Дипломдық жұмыс: Психология | Студенттердің психологиялық — педагогикалық даму ерекшеліктері | дипломдык жумыс Студенттердің психологиялық

0

Мазмұны

Кіріспе —————————————————-
І ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Студенттердің даму ерекшеліктеріне педагог — психолог ғалымдардың ой-пікірлері ———————————-
1.2. Студенттердің кәсіби-адами құндылық қасиеттерін қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері —
Бірінші тарау бойынша тұжырымдама —————————
ІІ ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Болашақ педагог-психолог мамандардың даму ерекшеліктерін қалыптастыру жолдары ——————————-
2.2. Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар.
Екінші тарау бойынша тұжырым ———————————
ҚОРЫТЫНДЫ —————————————————
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ————————
ҚОСЫМШАЛАР ————————————————-

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында”[1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру”[2],“Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”[3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру”[4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және студенттерге тәрбие мен білім беру іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз ұрпақ тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның педагогикалық- психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.
Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой қалыптасады.
Қоғам талабына сай даму кезеңінде, ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекерт ерекшеліктерімен бейнеленеді.
Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің [5] психологиялық мектебі.
Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген.
Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелері әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.
Сондықтан, болашақ маманның психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін қалыптастыру өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Студенттердің психологиялық — педагогикалық даму ерекшеліктері ” -деп таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және психологиялық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Зерттеу объектісі: Студенттердің психологиялық даму процесі.
Зерттеу пәні: Болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму әрекеті.
Зерттеудің болжамы: Егер, студенттердің іс-әрекеті психологиялық- педагогикалық даму сай жасалса, онда болашақ мамандардың кәсіби-адами құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.
Зерттеудің міндеттері: Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық негіздемесін даярлау, зерттеу тақырыбына сай тірек ұғымдардың мәнін ашу.
Зерттеудің негізгі ойы. Ақпараттық ғасырда студенттердің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан жан-жақты дамуы компьютер, интернет т.б. жаңа оқыту технологиялары және қазіргі қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Студенттердің бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Бұл жағдайда болашақ маманның ақпараттық мәдениетті мен педагогикалық-психологиялық ерекшелігінің қалыптасуы мен жалпы оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына бағыттала жүргізіледі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ маманның психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерінің қалыптасу үлгісі мен тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің жаңалығы: Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері ғылыми негізде талданып, болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерінің өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктеріне эксперимент жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу, психологиялық эксперименттік зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.
Бастапқы мәліметтер: Студенттерге қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастырудың эксперименттік негіздері.
Күтілетін нәтижелер:
1. Студенттердің психологиялық-педагогикалық даму процесінің сипаттамасы.
2. Қазіргі болашақ мамандардың психологиялық дамуерекшеліктерін қалыптастырудың теориялық негіздемесі.
3. Болашақ мамандардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу әдістемесінің жобасы мен нәтижесі.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді. Студенттердің психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.
Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.

І ТАРАУ. СТУДЕНТТЕРДІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Студенттердің даму ерекшеліктеріне педагог-психолог
ғалымдардың ой-пікірлері

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі — жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда психология, педагогика ғылымыдарының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау [11 ].
Студенттер деп жоғары және кәсіби, арнайы оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздардың әлеуметтік қоғамдастығын айтамыз. Бұл әлеуметтік кәсіби категорияның тарих бетінде пайда болуы XІ-XІІ ғасырларда алғашқы университеттердің ашылуымен байланысты. Студенттердің негізгі әрекеті -оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім алуға, кәсіби еп-дағдыларды үйренуге ұмтылуы.
Студенттік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі. Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам зиятының (интеллекті) ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде (оптимизм) болады. Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимунда (ең жоғары толысу) жетеді. Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп-дамып, 34 жастан кейін олар төмендей бастайды. Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-болмас ғана өзгереді екен[12].
Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 35-ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді. Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып келеді.
Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен.
Міне, жоғарыда айтылғандай адамның жас шақтарына байланысты психофизиологиялық функциялардың дамуы өте күрделі қарама-қайшылықта болады. Ол өзгерістер адамның еңбек әрекеті мен практикалық тәжірибесіне тәуелді бола келіп, онтигенетикалық даму заңдылықтарын бейнелейді.
Студенттердің негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер студент болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық аспекте студенттердің басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады.
Жалпы, студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы. Студенттердің осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде қабылдауға итермелейді.
Студенттер педагогткалық қарым-қатынаста өз әрекеттерін өз беттерімен ұйымдастыра алатын ынталы субъект. Оларды оқытудың негізгі нысаны (формасы) таңбалы-контексті жүйе болып табылады.
Студенттік шақ -адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.).
Болашақ қайраткерлер, кәсіп иесі-маман ретінде студент жастардың әлеуметтену процесі өте қарқынды өтеді.
Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қажеттілік — адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз студенттердің психологиялық ерекшеліктерін сараптау барысында студенттің білім алуы үшін ең қажетті процес “түрткі” ұғымын толығырақ қарастыруды жөн көрдік.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар — таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу — тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер баршылық. Мысалы:
— түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты қозғаушы күш, қызығушылық;
— түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке байланысты қарым-қатынас;
— түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б. [13].
Осындай анықтамаларды қорыта келгенде түрткі — қажеттіліктің өзі емес, оның құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап, мынандай тұжырым жасауды орынды деп білеміз. Түрткі дегеніміз -қажеттілікті өтеудегі тұлғаның ізденуі, іс-әрекет, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге іс-әрекет жасауы. Қызығу — заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған адамның біршама тұрақты ерекшелігінің бір көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы — асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан туындайды [14,18]. Түрткілер мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы, келешек мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән, әдебиет, спорт т.б.). Бұл әрекетте оқытушы мен студенттің белгілі мақсатқа ынталануы қажет. Аталған мәселе негізінде оқуға деген “ түрткі” (мотив) туындауы керек. [15].
Ал,оқыту түрткілері — бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын обьектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік түрткілер де пайда болады.
Педагогикалық — психологиялық зерттеулерге сүйене отырып
біз түрткілердің түрлерін анықтадық. Түрткілердің даму жолдары
Түрткінің түрлердің даму жолдары сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.
• сыртқы түрткілер- (танымдық және әлеументтік).
• ішкі түрткілер- (өз мақсатына ынталандыратын және ниет тудыратын).
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
1) Танымдық түрткі:
а) оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
2) Әлеуметтік түрткілер:
а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары адамдада оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктере байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл- үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!