Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Шығармашылық ойлау туралы түсінік
1.1 . Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауының қалыптасу шарттары
1.3. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда мәселелік оқытудың мүмкіндіктері
ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДА МӘСЕЛЕЛІК ЖАҒДАЯТТАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауы даму деңгейінің психологиялық диагностикасы
2.2 Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда мәселелік жағдаяттардың алатын орны
2.3 Педагогикалық-психологиялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу
ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда «тұлғаға бағытталған» білімнің құнды негізі ретінде бала орын алады және де өзекті мақсат ретінде еркін, рухани, шығармашыл, адамгершіл тұлғаны — яғни мәдениет адамын қарастырады. Тұлғаның бойындағы басты мәселе — болашаққа ұмтылыс, өз мүмкіндіктерін еркін жетілдіре білу, өз-өзіне сенімділігін арттыру және идеалды «Мен құрамына қол жеткізу мүмкіндіктері».
Жаңа әлеуметтік мәдени ортада гуманистік парадигма психологиялық-педагогикалық ойлаудың басты идеясы болып табылады. Ол үшін тұлға бұл адамға ғана тән өзін-өзі өзектендіре білу мүмкіндігін болжайтын бірден-бір құнды жүйе. Адамның шығармашылық бостандығын мойындау қоғамның басты байлығы. Ал тұлға болса табылады да, өзінің ерік күші, қиялы, шығармашылығы мен бірбеткейлігінің арқасында өзін-өзі ұйымдастырудың әлсіз механизмдерін қолдап отырады [1].
А.Е.Леоньтев ойлауды зерттеуде фундаментальды мәселелерді жалпы психология іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л. Рубинштейн еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті.
П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды. Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде зерттей отырып психологиялық термин ерекшеліктерін ұсынғандар: А.Р.Лурия, Е. Блейлер, Г. Майер, Б.М. Теплов тб.
Б.М.Теплов ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекеттерде көрінетініне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын ерекшелігін айтты.
Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып отырады.
Ойлаудың ерекшеліктеріне: оның сөзге деген қатысы, ойлаудың мәселелігі, ойдың жалпыламалығы мен жанамалылығы. Ойлаудың сөзге деген қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік ойлау сөйлеуг етәуелсіз, ол сөз ойлауға бағыншсыз деп есептеді .Бұл тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді.
Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді, бихевиористер былай деді: біз іштей отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жасырын жұмыстары жүріп жатады. Ойлау дегеніміз дыбыссыз сөйлеу, ал сөйлеу дыбыстап ойлау.
Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу біірлікте деген қағида қуатталады; яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес [2].
Екінші жүйе сигналдарының ерекшеліктерін зерттей отырып (И.П.Павлов) зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1–ші сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын және әлдеқайда берік болатынын ашып көрсетті.
Ойлаудың мәселелігі- ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып бір нәрсені білгісі, сырын ашып түсінгісі келеді. Бір жасар баланың өзі жаңа әдеттегіден тыс затқа кезіксе таңданады. Бұл И. П. Павловтың айтуы бойынша “Бұл не?” рефлексіне негізделеді. Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы, оған мәселелік, ізденгіштік сипат береді. Бұл ойлау процесінің ең елеулі белгісі.
Ойлау міндеттер, мәселелер бар болғандықтан туады да белгісіздіктен, түсініксіздіктен белгілілікке, түсініктілікке қарай қозғалу болып есептеледі. Ізделінетін нәрсенің айқындығы әдетте жобалап шешуден, болжаудан көрінеді. Бұл ерекшелік балаларды оқыту практикасында кеңінен қолданылады.
Ойдың жалпыламалылығы- ой сөйлеуден көрінетіндіктен ол жалпылама сипатқа ие болады. Адам заттың қозғалысын, күйін сипатын сөзбен айта отырып жалпылай бейнелейді. Бұл сипат адамға қазіргі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Ойлаудың жанамалылығы-яғни ол сөзбен айтылады. Адамдардың көптеген ұрпақтары ашқан заң, ереже фактілер қорытындысы, байланыстар мен тәуелділіктер сөзбен беріледі. Бала бұл ілімдерді даяр күйінде алады [3].
Адамгершіліктік жеке тұлғаға бағытталған құралдар жүйесінің басты құндылығы шығармашылық-адамды мәдениетте дамыту тәсілі ретінде орын алады. Оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық бағыты тұлғаның бағытталған білімді адам өмір, мәдениет және тарих субъектісі ретінде қажеттіліктерін қанағаттандыру мен дамыту процесі негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда шығармашылыққа және шығармашыл индивидтары әлеуметтік түрде қажеттілік өте басым. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту қазіргі мектептердің маңызды міндеттерінің бірі. Өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылыс — бұл адамның барлық формасында да көрінетін бағыттаушы бастау болып табылады.
Шетел психологтары мен педагогтары Дж. Гилфордт, Е.П.Торренс, Л.Термен, Р. Стернберг, М.Воллахтың, сонымен қатар ресейлік зерттеушілер В.Л.Данилова, П.Я.Гальперин, З.И.Калмыкова, Д.Б.Богоявленский, Я.А.Пономарев, В.Н.Пушкин, В.Д.Шадриков, В.И.Дружинин, Н.В.Хозратованың шығармашылық ойлауға байланысты пікірлері теория жүзінде негізделді, ал бұл қасиетті жетілдіру мақсатындағы еңбектер даму үстінде. Шығармашылық іс-әрекеттің механизмдері мен табиғатын анықтауға көп көңіл бөлінуде Мақсатты түрде шығармашылықты дамытуға бағытталған зерттеулер алдыңғы қатарлы психологтар мен педагогтар, шығармашылық ойлаудың қалыптасуына ықпал етуші негізгі шарттарды бөліп қарастырады:
-білімді жекелендіру;
— зерттеушілікке оқыту;
— мәселелік бағыт [4].
Ойлау- дүниенің сырын ұғыну үшін, заттармен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек түсіну үшін, күрделі мәселелер мен істерді шешу үшін қажет. Ойлаудың қамтитын шеңбері, ауқымы, ойлау шеңбері әр адамда әр түрлі дамыған, яғни бірдей емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, ал сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады. Нәрестенің тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады, айналасындағы дүниені 1-ші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын соншалықты кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы ересектермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау щеңбері кеңейетін болады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамның психикасында да үлкен торын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегеннін екіншісі біліп , ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кезден байқаған, мәселен, ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген мақалынан-ақ байқау қиын емес. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процес боллып табылады. Адам ойлауының мазмұнын білмейтін – обьективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын- оның қажеттері.
Ойлау шеңбері неғұрлым кең болса, солғұрлым дүниені танып білу оңайға түседі. Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу деген сөз. Бір нәрсенің мәніне түсіну үшін, оның себебін білу керек. Мектеп жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін түсіне алмау, математикалық есептерді есептеуде ойлана алмау фактілері жиі кездеседі. Мұндай жағдайларды ескере отырып мектеп жасындағы балалардың әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалардың, логикалық ойлауын дамытқан жөн. Дамыта отырып, ерекшеліктерін де бақылап отыру қажет.
Мәселелік оқыту теориясы мен технологиясы төңірегіндегі сұрақтарды шешумен А.В.Бруменский, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, М.И. Махмутов, В.Оконь, Т.В.Кудрявцев т.б. айналысты.
Шығармашылық ойлауды дамытуда мәселелік жағдаяттарды қолданудың үлкен мүмкіндіктері бар. Математика мүлдем саннан емес, мәселеден, жұмбақтан басталады. Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық ойлауы даму үшін, оның таң қалу мен қызығушылығы пайда болу қажет және де адамзаттың танымдық жолын қайталауы мен бекіту, қажеттілікті бар ынтасымен қанағаттандыруды қажет. Тек қана қиындықтарды жеңе отырып, мәселені шеше отырып, бала шығармашылық әлеміне ене алады [5].
Сондықтан қазіргі таңда шығармашылық тұрғыдан ойлауды жетілдіруге математика сабақтарында мәселелік жағдаяттарды қолданудың мүмкіндіктерін ашуды негізге ала отырып, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері» деп белгіледік.
Зерттеу мақсаты- шығармашылық ойлаудың даму деңгейін арттыруға бағытталған түрлі мәселелік дәрежедегі тапсырмалар жүйесін құру.
Зерттеу нысанасы- математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық ойлауының дамуы.
Зерттеу пәні- бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту құралы ретінде мәселелік жағдаяттар
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектеп оқушыларының математика сабақтарында әртүрлі дәрежедегі мәселелерге қатысты тапсырмалар қолдану жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда шығармашылық ойлауының даму деңгейі мұғалім-оқушы қарым-қатынасы барысында артып отыратын еді.
Зерттеу міндеттері:
1) зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау;
2) мәселелік оқытудың мәнін және бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауын дамытудағы маңызын анықтау;
3) бастауыш мектептің математика сабақтарында мәселелік оқытуды жүзеге асыру ерекшеліктерін талдау;
4) оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда мәселелік оқытудың ықпалын анықтау;
Зерттеудің теориялық -әдіснамалық негізі: Ойлау жөніндегі теориялар мен зерттеулер (Обухова Л.Ф, Калмыкова З.И, Рубинштейн С.Л.); мәселелік оқыту теориясы мен технологиясы жөніндегі еңбектер мен тұжырымдар (А.В.Бруменский, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, М.И. Махмутов, В.Оконь, Т.В.Кудрявцев).
Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау, тестілеу, эксперимент (анықтаушы, қалыптастырушы).
Зерттеудің теориялық мәнділігі- бастауыш мектеп жасындағы балалардың шығармашылық тұрғыдан ойлауының даму мәселесіне теориялық және әдістемелік талдау жасалынып, баланың шығармашылық тұрғыдан ойлауының қалыптасу шарттары анықталуында.
Зерттеу практикалық маңыздылығы- зерттеу нәтижелерінің негізінде шығармашылық ойлауының даму деңгейі әр-түрлі оқушыларда мәселелік дәрежесі әртүрлі болып келетін тапсырмалар жүйесін құрастырып қолданылуында.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы № 12 Панфилов атындағы орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1 -библиография түзу, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, зерттеу жұмысының тақырыбын бекітіп, өзектілігін, мақсат- міндеттерін, болжамын айқындау.
2 — зерттеу жұмысының практикалық бөлімі мектеп базасында іске асырылды.
3 — эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және жалпылау.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.2 Шығармашылық ойлау туралы түсінік

Барлық психикалық процестердің ішінде «ой» ең күрделісі болып табылады.
Ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың дүниедегі нәрсе, заттардың жалпы және жанама бейнеленуі.
Ойлау адамдардың өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеті нәтижесінде пайда болады және тікелей сезім процестерінің шеңберінен әлдеқайда асып кетеді. Түйсік пен қабылдаусыз ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері алған мәліметтерді өңдейді.
Ой – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелендірудің ең жоғарғы формасы. Сөз – ой жеткізу құралы. Сөз бен ойдың бірлестігі арқасында адам психикасы жоғарғы дәрежеде дамыды. Ойлау тек адамдарға ғана тән. Ойлаудың заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар – логика мен психология.
Ойлаудың физиологиялық негізі И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесіне байланысты түсіндіріледі.
Ойлау мәселесін қарастырған А. А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Ойлау іс-әрекетінде ассоциацияларды көп қолдану арқылы ойлау есептерін шығаруға үлкен септігін тигізетіні басты себеп болып табылады [6].
Ойлауды зерттеуде Вюрцбурлық мектептің негізін қалаушылар О. Кюльпе, К. Бюллер көп ұсыныстар жасады. О. Кюльпе «Ойлау психологиясы» еңбегінде ойлау мен ерікті интроспекция әдәсә арқылы зерттеді. А. Леонтьев ойлауды зерттегенде іргелі мәселелерді жалпы іс-әрекеттер теориясынан бастады.
Ал мектеп өкілдері Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц ойлау процесінің психологиялық механизмдерін түсіндірді. Әсіресе Н. Ах «детерминациялық тенденциялар» тұжырымдымысын шығарып, негіздеді яғни, себептендіру теориясы.
О. Зельц идеясы бойынша ойлау –интеллектуалдық операциялардың қызмет етуі болып табылды. Ол міндетті шешу мен тәсілдерді сипаттауда үш ұғым енгізді: арнайы реакция, операция, әдіс. О. Зельц репродуктивті және продуктивті ойлау түрлерін эксперименттік тұрғыдан зерттеді.
Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин секілді гештальтпсихологияның өкілдері ойлаудың құрылымы мен шығармашылық астарын зерттеді. Олар тұтас құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастарды бірден ұғынуды «инсайт» деп атады.
Ойлаудың когнитивтік психологиясы тұрғысынан (көрнекті өкілі У. Найссер) зерттеуде адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады.
Рубинштейн С. Л. еңбектерінде ойлаудың заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті. П. Я. Гальперин ойлау процесін нақты эксперименталды зерттеу бағытына тоқталды [7].
Адамның өз өмір- тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат –мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып – толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтары бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика- бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін- бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді [8].
Психологияда шығармашылық ойлауды көбінесе «креативтік» терминімен байланыстырады. XX ғасырдың 60-шы жылдары ойлаудың осы түрін жекелеп қарастыруға интеллект пен мәселелік жағдаяттарды тиімді түрде шешудің арасында байланыстың жоқтығы түрткі боолды. Қорытынды пікірлер бойынша, соңғы мәселе берілген тапсырманы жылдам ырғақпен әр-түрлі дәрежеде қолдана білу қабілетіне байланысты болатындағы анықталды. Ойлаудың мұндай түрін (Дж. Гилфорд, Н.Марш, Ф.Хеддон, Л.Кронбаж, Е.П. Торренс) креативтілік деп атады және де оны интеллектіден дербес түрде зерттей бастады — қандай да бір жаңаны ашумен немесе жасаумен байланысты ойлау түрі ретінде қарастырды.
Креативтік деңгейін анықтау үшін Дж. Гилфорд гипотетикалық интеллектуалды қабілеттердің 10 түрін жіктеді:
1) ой ұшқырлығы — уақыт бірлігінде пайда болатын пікірлердің саны;
2) түпнұсқалық – бір пікірден екіншісіне алмаса білу қабілеті;
3) түпнұсқалық — танымал көзқарастардан айырмашылығы бар ой-пікірлер жасай білу қабілеті;
4) білімге құмарлық – қоршаған әлемдегі проблемаларға сезімталдық;
5) болжам жасауға қабілеттілік;
6) ирреалдылық — реакцияның стимулдан қисынды тәуелсіздігі;
7) қиялшылдық — стимул мен реакция арасында қисынды байланыс болған жағдайда, жауаптың ақиқаттан толығымен алшақ болуы;
8) проблемаларды шешуге қабілеттілік, яғни талдау мен жинақтауға қабілеттілік;
9) нысаны қосымша бөлшектер қоса отырып жетілдіре білу қабілеті;
10) тағы сол сияқты.
Е.П.Торренс креативтілікті сипаттайтын төрт негізгі көрсеткішті жіктейді:
— жеңілдік-мәтіндік тапсырмаларды орындау жылдамдығы;
— икемділік-жауаптар барысында нысаналардың бір тобынан екіншісіне
алмасу саны;
— түпнұсқалық — берілген жауаптың біркелкі топқа ең төменгі жиілігі;
— тапсырманы орындау дәлдігі [9].
Шетел психологиясында креативтік деп аталатын ойлаудың ерекше түрі қазіргі таңда ағылшын-американдық ғалымдармен ауқымды түрде зерттелуде, дегенмен бұл қасиеттің мән-мағынасы толығымен анықтала қойған жоқ.
Отандық психология төңірегінде де адамның шығармашылық ойлауының мәселелері кең түрде қарастырылуда. Ол өнімді ойлау мәселесі ретінде қойылады. Психологтардың пайымдауынша, кез-келген ойлау процессінде продуктивті және репродуктивті компоненттер көздеді. Шығармашылық ойлаудың мән-мағынасын олуға, шығармашылық іс-әрекеттің механизмдері мен шығармашылық ойлаудың табиғатын анықтауға көп көңіл бөлініде.
И.Я.Лернер шығармашылық ойлауды оның нәтижесіне қарай сипаттайды. Оқушылар шығармашылық барысында өздерінің жекелігін көрсете отырып, субъективті жаңаны жасайды.
Д.Б.Богоявленскаяның пікірі бойынша, шығармашылық дегеніміз-қойылған мәселенің арғы жағындағыны білуге ұмтылыстан көрінетін, жайдайлық ынталандырылмаған белсенділік болып табылады.
Н.А Дружинин бойынша, шығармашылық ойлау – бұл білімдерді жетілдірумен байланысты ойлау түрі (мұнда қиялды елестетуді, болжамдардың жасалуын келтіреді). Я.А. Пономарев бойынша шығармашылық ойлаудың мәні интеллектуалды белсенділік пен және өз іс-әрекетінің қосымша өнімдеріне сезімталдылықпен байланыстырады.
Я.А.Пономарев, В.Н.Дружинин, В.Н.Пушкин және тағы да басқа отандық психологтар ойлаудың басты қасиеті ретінде мақсат (ниет, бағдарламалар) пен нәтиженің сәйкес келмеуін қарастырады. Шығармашылық ойлау жүзеге асыру барысында пайда болады және шығармашылық нәтижесі болып табылатын «қосымша өнімнің» туындауымен байланысты.
Шығармашылық актінің қасиеттерін көрсете отырып, барлық зерттеушілер оның бейсаналылығын, ерік пен ақылға бағынбайтындығын, сонымен қатар сана күйінің өзгеріштігін нақтылайды.
Шығармашылық ойлаудың екінші қасиеті-кездейсоқтық, сыртқы жағдайлық себептерден тәуелсіздігі болып табылады.
Осыған байланысты шығармашылық ойлаудың басты ерекшелігі индивидтің белсенділігін тудыратын психикадағы орындалу процесінің өзгешелігімен байланысты.
Екінші бір мәселе — өнімді шығармашылық ретінде бағалау. Мұнда әлеуметтік критерийлер күшіне енеді: жаңалық, мағыналылық, түпнұсқалық және тағы да басқа.
Шығармашылық ойлаумен екі тұлғалық сапа байланысыпр жатыр: ізденіс мативациясының жиілігі мен ойлау процвесінде пайда болатын қосымша құрыымдарға сезімталдық [10].
Ойлау әрекетінің өлшем бірлігі ретінде Я.А.Пономарев тапсырмаларды орындау барысында басымдылық көрсететеін деңгейлердің әртүрлілігін қарастыруды ұсынады.
И.Я Лернердің пайымдауынша, шығармашылық ойлаудың негізін келесі қасиеттер белгілейді: білімдер мен іскерліктерді жаңа жағдайға өз бетінше алмастыра білу; үйреншікті шарттарда жаңа мәселелерді көре білу; таныс нысананың жаңа қызметін көре білу; зерттелетін нысананың құрылымын көре білу; ізденіс барысында шешімге, бағытқа баламаны таңдай білу; шешім қабылдау тәсілдерін жаңа тәсілдерге ауыстыра білу және де қайталанбас шешім қабылдау тәсілін жасай білу іскерлігі. Осы қасиеттерді меңгере келе, табиғи қасиеттер мен ынта-талапқа қатысты деңгейге дейін дамытуға болады.
Дегенмен аталған қасиеттерге бір қабілет тән келеді – «олар ақпарат алмасу немесе әрекетті көрсету барысында меңгерілмейді, қандай да бір шығармашылық қасиеттердің көрінуін талап ететін мәжбүрлі іс-әрекетті орындаумен ғана белгілеуге болады»…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!