалуын қарап, қаржы бақылауын іске асырады.Өкілді органдар жоспарлы-бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау қызметін атқарады.Олар сессия басталмас бұрын бюджеттің жобасы мен оның орындалуы жөнінде есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктердің аппараты, өкілетті органдар өздеріне бағынышты органдардың бақылаушылық қызметіне бағыт берумен қатар, өздері де бақылау қызметін атқарады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің құралып, орындалуын бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.Жергілікті органдар тиісінше өкілеттері шеңберінде бақылау қызметін атқарады.
Ведомствалық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомстваның өкілеттігі шеңберінде осы жүйеге енетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің қызметіне жасалады.
Ведомствалық бақылаудың негізгі міндеттері: жоспарланған тапсырманың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарының үнемдеп пайдалануын, меншіктің құнтталуын, бақылау тексеру жұмысының жайын бақылау, қосып жазу, қырсыздық, ысырапшылық фактілерін тыю.
Ведомствалық бақылау шеңберінде ішкі шаруашылық бақылау жүргізіледі.Яғни кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелерде нақты бақылау жүргізіледі.Мұнда бақылау қызметі күнделікті қаржы-шаруашылық қызметімен тығыз байланыстырылады.Баққылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік қорларды, қаржы ресурстарын тиімді …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!