Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және ұйымдастыру жолдары » ZHARAR
Мазмұны
КІРІСПЕ
I.БӨЛІМ.ҚАРЖЫНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ
1.1.Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері.
1.2.Әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыны тиімді пайдаланудың маңыздылығы.
1.3.Қаржылық жоспарлаудың міндеттері.
II.БӨЛІМ.МАҚТАРАЛ АУДАНЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫНЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1.Ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін талдау.
2.2.Ауданда бағдарламаға сәйкес қаржыландыру көздері.
2.3. Ауданда қаржы шығындарының тиімділігін талдау.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жергілікті қаржы – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау,бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Ол жергілікті бюджеттерді,арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субьектілердің кірістіреді.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірінғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес катигория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Бүгінде, жұртқа мәлім,қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен ролін арттырып отыр.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде,олар әлеуметтік,экономикалық,экологиялық,демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуін дербестікке ие бола бастады.
Жергілікті қаржының басты буындарының бірі- жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады,ал басқа буындарды- жергілікті шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылары (корпоративтік қаржылар),сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субьектілері мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде оқулықтың тиісті тарауларында қаралған.
Жергілікті қаржының ролі,оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады.Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға обьективті түрде ұмтылады. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субьектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдарыөз аймағының халқының толып жатқан экономикалық,әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым- қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі . Қазақстан Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым- қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін білу және дұрыс пайдалану қажет.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
С.Құлпыбаев, Қ. Iлиясовтың “Қаржы” әдебиетiнде “Жергілікті ќаржылыќ билік пен басќарудыњ жергілікті органдарыныњ сан ќырлы ќызметініњ ќаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге мањызды рол беріледі.” деп жазған. Сондықтан жергiлiктi бюджет каржы саласының басты базасы болып табылады.
Б. С. Өтебевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: Мақтарал ауданының қаржылық жағдайын жоспарлау және болжау проблемалары.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты — жергілікті қаржы бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстарына талдау жасау және нақты дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері,әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыны тиімді пайдаланудың маңыздылығы, қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары,бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары , алымдар мен төлемдерді жоспарлау бойынша алымдар мен төлемдерді жоспарлауда салық кодексі бойынша жергілікті бюджетке түсетін алымдар мен төлемдерді белгілеген.
Екінші бөлімде ауданның жергілікті бюджетінің түсімдерін талдау,ауданда бағдарламаға сәйкес қаржыландыру көздері жоспарлау,ауданда қаржы шығындарының тиімділігін талдау, бюджет кірісінің және шығысының жіктемесі, әлеуметтік салаларға төленетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау жан- жақты талданды және мақтаарал ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері мен шығыстарының талдауы орындалған.
Әлеуметтік салаға бөлінетін бюджеттік қаржыларды жоспарлау бойынша 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды қаржыландыру,халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жәрдемақылар маңызы сипатталған.
Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.
I-Бөлім. Қаржыны жоспарлау мен болжау.
1.1. Қаржының негізгі қағидалары мен элементтері.
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың сапалы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару- бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару –бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты-қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қортынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқару арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);
басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. [1,10-бет]
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қортындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастырының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау. [1,12-бет]
Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланыста жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл-жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік –аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басарудың нәтижнсі қаржы субъектілерінің –қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылуы дәрежесі жоғары болуы тиіс. …
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com